Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Д. Аманжолов  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің



Pdf көрінісі
бет17/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   216
Байланысты:
СБОРНИК-6-апреля

Д. Аманжолов  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің 
студенті; 
       Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің  құқықтану  кафедрасының  аға  оқытушысы,  заң  ғылымдарының  магистрі 
Ж. Б. Досов. 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Мұрагерлік  —  қайтыс  болған  адамның  мүлкі  мен  мүліктік  құқықтарының  мұрагерге  ауы-
суы. Мұрагерлік өсиет заң бойынша жүзеге асырылады. Кісі мүлкін бір немесе бірнеше адамға 
тұтастай немесе бір бөлігін ғана қалдыра алады. Мұрагерлік  — құқық  қатынастарының  пайда 
болуының  негізі  мұрасы және мұраның бірден-бір критериі — меншік
1

Конституциямыздың  26-бабының  1-тармағында  «Қазақстан  Республикасының  азаматтары 
заңды  түрде  алған  қандай  да  болсын  мүлкін  жеке  меншігінде  ұстай  алады»  деп  мүлікке  жеке 
меншік  нысанын  заңмен  бекіткен.  Аталған  баптың,  2-тармағында  «меншік,  оның  ішінде  мұра-
герлік  құқығына  заңмен  кепілдік  беріледі»  деп  көрсетілген.  Біздің    жыл    санаумызға    дейінгі  
(б.ж.д)  16-9  ғасырларда  мұрагерлік  құқығының,  оның  ішінде,  «заңды  мұрагерлік»  және  «өсиет 
бойынша мұрагерлік» деген ұғымның болғандығын растайтын дәлелдер Ежелгі Мысыр ескерт-
кіштерінен табылған. Бұл ескерткіштерден мұра қалдырушы өзінің заңды мұрагерін белгілі се-
бептер болған жағдайда мұрадан шектей алатындығын көруге болады. Мұнда бірінші дәрежелі 
мұрагерлер  —  мұра  қалдырушының  балалары  болмаған  жағдайда,  екінші  дәрежедегі  заңды 
мұрагерлері — бауырлары арасында мұра тең бөлінген. Құл иеленушілік кезеңінде ең дамыған 
мұрагерлік  құқығы  б.ж.д  6-шы  ғасыр  мен  біздің  жыл  санауымызша  (б.ж)  5-ғасырлар  арасында 
жазылған  Рим  құқығы  бүгінгі  таңдағы  азаматтық  құқығының  негізі  десек  дұрыс  болар.  Рим 
құқығында мұрагерлер, заң немесе өсиет бойынша мұрагер болған. Осылайша, Рим құқығында 
өсиет бойынша мұрагерлік болған жерде  заңды  мұрагерлікке  жол   бермеген. Бұл құқықта да 
өсиеттің  нысаны  ашық  түрде  болғандықтан,  мұра  қалдырушы  халық  алдына  шығып,  өсиетін 
жариялаған. 
Біздің  жыл  санаумызша,  6-шы  ғасыр  мен  14-ші  ғасырлар  арасындағы  феодалдық  кезеңде 
мұрагерлік құқығы айтарлықтай даму көрсетпеген. Бұл кезеңде жерге қатты негіз бергендіктен, 
жерді мұрагерлер арасында бөлмеген, майорат жүйесі (системасы) бойынша жерді ең үлкен ұлы 
иеленіп  отырған.  Мұнымен  бірге  діннің  әсерінен  мұрагерлер  арасында  теңдік  болмаған, 
әйелдердің құқығы еркектерден азырақ болған
2

Өсиет бойынша мұрагерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1046-бабына 
сәйкес:  азаматтың  ол  қайтыс  болған  жағдайда  өзiне  тиесiлi  мүлiкке  билiк  ету  жөнiнде  өз 
ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады. Азамат өзiнiң барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн 
заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондайақ заңды  
тұлғаларға  және  мемлекетке  өсиет  етiп  қалдыра  алады.  Өсиеттi  өзi  жасауға  тиiс.  Өкiл  арқылы 
өсиет жасауға жол берiлмейдi. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагер-
лердiң  бiреуiн,  бiрнешеуiн  немесе  барлығын  мұрадан  айыруға    құқылы.  Егер  өсиеттен  өзгеше 
туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк 
етушi ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра қалдырушы кез келген мүлiк туралы өкiмдi қамтитын 
өсиет  жасауға  құқылы.  Мұра  қалдырушы  жасалған  өсиеттiң  оны  жасағаннан  кейiн  кез  келген 
уақытта  күшiн  жоюға  және  өзгертуге  ерiктi  және  күшiн  жоюдың  немесе  өзгертудiң  себебiн 
көрсетуге мiндеттi емес. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1060-бабына сәйкес заңды мұрагерлiк: 
Заң бойынша мұрагерлер Азаматтық кодекстiң 1061, 1066-баптарында көзделген кезек тәр-
тiбiмен мұрагерлiкке шақырылады. 
Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және 
екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi. 
Заң  бойынша  мұрагерлердiң  әрбiр  келесi  кезегi  алдыңғы  кезектегi  мұрагерлер  болмаған, 
оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы ко-
декстiң  1074-бабының  5-тармағында  аталған  жағдайларды  қоспағанда,  мұрагерлiк  құқығын 
алады. 


29 
Азаматтық кодекстiң заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi тура-
лы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра 
ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай ке-
лiсiм  оған  қатыспайтын  мұрагерлердiң,  сондай-ақ  мiндеттi  үлеске  құқығы  бар  мұрагерлердiң 
құқықтарын қозғамауы тиiс. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1072-бабында көзделгендей, егер мұра-
гер кейiн мұрадан бас тартпаса (осы кодекстiң 1074-бабы), мұрагерлiк құқығынан айырылмаса 
(Азаматтық  кодекстiң  1045-бабы)  және  оны  мұрагер  етiп  тағайындау  туралы  өсиеттiк  өкiмдi 
жарамсыз деп танудың салдарынан мұрагерлiк құқығын жоғалтпаса (Азаматтық кодекстiң 1056-
бабы), ол мұра ашылған уақыттан бастап өзiне тиесiлi мұраға немесе оның бiр бөлiгiне (үлесiне) 
құқық алады
3

Құқық  туралы куәлiк беру туралы Азаматтық кодекстің 1073-бабында былай делінген: 
Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық ту-
ралы куәлiк беруге мiндеттi. 
Мұрагерлiкке  құқық  туралы  куәлiк  мұра  ашылған  күннен  бастап  алты  ай  өткеннен  кейiн 
берiледi. 
Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұ-
раған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық 
деректер болмаса, куәлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн
4

Азаматтық  кодекстің  заң  бойынша  мұрагерді  мұрагерлікке  шақырудың  кезектілігі  туралы 
және  олардың  мұрадағы  үлестерінің  мөлшері  туралы  ережелері  мүдделі  мұрагерлердің  мұра 
ашылғаннан  кейін  жасалған  әрі  нотариат  куәландырған  келісімімен  өзгертілуі  мүмкін.  Алайда 
мұндай  келісім  оған  қатыспайтын  мұрагерлердің,  сондай-ақ  міндетті  үлеске  құқығы  бар  мұра-
герлердің құқықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс. Айтылғандарды жинақтай келе: 
- өсиет қалдырушының өсиет қалдырмауынан немесе өсиеттің жоқ болуы салдарынан; 
- мұрагер өсиетте көрсетілген мұрадан бас тартса немесе қабылдамаса; 
өсиет бойынша мұрагер мұрагерліктен шеттетілсе, яғни ол лайықсыз мұрагер деп танылса; 
- өсиетте мүліктің бір бөлігі ғана өсиет етілсе; 
- өсиет ішінара немесе толығымен дұрыс болмаса; 
мұра  қалдырушы  өсиет  қалдырмас  бұрын  мұрагері  қайтыс  болса,  заңды  мұрагерліктің  ке-
лесі жағдайларда пайда болатынын анықтауға болады. 
Іс  жүзінде  заңды  мұрагерлік  өсиет  бойынша  мұрагерліктің  балама  түрі  болып    табылады. 
Оның  өсиет  бойынша  мұра  қалдырудан  айырмашылығы  сонда,  өсиет  бойынша  мұрагерлікте 
мұрагерлерді тану және олардың өзара мүлікті бөлісу тәртібін өсиет қалдырушы белгілейді. Ал 
заңды мұрагерлік негізінде пайда болатын мұрагерлік құқық заңда белгіленген тәртіпке сәйкес 
жүзеге асырылады. 
Сонымен қатар, мұрагер мен мұра қалдырушының туыстық қатынастары: 
- АХАЖ органдарының куәлігімен; 
- метркелік кітапшалардан алынған көшірмелер арқылы; 
-  туыстық  қатынастар  фактісін  белгілеу  туралы  заңды  күшіне  енген  сот  шешімімен 
анықталады. 
Мұрагерлік  кезек  тәртібі  Азаматтық  кодекстің  баптарына  сәйкес  жүзеге  асырылады.  Заң 
бойынша  мұрагерлердің  бірінші  кезегімен  мұраны  мұра  қалдырушының  балалары,  ол  қайтыс 
болғаннан кейінгі кезде көзі тірі болған балалары, мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы 
тең  үлеспен  алады.  Негізінен,  мұрагерлік  мүлік  мұра  қалдырушының  жақын  туыстарына  ауы-
сады.  Мұра  қалдырушының  жақын  туыстары  деп,  мұра  қалдырушының  балаларын,  жұбайын, 
ата-анасын,  асырап  алушыларды,  асырап  алған  балаларын,  әке-шешесі  бір  және  әке-шешесі 
бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары), ата-әже, немерелерін айтады. 
Көріп отырғанымыздай, мұра қалдырушының балалары бірінші кезекке еніп отыр. Егер ата-
ананың некесі заңды деп танылса, онда балалары әкесінің және шешесінің заңды мұрагері болып 
есептеледі. Заңсыз некеден туылған балалар шешесінің (егер іс-әрекеттері заңға қайшы келмесе) 
мұрагері бола алады. Ал әкесінің мұрагері деп, егер ата-анасының бірге жазған арызы негізінде 
неке органынан немесе әке болуды тану фактісі сотта дәлелденген ретте ғана танылады
5



30 
Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  Кодексінің  1080-бабына  сәйкес,  мұраны  қабылдап 
алған  немесе  ие  болған  мұрагер  мұралық  мүлік  есебінен  мынандай  шығындарды  жұмсауға 
құқылы: 
1) мұра қалдырушы ауырған кезде оны күту, сондай-ақ оны асырау шығындарына; 
2) мұра қалдырушының қарауында болған азаматтарды асырау шығындарына; 
3) жалақы жөніндегі талаптар мен соған теңестірілген талаптарды қанағаттандыруға; 
4) мұралық мүлікті қорғау және оны басқару шығындарына. 
5) сонымен қатар, мұраға ие болу туралы куәлік берілгендігі үшін заң бойынша белгілі-бір 
мөлшерде  баж  салығы  төленеді.  Баж  салығының  мөлшері  мұралық  мүліктің  тұратын бағасына 
байланысты есептеледі. Бұл салықтан мына мұралық мүліктер босатылады: жеке қауіпсіздендіру 
шарты бойынша қауіпсіздендіру сомасы, кредиттік ұйымдардағы ақшалар жинағы, мемлекеттік 
займ облигациялары, авторлық ақы сомалары. 
Өсиет хат жазатын адам мен мұра қалдыра алатын адамның заңды статусы бөлек: 
1)  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексіндегі  1046-баптың  1-бабының  1-тармақ-
шасына  сай  ақыл-есі  дұрыс,  қандай  да  бір  әрекетке  қабілетті,  өзінің  азаматтық  міндеттерін 
білетін және азаматтық құқығын орындата алатын адам ғана өсиет хат жаза алады. 
2) Мұра қалдырушы – қартайса да, сырқаттанып жатса да, ақыл-есі орнында болмаса да мұ-
ра қалдыра алатын адам. Қандай да бір мүлік ол көз жұмғаннан кейін ғана мұра болып саналады. 
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №31 бұйры-
ғына сәйкес мұра мен өсиет хатты Әділет министрлігінде тіркелген нотариус рәсімдей алады. 
Азаматтық заңдар бойынша мұраны қабылдауда қолданылатын тәсілдер:
 
мұрагер мұралық 
мүлікті иелену немесе басқаруға іс жүзінде кіріскенде; мұра қабылданғаны туралы мұра ашыл-
ған  жердегі  мемлекеттік  нотариалдық  кеңсеге  жазбаша  арыз  бергенде.  Арыз  мұра  қалдыру-
шының  соңғы  түпкілікті  тұрғындағы  нотариалдық  кеңсеге  жіберіледі.  Онда  арыз  беруші  адам 
өзінің  атын,  тегін,  әкесінің  атын  және  тұратын  жерін  толық  көрсетуі  керек  (заңды  мұрагердің 
мұралық  мүлікті  иеленуге  немесе  басқаруға  кірісуі  мұра  ашылғаннан  кейін  6  айдың  ішінде 
жүзеге асырылуы тиіс).
 
Сонымен қатар, арызда мұрагер мұра қалдырушының мүлкін қабылдайтынын, қайтыс бол-
ған  адаммен  туысқандық  қарым-қатынасын,  мұраның  ашылған  уақытын,  мұра  қалдырушының 
соңғы түпкілікті тұрағын, мұралық мүлікті және басқа да мұрагерлер туралы көрсетеді. 
Мемлекеттік нотариус түскен арызды қабылдап, мұрагерлік туралы кітапқа тіркеуге міндет-
ті. Арызды мұрагер нотариалдық кеңсеге өзі келіп немесе почта арқылы жіберуіне болады. Егер 
арыз  почта  арқылы  жіберілген  болса,  онда  арызға  қойылған  қолдың  дұрыстығы  нотариалды 
куәландырылуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет