Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Лекция.2. Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі



бет14/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103
Лекция.2. Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі.
Лекцияның мақсаты: Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісін қарастыру. Бухгалтерлік есептің әдісіне, элементтеріне және есеп қағидаларына сипаттама беру.
Негізгі қарастырылатын сөздер: Бухгалтерлік есеп объектілері, бухгалтерлік есептің пәні, бухгалтерлік есептің міндеттері, түгендеу, бухгалтерлік баланс, шоттар жүйесі, екі жақты жазу, бағалау, калькуляция, есеп берушілік
1. Бухгалтерлік есептің пәні мен объектілер.
2. Бухгалтерлік есеп әдісі мен негізгі элементтері.
3. Есеп қағидаларының жалпы сипаттамасы.


1. Бухгалтерлік есептің пәні мен объектілер. Бухгалтерлік есептің пәні болып шарушылық опреациялардың негізі болып табылатын мүлік, оның қозғалысы табылады. Мүліктер (шикізат, материалдар, негізгі қаржылар) міндеттемелер, шаруашылық операциялар іс жүзіндегі шығындарды қосу жолымен ақшалай бағалауда бейнеленеді.
Бухгалтерлік есеп объектілері – бухгалтерлік есепті жүргізетін, бухгалтерлік есеп шоттарын шаруашылық процестерінде пайдаланатын ұйымдар мен кәсіпорындар. Кәсіпорындар құрылған кезде, қатысушылар салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.
Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шарушылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.
Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, ақша қаражатары мен есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдар, еңбек ақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру мен сату процестеріндегі шығындар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.


2. Бухгалтерлік есеп әдісі мен негізгі элементтері. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін құжаттау, инвестиция, бухгалтерлік баланс екі жақты жазуды пайдалананып аналитакалық және синтетикалық счеттар жүйесі, мүлік пен міндеттемені бағалау, калькуляция, есеп берушілік сияқты тәсілдер құрайды. Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы – құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.
Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық – товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет