Негізгі қарастырылатын сөздер: Саудалық дебиторлық қарыздар, саудалық емес дебиторлық қарыздар, есеп беруші түлғалармен есеп айырысуды есепке алу, дебиторлық қарыздар, сатып алушылармен және тапсырыс берушілер.
1. Дебиторлық берешек түсінігі және оның түрлері. 2. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі. 3. Қүмәнді дебиторлық берешекті есепке алу тәсілдері 4. Берілген аванстар есебі.
1. Дебиторлық берешек- сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы жәнеағымдағы емес болып бөлінеді. Есепте саудалық және саудалық емес дебитор берешегі болып бөлінеді.
Саудалық дебитор берешегі негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде пайда болады.
Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар. Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсетілген қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын болады.
Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады.
Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, ТМҚ-ды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
ҚР-ғы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсіліменайқындайтындықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады.