Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Қорларға түгендеу жүргізу



бет57/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

4. Қорларға түгендеу жүргізу. Материалдардың нақты қалдығын, оларды сақтау және жіберу дұрыстығын анықтау мақсатымен түгендеу жүргізіледі. Түгендеуді кәсіпорын басшысымен тағайындалған комиссия жүргізеді. Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу тізімінде материалды-жауапты тұлға барлық құжаттардың материалдардың қоймалық есеп карточкаларына жазылып, бухгалтерияға берілгендігі туралы қолхат береді. Түгендеу тізіміне жазулар тек нақты есептегеннен кейін, ұзындығын өлшегеннен кейін, құндылықтардың салмағын өлшегеннен кейін жазылады.
Егер де түгендеу тізімінде ауытқулар табылса, онда салыстыру ведомості толтырылады. Әрбір ауытқу фактісіне материалды-жауапты тұлға жазбаша түсініктеме жазады.
Артықшылықтар кіріске алынуға және кәсіпорын табысына жатқызылуға тиіс: 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоттардың дебеті және 6280 «Басқа да табыстар» шотының кредиті бойынша.
Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» немесе 2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» шоттарының дебеті бойынша және 1310 «Шикізаттар мен материалдар» бөлімшесінің сәйкес шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Материалдық зиянның өтелуі 1010 «Кассадағы ақшалар» , 3350 «Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар» шоттарының дебеті мен 1250 «Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
5.Күрделі өндірістерде аяқталмаған өндіріс қалдықтары болуы мүмкін. Өндірістік есеп шоттарының қалдықтары бухгалтерлік баланста көрсетілмейді. Сондықтан да 8 «Өндірістік есеп шоттары» бөлімнің шоттарында негізгі өндірісте есептелген шығындар есепті кезеңнің соңында қаржылық есеп шотарына, яғни 1340 «Ақталмаған өндіріс» шоттарына қажетсіздендіріледі. Бұл топ аяқталмаған өндіріс құнын есепке алу үшін мынадай шоттарды қамтиды:
1341 «Негізгі өндіріс»
1342 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары»
1343 «Қосалқы өндірістер».
Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беру келесі жазбамен бейнеленеді:
Дебет шот 1341-1343 Кредит шот 8110, 8210, 8310
Келесі есепті кезең басында аяқталмаған өндірістің 1340 бөлімше шоттарында есепке алынған құны басқару бухгалтериясына беріледі:
Дебет шот 8110, 8210, 8310 Кредит шот 1341-1343.
1341- 1343 шоттарда есепке алынған аяқталмаған өндірісті талдамалық есепке алу толық көлемінде 8110, 8210, 8310 шоттарда басқару бухгалтериясында жүргізіледі.
1341, 1342, 1343, 8110, 8210, 8310, 8410 және 8 «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің басқа шоттары бойынша кредиттік айналымдары №10 журнал- ордерде бейнеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет