Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі



бет50/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
2. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі үшін 1210 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы” және 2110 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы” шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың дебеті бойынша қарыздардың қалдығы және оның пайда болуы, ал кредитінен – жойылуы көрсетіледі.
Бұл шотта сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге көрсетілген және жөнелтілген өнімдер, қызметтер мен жұмыстар үшін есеп айырысу құжаттары төлемге банкпен қабылданған есеп айырысулар туралы ақпараттар көрсетіледі.
Сатып алушыларға көрсетілген есеп айырысу құжаттарындағы сомаларға 1210 шот дебеттеліп, 6010, 6210 шоттар кредиттеледі. 1210 шот сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен қарыздарын өтеу кезінде ақша қаражаттары есебінің шоттарымен корреспонденциялана отырып кредиттеледі.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары



Шаруашылық операциялар мазмұны



Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1. Сатылған өнімдер үшін сатып алушыларға шот көрсетілді

1210,2110

6010

2. ҚҚС есептелді

1210,2110

3130

3. Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құны қажетсіздендірілді

7010

1320

4. Сатып алушылардың қарызын қамтамасыз етуде вексель алынды

1280,2180

1210,2110

5. Вексельдік процент есептелді

1270,2170

6110

6. Ағымдағы банктік шотқа алынды

1040

1210,2110,
1280,2180

7. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді

3130

1040

1210 шотта алынған вексельдермен қамтамасыз етілген сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар да есептеледі.


Ұйым сатып алушылар және тапсырыс берушілерден аванстар алуы мүмкін. Алынған аванстар сомасы 3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар» шотының кредиті мен ақша қаражаты есебінің шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Тапсырысты орындаудан кейін немесе өнімді тиегеннен кейін алынған аванс сомалары есепке жазылады. Бұл кезде 3510 шот кредиттеледі.
Сатып алушыларға өнім тиелгенде: Дебет шот 7010 Кредит шот 1320. Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде 1210 шот дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.
1210, 2110 тобының шоттары бойынша кредиттік айналымдар №11 журнал-ордер тіркелді, ал бухгалтерияда сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша тізімдемеде жүргізіледі. Тізімдеме сатылған өнімдер бойынша шот-фактураларды жинақтау және топтау үшін және сатып алушылармен оларды уақытылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
Еншілес ұйым бас компанияның бақылауындағы ұйым болып табылады.
Тәуелді ұйым инвестордың ықпалынан тәуелді болады және оның еншілес емес, бірігіп бақыланатын заңды тұлға да болмайды.
Еншілес (тәуелді) серіктестердің қарыздарын есепке алу үшін 1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары" және 1230“Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары", 2120 "Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары" және 2130 “Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары" шоттары арналған.
Бұл шоттарында еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі.
1220, 1230 шоттарда еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен ағымдағы есеп айырысудың барлық түрлері жөніндегі ақпараттар жинақталып қорытылады (балансаралық есеп айырысу). Бұл шоттар-негізгі, активті, күрделі; әрбір еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдар бойынша талдамалық есеп осы шоттардың көмегімен тізімдемелерде немесе машинограммада жүргізіледі. Кредиттік айналымдары №11 журнал-ордерде тіркеледі.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары



Шаруашылық операциялар мазмұны



Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1. Сатылған негізгі құралдар үшін еншілес ұйымдарға шот көрсетілді

1220

6210

2. ҚҚС есептелді

1220

3130

3. Ағымдағы банктік шотқа еншілес ұйымдардан алынды

1040

1220

4. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді

3130

1040

Кәсіпорын жұмыскерлерінің және басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздары туралы ақпараттарды бейнелеу үшін 1250 “Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары” және 2150 “Жұмыскерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары” шоттары арналған. Шоттың дебеті бойынша есеп беруге тиісті сомалар, жұмыскерлерге көрсетілген займдар, материалдық шығынды өтеу сомалары көрсетіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет