Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Бухгалтерлік есептің жалпы сипаттамасы мен міндеттері



бет12/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

2. Бухгалтерлік есептің жалпы сипаттамасы мен міндеттері. Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы Заңында (1995 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.
Бухгалтерлік есептің пәні болып шарушылық опреациялардың негізі болып табылатын мүлік, оның қозғалысы табылады. Мүліктер (шикізат, материалдар, негізгі қаржылар) міндеттемелер, шаруашылық операциялар іс жүзіндегі шығындарды қосу жолымен ақшалай бағалауда бейнеленеді.
Бухгалтерлік есептің міндеттері келесілер болып табылады:

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы толық ақпарат жинау;

  • ақшалай, материалдық, еңбек, отын – энергетикалық ресурстарды норма мен нормативтерге сәйкес бақылау жасау;

  • қаржылық - өндірістік қызметтік тиімділігін арттырып, жоғалтулардың алдын алу;

  • өндірілген өнім, көрсетілген қызметтің іс жүзіндегі құнын анықтау;

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын анықтау.

3. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті нормативті- заңнамалық реттеу. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүргізу процесі келесідей нормативтік актілермен реттелген. Заң күші бар Қазақстан Республикасы президентінің 26 желтоқсан 1995 жылғы 2732 “Бухгалтерлік есеп жөніндегі” Жарлығында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің барлығы да бухгалтерлік есеп жүргізуге және осыған байланысты арнайы ережелер мен принциптерді сақтауға міндетті деп танылған. Заң күші бар Президенттің Жарлығы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру мен реттеудің бірінші кезеңі болып табылады.
Екінші кезең- бекітілген “Бухгалтерлік есеп стандарттары” болып танылған.
Бухгалтерлік есеп стандарттары Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүргізудің ресми қабылданған ережесі және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорытындысы есебін жасау үшін ақпараттық жүйесін қалыптастырудың әдістерін белгілейтін құжат.
Бухгалтерлік есеп стандарттары әрбір кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілерінде күнделікті болып отыратын шаруашылық операцияларының мазмұны мен көрсеткіштерін қандай жолдармен , қашан және қалай жіктеп, шоттарға жазу мен есептеу, синтетикалық шоттарға жинақтаумен қатар , қорытынды есепке жазу жөніндегі принциптерді іске асыратын халықаралық деңгейде қолданылатын құжат.
Бухгалтерлік есеп стандарттары еларалық бірлескен кәсіпорындар арасындағы экономикалық қатынастарды дамытуға да бағытталған. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдірудің концептуальді негізін басшылыққа ала отырып, кәсіпорындардың қаржы қорытындысы есебін дайындауға болатындығы дәлелденген. Қазақстандағы құқылы тұлғалардың есеп беру мен қорытынды есеп жасау үрдісі түгелімен “ұлттық есеп стандарттары” талабына сай, жалпы қойылған есеп жүргізу принциптеріне қарай ұйымдасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет