ағымдағы міндеттемелер: қысқа мерзімді несие және овердрафт; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық қарыз (төленуге тиісті шоттар және вексельдер, алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар, төленуге тиісті дивиденттер басқа да кредиторлық қарыздар), төленуге тиіс есептелінген шығындар, алдағы кезеңдердің табыстары және басқалады.
Осы көрсетілген бухгалтерлік баланстың активі мен пассивін орналастыру тәртібі (кәсіп) барлық меншік формалары кәсіпорындары және экономиканың салалары үшін қолданылады сақталады. Айырмашылықтар баланстың жалпы валютасында баптардың үлес салмақтарында байқалуы мүмкін. Өнеркәсіптік өндірістік балансы активінде үлкен үлес салмақты «Негізгі құралдар» және «Шикізат пен материалдар» алады; ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – «Жер», «Аяқталмаған өндіріс», сауда ұйымдарында «Тауарлар» бабы алады.
Бухгалтерлік баланс өзінің экономикалық мазмұны бойынша кәсіпорынның шаруашылық құралдарының және олардың қалыптасу қайнар көздерінің жағдайы туралы белгілі бір күнге есеп берушілік міндетті формаларының бірі болып табылады. Ол бір айдың, бір кварталдың, жарты жылдың, бір жылдың жиындық мәліметтерін бейнелейді.
Бухгалтерлік баланс белгілі бір уақытта жасалып, қаражаттың жағдайы мен олардың шығу көздерін бейнелейді. Шаруашылық іс-әрекет процесінде қаражат тоқтаусыз қозғалысы, олардың құрамының, орналасуының және пайда болу, қалыптасу көздерінің өзгеруі болып жатады. Субъектінің іс-әрекеті барысында жабдықтау, өндіріс, өткізу процестерінің бөлігі болып табылатын және қаражат құралы мен олардың шығу көздеріне тағы сондай өзгерістерді туындататын шаруашылық операцияларын іске асырады. Олар баланста тиісті баптардың ұлғаюы мен кішірейткен түрінде бейнеленеді, кей жағдайларда баланста жаңа баптар пайда болады немесе жоғалып кетеді.
Баланстағы өзгерістер құрылымы бойынша шаруашылық операциялары 4 типке бөлінеді:
1- тип: кәсіпорын құралдары құрамында өзгерістер туғызады және тек қана баланс активінің баптарын қозғайды. Мысалы, кассаға есепті (ағымдағы) шоттан жалақы мен басқа шығындарды төлеу үшін 150 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат түсті.
1010 «Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша » шот дебеті, 150 000тг.
1040 «Ағымдағы шоттағы ақша» шот кредиті 150 000тг.
Актив
Сома, теңге
МКМ
Сома, теңге
Кезең басындағы жиынтық сома
Кассадағы қолма-қол ақша
Ағымдағы шоттағы ақша