Кәсіпорындар (ұйымдар). Ұйымдар деп - кез келген шаруашылық қызмет атқарушы құрылымдарды айтады. Бұлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жұмыс істеу болып табылады.
3. Баланстың негізгі баптарының түсініктері.Баланс екі бөліктен тұрады:активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Активте шаруашылық құралдарының құрамы және орналасуы көрсетіледі, ал пассивте бұл құралдардың пайда болу көздері көрсетіледі. Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең
құралдар = капитал + міндеттемелер Мұндай теңдікті баланстық теңдеу деп атайды. Бұл теңдік кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты көрсетпейді, бірақ та балансты құруда қателіктер жіберілмесе әрқашанда сақталады.
Актив пен пассив жекелеген баптардан құралады. Баланс бабы дегеніміз шаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары. Баланс активінде орналасқан баптар активті, он пассивінде орналасқандары пассивті деп аталады.
Баланс активті мен пассивінің жиыны баланс валютасы деп аталады. Төменде бухгалтерлік баланстық шартты формасы көрсетілген.
Актив Пассив
Баптарды бөлімдерге топтастыру экономикалық белгі бойынша жүргізіледі.Баланс бабы бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Баланстың біртектес баптары топтарға біріктіріледі, ал топтар – бөлімдерге. Баланс баптарын топтау негізінен бухгалтерлік есеп 2 (Стандартына) “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептерді негізгі ашулары” 13 қараша 1996 ж. №3 ҚР-сы бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген стандартқа сәйкес келесідей принциптер енгізілген.