Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Материалдық емес активтер, олардың жіктелуі



бет62/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

4. Материалдық емес активтер, олардың жіктелуі. Материалдық емес (сезілмейтін) активтер— нақты табиғи нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін қүндылыққа» ие, болғандықтан субъектіге үзақ уақыт немесе үнемі қосымша табыс әкелетін активтер. Соны-мен қатар материалдық емес активтер иеліктен шығару қабілетіне ие болуы тиіс. Материалдық емес активтерге тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), тауарлардың тіркелген жасалу орындары, «Фирма бағасы» (гудвилл)1, «Ноу-Хау, патенттер және өнеркәсіптік үлгілер, лицензиялар, интелектуалдық (ақыл-ой) меншіктік ұйымдастыру шығындары, жер учаскелелері мен табын ресурстарды пайдалану құқықтары, өндірістік мәліметті пайдалану қүқықтары, ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б/
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық емес активтер төмендегідей тәртіпте бағаланады:
Тараптардың келісуі бойынша - құрылғалы жатқан кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салған салымдары екі жақтың келісімі бойынша. Мұндай салымдар тәуелсіз аудитор арқылы расталуға тиісті:
- объектілерді сатып алуға және оларды дайын қалпына келтіруге кеткен нақты шығындарды есептей отыра, басқа кәсіпорындардан, мекемелерден, азаматтардан ақысын төлеп алынған материалдық емес активтер;
- басқа кәсіпорындардан, мекемелер мен азаматгардан тегін (сыйға) алынған материалдық емес активтердің бағасын анықтау сараптау арқылы немесе келісімді баға бойынша;
І.Фирманың іскерлік байланыстарының шартты құны, жинақталған материалдық емес активтердің «бағасы», сезілмейтін капиталдың ақшалай бағалануы- сауда белгісінің мәртебесі, іскерлік байланыстар-дың тәжірибесі, клиенттердің, сондай-ақ басқару, ұйымдастыру және техникалық ресурстардың түрақтылығы, қаржы әлеміндегі бедел,өткізу қызметін бақылау тетігін; сезілмейтін негізгі капитал, ак-тивтер, кәсіпорынның жалпы бағасы мен нақты негізгі капиталдың бағасы арасындағы айырмашылықты білдіреді. Сезілмейтін теріс актив (бедвилл) кәсіпорынның сатылу мен баланстық қүны арасындағы айырмашылықты білдіреді.
2.”Ноу-хау” ағылшын тілінен «қалай екенін білемін» деп аударылады. Халықаралық қатынастарда термин құжаттау, өндіріс тәжірибесі, дағдылары және тауар белгісі арқылы көрінетін техникалық білімдерді анықтау үшін қолданылады.
Материалдық емес активтердің бастапқы құны бойынша амортизацияны есептеп, оны өндіріс шығынына жатқызу немесе басқа көздердің шоттарына аудару арқылы жабылады.
Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғаларға сатылғанда, моралдық тозуға ұшырағанда заңды және жеке түлғаларға тегін берілгенде, табыстық сапасын жоғалтқандығына байланысты есептен шығарылганда, басқа субъектілердің жарғылық қорларына үлес ретінде салынғанда баланстан шыгарылады.
Төрт топқа бөлінетін материалдық емес активтердің әртүрлі түрін қарастырып көрелік.
І. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер:
Бұл топқа «Ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы, технологияны немесе өнімнің сыртқы бейнесін қолдану.өнеркәсіптік үлгілер және тағы басқалар жатады. «Hoy-Xay»-құжаттама озық өндіріс тәжірибесі, және т.б. түрінде көрінетін техникалық білімдерді айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында «Ноу-Хаү» техникалық қүжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін үйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибені қажет ететін техникалық.коммерциялық және басқа да білімдердің жиынтығы. Лицензиялық келісімдерде, техникалық ынтымақтастық туралы шартгарда, лизингте, «кілті қолма-қол» тапсырылатын құры-лыс жүргізілгенде, қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпаратгар сияқты коммерциялық практикада субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «Ноу-Хау» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табысты бақылай алған жағдайда ғана, ол материалдық емес активтін анықтамасына жауап бере алады.
Бұл активтің пайдалылығы «Ноу-Хау» бағасының көрсеткішімен оның пайдалылығының жалпылама көрсеткішімен анықталады.
Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-Хау» нәтижесінде сатып алушы түсірген қосымша табыстың бір бөлігін беру арқылы қалыптасады және паушалды төлем түрінде (оның иесіне төленетін сыйақының нақты тағайындалған сомасы) немесе роялти түрінде («ноу--хауды» пай-далану құқығын сатып алушының келіскен бағасынан төленетін ағымдағы аударымдардан алынатын мерзімдік проценттік төленімдер) яғни «ноу-хауды» беру жөніндегі келіеімнің күші бар кезеңінде сатып алушыға төленетін төлем түрінде болады. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден өзгешелігі «ноу-хау» әдетте субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі есебінде салынады. «Ноу-хаудың» субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісімімен, белгілі бір тәуелсіз аудитордың бағалауы ескеріле отырып белгіленеді.
Өндірістік ақпаратіы пайдалану құқықтарын есепке алу.
Бұл материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе оны субъектінің өзі жасап шығаруға кеткен шыгындар жатады.
Ұйымдастыру шыгындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындары ұйымдастыру шығындарына жатқызылады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау. ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау деп кәсіпорын алған және ұзақ уақыт бойы пайда әкелу қабілеті бар бағдарламаларды пайдалануға қажетті бағдарламалық құжаттармен мәліметтерді өңдеу жүйесітң жиынгығын айтады,
Жер учаскелері мен табиғи ресурстарды пайдалану ушін алынған қукықтар. Елдің ішіндегі немесе шетелдегі кәсіпорындарды құруда болжамданған объектілерді салу үшін жер учаскелерін пайдалану құқығын, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалану құқығын (пайдалы қазбаларды ендіру құқы, орманды пайдалану, ішкі тогандарда балық аулау т.б. құқықтары) алу қажеггігі туындайды; Шетелдерде алынатын осындай құқықтардың құнын төлеу шетелдік фирмалар немесе жекелеген азаматтардың есеп айырысуға қатысуымен олардың бірлесіп телеуі арқылы жүзеге асырылады.
2. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.
3. Тауар таңбалары мен қызмет көрсету танбалары. Тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы (одан әрі--тауар таңбасы) деп басқа заңды және жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан, тауарлар мен қызметгерді (одан әрі-тауарлар) тиісінше айыра алатын қабілеті бар таңбаларды айтамыз.
4. Тауардың шыққан жерінің атауы- тауарды таңбалауға пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің аты, оның ерекше де басты сапасы осы географиялық объектінің өзіндік табиғи жағдайлары немесе адам факторлармен қоса сипатталады.
Тауарлық таңбаларды, қызмет көрсету таңбаларын тауардың шыгу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қарымқатынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен ретгеледі.
5. Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт(көшіру құқығы), лицензиялар, франшиза және басқалар жатады.
Патенггер. Патент деп белгілі бір жаңалық ашудың техникалық шешімін мемлекеттің мойындағанын және оны бекітіп берілетін түлганың (патент иеленуші) оған осы ашылған жаңалыққа құқығы бар екенін куәландыратын куәлік, грамота, құжат. Патенттің күші оны берген мемлекетгің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар патент деп белгілі бір кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шүғылдану құқығын берегін құжатты да айтады. Патент берілгенде патенттік алым (пошлина) үсталады. Патент иеленушіге ашылған жаңалықты қодануға айрықша (жеке дара) иелік ету құқығы беріледі. Патентті иеленуші жаңалық құқығын иеліктен шығаруғажәне басқа тұлғаларға патенттелген жаңалықты пайдалануға рұңсат (лицензия) бере алады.
Өнеркәсіптік үлгілер. Өнеркәсіптік үлгілерді пайдалануға айрықша құқты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі. Өнеркәсіптік үлгілер көлемді (модельдер), тегісті (суреттер) немесе аралас болып келеді. Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе шетелдерден, оның басымдылықты иелену мерзіміне дейін белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі деп мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бүйым ретінде жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсапте қолданылуга болатыны мойындалады. Өндірістік үлгілер авторы деп, оған шығармашылық еңбегі сіңген азамат мойындалады. Егер өнекәсігггік үлгісі бірнеше азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың бәрі өнеркәсіптік үлгілер авторы болып есептеледі. Өнекәсіптік үлгілерге патент Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілерінің Мемлекетгік тізіліміне тіркелген соң беріледі.
Лицензиялар («азаттық», «құқық» деген латын сөздерінен)-сыртқы сауда операцияларын (әкелуге, сыртқа шығаруға немесе транзитке рүхсат етілмегендер) және тағы басқаларды жүргізуге құзырлы мемлекеттік органдар беретін рүқсат. Лицензиялардың көмегімен тауарларды импорттау мен экспорттау және сонымен қатар валюталық қаржылардың жұмсалуына мемлекетгік баңылау жасау жұзеге асырылады. Нарықтық қарым-қатынастары жан-жақты дамыған елдерде лицензиялар берудің мақсаты -- бір ел-мен сауданы толығымен тоқтатып тастауға дейін шектеуді, сөйтіп үлттық өнеркәсәпті шетелдік бәсекеден қорғауды, валютаны жүмсауға бақылау жасауды, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді экспортгау-импорттауға рұқсат беруден лицензиялық салым алу арқылы мемлекетгік бюджетгі толықтыруды көздейді.
Лицензиялардың мынадай түрлері бар.
Патентгік лйцензия—патент иесіне техникалық қүжаттарды немесе патентгелген жаңалықтарды пайдалану қүқығын береді.
Жәй лицензия-патентгің иесі лицензия жаңалықты келісімде белгіленген шекте пайдалану құқығын бере отырып, бірақ сол аумақта оны пайдалану құқығын өзі де сақтап қалады және лицензияны осы талаптармен басқа да сансыз түлғаларға бере алады. Лицензиаттың сублицензия беруге құқығы жоқ.
Айрықша лицензия-келісімде белгіленген шекте жаңалықты пайдалануға айрықша құқық береді; лицензия иесі өздігінше пайдаланудан және басқа тұлғаларға беруден бас тартады.
Толық лицензия жағдайында патент күшінің мерзімі біткенге дейінгі кезең ішінде, патентке байланысты барлық қүқықтарды пайдаланады.
Лицензияларды Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе оның уәкілетгі мемлекетгік органдары қазақстандық және шетелдік шаруашылық жүргізуші субьектілерге шикізаттай пайдалы қазбаларды (мұнай, газ) және басқа да табиғи шикізаттарды өндіру қүқығын бере алады. Мұндай лицензияларды пайдалану ройялти-ды төлеумен тығыз байланысты.
Ройялти деп табиғи ресурстарды өндіру құқығын алу үшін төленетін төлвмдерді айтады.
Жаңалықтарды, патенттерді «ноу--хау», кітап шығару, кинофильмдерді прокаіқа беру және басқа қүқықтарды пайдалануға оқтын-оқтын төленетін лицензиялық төлем де ройялти деп аталады. 4.Материалдық емес активтердің басқа да турлері. Материалдық емес активтердің бүл тобына фирма бағасы («гудвилл»), интелекту-алдық меншік және тағы басқалары кіреді.
«Фирма бағасы» немесе «Гудвилл». Материалдық емес актавтердің бүл түрі бүтіндей жүмыс істеп түрған кәсіпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Әдетте мүндай кәсіпорындардың (бөлімшелер) олар-дьщ баланстық қүнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынньщ болашақтагы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару рыногындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жагдайында заңды қүбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құнының оның активтерінің баланс бойынша сомасынан асып түсуі «Фирма бағасын» қүрайды.
Интеллектуалдық меншікті есепке алү. Интелектуалдық меншік--үстіміздегі ғасырдың 60- жылдары енген, заңгерлік үғымы.
«Интеллектуалдық меншік» үғымы авторлық қүқықтарды, орындаушы-артистердің қызметіне, дыбыс жазуға, радио және телехабарларға байланысты қүқықтарды, жаңалық ашу және па-тентке қүқықтарды ғылыми жаңалық ашу қүқықтарды, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне, фирмалық атауға және коммерциялық белгілерге, арам пиғылды бәсекелестіктен қорғану қүқықтарын, со-ндай-ақ өндіріс, ғылым, әдебиет пен өнер салаларындағы интеллек-туалдьіқ меншік-қамтитын басқа да қүқықтарды білдіреді.
Интеллектуалдық меншікті бағалау-сараптау әдісімен жүзеге асы-рылады. Интеллектуалдық меншікті бағалап, оны балансқа қабыл-дау - оның капиталдану1 процесі болып табылады.
Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есеп-ке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша-- материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша-- материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700 бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:
2710 – “Гудвилл”, онда гудвиллдың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі. Гудвилл – жеке сәйкестендіруге және бөлек тануға болмайтын активтерден туындайтын алдағы экономикалық пайдалар;
2720 – “Гудвиллдың құнсыздануы”, онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдың құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
2730 – “Өзге материалдық емес активтер”, онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданлу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:

  1. тауарлық белгілер;

  2. титулдық және баспа құқықтары;

  3. компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету;

  4. лицензиялар және франшизалар;

  5. өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа да құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;

  6. рецептілер , формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер;

  7. әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер;

2740 – “Өзге материалдық активтердің амортизациясы және құнсыздануы”, онда материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын амортизация мен залалдар сомалары шоғырланады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, бірақ жыл сайын құнсздануға тест жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер үлгілердің дәл аты оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы қүны, амортизация нормасы және басқа қажетгі мәліметгер көрсетіледі. 2700 «Материалдық емес активтер» бвлімшесінің шоттарына талдамалық есепке алу «Материалдық емес активтерді» есепке алудың мүліктік қарточкаларында» (ү. №МЕА-2) көрсетіледі.
Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алуда қолданылады. Материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады.
Өндірістік - шаруашылық қызметі процесінде материалдық емес активтер моралдық тозуға ұшырайды. Басты мақсат материалдық емес активтердің моралдық тозуына байланысты шығындарды жабу көздерін табу ғана емес, өндіріс немесе айналым шығындарына амортизацияны қосу арқылы олардың құнын өтеу көздерін жасау болып табылады.
Материалдық емес активтердің амортизациясы есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің шоты арналған.
Бұл шоттар пассивті, реттеуші контрактивті. 2740 - бөлімше шотының кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның қалдығын, ағымдағы айға есептелінген амортизацияны және есеп берілетін айдың соныңдағы амортизацияның қалдығын көрсетеді, ал дебеті бойынша —материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есептен шығару (төмендету) көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп түрады.
Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлық түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықтауы тиіс. Оларда тиімді пайдалану мерзімін қол-дану негізді болуға тиіс:
а) пайдалану мерзімін анықтау мүмкіндігі бар материалдық емес активтер бойынша (патенттер, лицензиялар және басқалар) оларды пайдалану мерзімі арнайы нұсқаумен анықталып патентте, лицензияда көрсетіледі: 1,5.10,15 жыл.
ә) пайдалану мерзімін көрсету мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша (ЭЕМ бағдарламалық жабдықтау, «Фирма бағасы» және басқалар), мүндай мерзім 10 жылдан аспайтын уақыт деп керсетіледі.
б) қызмет ету мерзімі жарғысында көрсетілген кәсіпорындар сатып алған материалдық емес активтер бойынша тиімді пайдалану мерзімі ретінде "а" және "ә" пунктерінде көрсетілген мерзімдер алынады, бірақ олар кәсіпорын қызметінщ мөлшерлі мерзімінен аспауға тиісті.
Материалдық емес активтер пайдалану мерзімінде кәсіпорынға белгілі бір мөлшерде табыс әкелуі тиіс. Кәсіпорын материалдық емес активтерден кіріс түсіріп отырғанда олар өз функциясын атқарады, ал керісінше болса балансты «бүлдірушіге» айналып, нақты емес, бұлдыр активтерді құрайды. Бұл аксиоманы өндірістік немесе айналымньщ шығындарына енгізілетін олардың амортизация сомаларын есептегенде ескерген жөн. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу оның баланстық құны толық өтелгенде тоқтатылады.
Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін дұрыс және дәлелді есептеуге олардың амортизациясын өндіріс пен айналым шығындарына жатқызудың негізділгі, яғни кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижелері тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет