Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі м. БӨкенбаев атындағы ақТӨбе заң институты


Ахмедияр М.  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің



Pdf көрінісі
бет24/216
Дата06.01.2022
өлшемі7,29 Mb.
#15950
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   216
Ахмедияр М.  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің 
экономика және құқық факулътеті, құқықтану мамандығының 3-курс студенті;  
       Ғылыми 
жетекшісі  —  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік 
университетінің  құқықтану  кафедрасының  аға  оқытушысы,  заң  ғылымдарының  магистрі 
Л. А. Мұрсалова. 
ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТУ 
Қылмыс жасаған адамның жазасын толығымен өтеуі міндетті емес деп танылған жағдайда, 
сөзсіз,  жалт  басқан  бұл  қоғам  мүшесінің  қалыпты  орта  мен  тұрғылықты  өмір  жайына  бейім-
деліп, социумға сіңіп кетуін жүзеге асыру — расында да, назар аударар мәселе.  
Осы  қадамдарды  іске  асыру  құралдарының  бірі  шартты  түрде  мерзімінен  бұрын  босату 
болып  табылады.  Қаншалықты  маңыздылығы  жоғары,  әрі  қарауды  қажет  ететін  мәселе  екен-
дігіне көз жеткізу үшін Қылмыстық Кодекске және өзге де заңдарға жеңіл шолу жасап өтейік. 
Ең әуелі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Жаза-
ны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым 
жеңіл түріне ауыстыру туралы» №10 нормативтік қаулысын атап өткен жөн. №10 нормативтік 
қаулының  9-тармағына  сәйкес  жазаны  өтеуден  мерзімінен  бұрын  шартты  түрде  босату  түзеу 
жұмыстары,  бас  бостандығынан  шектеу,  әскери  қызмет  бойынша  шектеу,  тәртіптік  әскери 
бөлімде  ұстау  және  бас  бостандығынан  айыру  түріндегі  жазаларды  өтеп  жүрген  адамдарға 
қатысты қолданылуы мүмкін. Қоғамдық  жұмыстарға тарту, айыппұл, белгілі бір лауазымдарда 
істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаларды өтеп жүрген 
сотталған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға жол берілмейді
1

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (әрі  қарай ҚР  ҚК) 72-бабы бойынша, 
егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын 
болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды 
осы  баптың  үшінші,  төртінші  және  бесінші  бөліктерінде  көрсетілген  мерзімдерді  іс  жүзінде 
өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн. 
Алғаш рет жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату 1885 жылы Францияда 
орын  алған.  Қазіргі  уақытта  бұл  институт  көптеген  мемлекеттердің  заңнамасында  қарасты-
рылған. 
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату секілді құқықтық бағыттың негізі 
ретінде гуманизм принциптерін атап кетуге болады.  
Қазақстан  Республикасының  ҚК-нің  39-бабының  2-тарауына  сәйкес,  жазаның  4  мақсаты 
бар: әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның, 
тағы басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу. Атал-
ған  осы  мақсаттардың  барлығы  дерлік,  тағайындалған  жазаны  соңына  дейін  өтегенше  жүзеге 
асырылған болып табылса, әрі қарай өтеуде (жазаны) ешқандай да мән қалмайды. Шартты түрде 
мерзімінен бұрын босату сотталғандардың қайта тәрбиеленуінде маңызды рөл ойнайды.  
Қазақстан  Республикасында  және  ТМД  мемлекеттерінде  шартты  түрде  мерзімінен  бұрын 
босату  түзеу  жұмыстары,  әскери  қызметте  шектеу,  бас  бостандығын  шектеу  секілді  жазаны 
өтеушілерге  қатысты  қолданылады.  Ал  әлемнің  көптеген  мемлекеттерінде  тек  қана  әртүрлі 
көріністегі бас бостандығын шектеуге жазаланғандарға қатысты қолданылады. 
Кезекті шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға үміткердің көзқарастарының қаншалықты 
өзгергеніне қарай бейморальды ұстанымдары болған жағдайда, олардан бас тартқандығына көз 
жеткізген  соң,  арнайы  мамандардың  кірісуімен  психологиясы  объективті,  әрі  жан-жақты  зерт-
теулерден өткеннен кейін сотталған адамның түзелгені туралы тұжырым беруге болады. Әр елде 
осындай  көрсеткіштерге  қойылар  критерийлер  әртүрлі  болып  келуі  мүмкін.  Мысалға,  ҚР-да 
сотталған  адамның  тәртібіне  баға  беру  кезінде,  жазасын  өтеген  қылмыстық-атқару  жүйесі 
мекемесінің  талаптарын  қаншалықты  толық  орындағандығы,  мекеме  бойынша  адамдармен 
қарым-қатынасы,  мекеме  әкімшілігі  тарапынан  қойылатын  талаптардың  орындалуы,  жақында-
рымен қарым-қатынастарының деңгейі секілді көрсеткіштер назарға алынуы мүмкін.  
Заманауи  мемлекеттердің  ұлттық  құқық  жүйесінде  жазаны  өтеуден  шартты  түрде  мерзі-
мінен  бұрын  босату  үшін  қойылатын  критерилер    арасында  үлкен  айырмашылықтар  бар  және 
олардың құрылуы келесідей: 


43 
- егер тұлға сотталған жаза мерзімін толықтай өтемей-ақ, болашақта қылмыстық әрекеттерге 
бармайды,  –  деген  тұжырымға  келсе  (Австрия,  Парагвай,  Германия  Қылмыстық  Кодексі  (әрі 
қарай - ҚК)); 
- егер де оның үлгілі тәртібі және қоғамға келтірген зиянын өтеуі есебінен әрі қарай жазаны 
өтеу орнында ұстаудың мәні болмаса (Англияның ҚК-і); 
- егер оны тәрбиелеу мақсаты жүзеге асырылған болса (Албанияның ҚК-і); 
-  егер  де  осы  сұрақты  шешуге  міндетті  орган:  белгілі  сотталған  адам  өзін  жақсы  ұстап, 
жағымды жақтарын көрсетіп және бостандыққа шыққаннан кейін арнайы нұсқауларды орындай 
алады, – деген тұжырымға келсе (АҚШ-тың көптеген штаттары); 
-  егер  де  сот  сотталған  адамның  жазасын  толықтай  өтеуін  қажет  деп  таппаса;  (ТМД 
мемлекеттерінің көпшілігі). 
Кейбір мемлекеттерде, осы мәселені қарау барысында, бірнеше елдердің критерилері сәйкес 
келуі  мүмкін.  Көп  жағдайда,  сотталған  адамның  моральдық  ұстанымдары,  жеке  көзқарастары, 
тұлғалық қасиеттері, сотталғанға дейінгі өмірі, жасаған қылмысының мән-жайлары, жазаны өтеу 
кезіндегі  тәртібі  және  де  босағаннан  кейін  қылмысқа  қайтадан  баруы  қаншалықты  мүмкін 
екендігі ескеріледі. 
Латвия, Литва, ТМД мемлекеттерінің ҚК-і бойынша өтелуге міндетті жаза мөлшері жасал-
ған қылмыстың сатысына байланысты болады. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 72-бабы 3-бөлі-
гіне сәйкес мына қылмыс сатыларына жазаның кемінде келесі бөлігін өтеу талап етіледі: онша 
ауыр емес немесе ауырлығы орташа – үштен бірін, ауыр қылмыс – жартысын, аса ауыр қылмыс 
– үштен екісін өтегеннен кейін. 
Ал  көптеген  мемлекеттерде,  жасалған  қылмыс  сатысына  байланысты  емес,  шартты  түрде 
мерзімінен бұрын босату алу үшін өтелуге міндетті жаза мерзімдері заң шығарушы тарапымен 
бекітілген: Италияда 30 ай, Австрияда 3 ай, Венгрияда, Данияда 2 ай,  Швецияда 1 ай. 
Жазаның  атауына  қарамастан,  көптеген  мемлекеттер  заңнамасы  өмір  бойы  бас  бостанды-
ғынан  айырылуға  сотталғандардың  да  шартты  түрде  мерзімінен  бұрын  босатылуын  қарасты-
рады.  Қазақстан  Республикасы  ҚК-нің  72-бабы  6-бөлігіне  сәйкес,  өмір  бойына  бас  бостанды-
ғынан айыруды өтеп жатқан адам, егер сот оның бұл жазаны одан әрі өтеуін қажет етпейді деп 
таныса және ол бас бостандығынан айырудың кемінде жиырма бес жылын іс жүзінде өтесе, егер 
процестік  келісімнің  барлық  талаптарын  орындаса,  он  бес  жыл  іс  жүзінде  өтегеннен  кейін 
шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. 
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның бостандыққа шыққаннан кейінгі өмі-
рінің бастапқы бөлігі үздіксіз болмаса да, белгілі дәрежеде бақыланып отыруы керек. Сол үшін 
арнайы қызмет ететін пробациялық бақылау институтын де атап өтуге болады
2

Өкінішке орай, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар арасында да қайтадан қыл-
мысқа баратындар аз емес. Бұл құқықтың институттың тиімсіздігінде ме, әлде потенциалды қыл-
мыскердің өзгеруді қажет санамауында ма? Бұл сұрақ ашық болып қала береді.  
Мысал ретінде, елімізде 2017 жылы болған,  қоғамдық резонанс тудырған жан түршігерлік 
қылмысты  атап  өтуге  болады.  Такси  жүргізушісі  бойжеткен  қызды  зорлап,  өлтіріп  кеткен 
болатын. Кейін сот барысында, айыпталушының осыған дейін екі рет қылмыстық жауаптылыққа 
тартылып, соның біреуінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны белгілі болды. 
Бұның  барлығы,  шартты  түрде  мерзімінен  бұрын  босатылуға  деген  кез  келген  үміткердің 
бейморальдық мінез-құлықтан айырылуы жолында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі тара-
пынан да, сотталушы және қоғам мүшелері арасында да саналы түрде шартты түрде мерзімінен 
бұрын  босатылғандарды  қабылдауға  бағытталған  әрекеттер  жүйесі  және  түрткі  болар  алғы-
шарттар  пайда  болуы  керек.  Адаптация  процесі  түпкілікті  мақсатына  жету  үшін  социум  мен 
шартты  түрде  мерзімінен  бұрын  босатылғандар  шынайы  түрде  бейімделуге  мүдделі  болуы 
керек.
                                                 
1
   Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі №226-
V ҚРЗ). 
2
   Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (жалпы бөлім): Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2007. 
 
 


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет