43
- егер тұлға сотталған жаза мерзімін толықтай өтемей-ақ, болашақта қылмыстық әрекеттерге
бармайды, – деген тұжырымға келсе (Австрия, Парагвай, Германия Қылмыстық Кодексі (әрі
қарай - ҚК));
- егер де оның үлгілі тәртібі және қоғамға келтірген зиянын өтеуі есебінен әрі қарай жазаны
өтеу орнында ұстаудың мәні болмаса (Англияның ҚК-і);
- егер оны тәрбиелеу мақсаты жүзеге асырылған болса (Албанияның ҚК-і);
- егер де осы сұрақты шешуге міндетті орган: белгілі сотталған адам өзін жақсы ұстап,
жағымды жақтарын көрсетіп және бостандыққа шыққаннан кейін арнайы нұсқауларды орындай
алады, – деген тұжырымға келсе (АҚШ-тың көптеген штаттары);
- егер де сот сотталған адамның жазасын толықтай өтеуін қажет деп таппаса; (ТМД
мемлекеттерінің көпшілігі).
Кейбір мемлекеттерде, осы мәселені қарау барысында, бірнеше елдердің критерилері сәйкес
келуі мүмкін. Көп жағдайда, сотталған адамның моральдық ұстанымдары, жеке көзқарастары,
тұлғалық қасиеттері, сотталғанға дейінгі өмірі, жасаған қылмысының мән-жайлары, жазаны өтеу
кезіндегі тәртібі және де босағаннан кейін қылмысқа қайтадан баруы қаншалықты мүмкін
екендігі ескеріледі.
Латвия, Литва, ТМД мемлекеттерінің ҚК-і бойынша өтелуге міндетті жаза мөлшері жасал-
ған қылмыстың сатысына байланысты болады. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 72-бабы 3-бөлі-
гіне сәйкес мына қылмыс сатыларына жазаның кемінде келесі бөлігін өтеу талап етіледі: онша
ауыр емес немесе ауырлығы орташа – үштен бірін, ауыр қылмыс – жартысын, аса ауыр қылмыс
– үштен екісін өтегеннен кейін.
Ал көптеген мемлекеттерде, жасалған қылмыс сатысына байланысты емес, шартты түрде
мерзімінен бұрын босату алу үшін өтелуге міндетті жаза мерзімдері заң шығарушы тарапымен
бекітілген: Италияда 30 ай, Австрияда 3 ай,
Венгрияда, Данияда 2 ай, Швецияда 1 ай.
Жазаның атауына қарамастан, көптеген мемлекеттер заңнамасы өмір бойы бас бостанды-
ғынан айырылуға сотталғандардың да шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуын қарасты-
рады. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 72-бабы 6-бөлігіне сәйкес, өмір бойына бас бостанды-
ғынан айыруды өтеп жатқан адам, егер сот оның бұл жазаны одан әрі өтеуін қажет етпейді деп
таныса және ол бас бостандығынан айырудың кемінде жиырма бес жылын іс жүзінде өтесе, егер
процестік келісімнің барлық талаптарын орындаса, он бес жыл іс жүзінде өтегеннен кейін
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның бостандыққа шыққаннан кейінгі өмі-
рінің бастапқы бөлігі үздіксіз болмаса да, белгілі дәрежеде бақыланып отыруы керек. Сол үшін
арнайы қызмет ететін пробациялық бақылау институтын де атап өтуге болады
2
.
Өкінішке орай, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар арасында да қайтадан қыл-
мысқа баратындар аз емес. Бұл құқықтың институттың тиімсіздігінде ме, әлде
потенциалды қыл-
мыскердің өзгеруді қажет санамауында ма? Бұл сұрақ ашық болып қала береді.
Мысал ретінде, елімізде 2017 жылы болған, қоғамдық резонанс тудырған жан түршігерлік
қылмысты атап өтуге болады. Такси жүргізушісі бойжеткен қызды зорлап, өлтіріп кеткен
болатын. Кейін сот барысында, айыпталушының осыған дейін екі рет қылмыстық жауаптылыққа
тартылып, соның біреуінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды.
Бұның барлығы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға деген кез келген үміткердің
бейморальдық мінез-құлықтан айырылуы жолында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі тара-
пынан да, сотталушы және қоғам мүшелері арасында да саналы түрде шартты түрде мерзімінен
бұрын босатылғандарды қабылдауға бағытталған әрекеттер жүйесі және түрткі болар алғы-
шарттар пайда болуы керек. Адаптация процесі түпкілікті мақсатына жету үшін социум мен
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар шынайы түрде бейімделуге мүдделі болуы
керек.
1
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі №226-
V ҚРЗ).
2
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (жалпы бөлім): Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2007.