Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Негізгі құралдарды жалға беру есебі



бет61/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
3. Негізгі құралдарды жалға беру есебі

«Жалдау есебі» деген №17 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қаржылық жал – бұл мүлікке берілетін меншік құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдің едәуір бөлігін жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүліктерді өзінің баласында көрсетеді. Меншік құқының өзі жал мерзіміне берілуі де, берілмеуі де мүмкін. Жалданған негізгі құрал объектілері белгіленген келісім бағасы бойынша немесе жалдау мерзімі аяқталғанға дейін өтемі төленіп алынған жағдайда жалгердің меншігіне берілуі мүмкін.


Егер тәуекел мен сыйақы пайдалану құқымен біршама байланысты болса және жалгерге табыс етілген болса, сондай-ақ:

  1. Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соңында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқысы болса;

  2. Жалдау мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет крсету мерзімінің 80%-інен астам болса;

  3. Жал мерзімінің соңында жалданған активтің қалдық құны жалдаудың бас кезіндегі оның ағымдық құның 20%-інен кем болмаса;

  4. Жал ақысының барлық кезеңіндегі дисконтталатын құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90%-інен асатын болса;

  5. Жал мерзімінің соңында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса жал қаржылық болып табылады.

Жалгердің бухгалтерлік есебінде жалданған мүлік актив ретінде, ал тленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі. Жал мерзімінің басында жалдау ақысы жөніндегі міндеттемелер өткізу бойынша немесе егер, ол өткізу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталған құнымен жазылады. Жалдау ақысы:

  1. Қаржыландырғаны үшін төлемнен (процент төлеу шығындарынан);

  2. Міндеттемені кемітетін төлемнен (негізгі міндеттемені өтеуден тұрады).

Жал мерзімінің соңында меншіктену құқы жалгерге өтетіндігіне онша сенімділік жоқ болса, екі мерзімнің неғұрлым қысқасының ішінде мүлікке амортизацияның барлық сомасы есептеледі: 1-шісі – жалдау кезеңі, 2-шісі – ұтымды қаржыландыру мерзімінің кезеңі. Есепте жалгер мынадай жинақтамалы шоттарды қолданады:
1. 2410 шоты “Ұзақ мерзімді жалданған негізгі құралдар” субшоты.
Бұл шоттар – негізгі, активтік, күрделі және инвентарлық болып келеді. Бұл шоттардың дебеті бойынша ұзақ мерзімді жалданған негізгі құралдардың ай басындағы қалдығы, ай ішіндегі түсімдері көрсетіледі. Кредиті бойынша – олардың шығарылуы көрсетіледі. Жалданған негізгі құралдардың талдамалы есебі негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкаларында (НҚ №6) жүргізіледі.
2. 4150 – “Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек” шоты – негізгі, пассивтік, есеп айырысу шоты. Кредиті бойынша кәсіпорынның ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдары үшін жалға берушіге берешегінің ай басындағы және соңындағы қалдығы көрсетіледі. Жалдау ақысының сомасы ағымдағы ай үшін есептеледі. Дебеті берешектің жалға берушіге төленуі көрсетіледі. Талдамалы есеп “Әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулерді есепке алу ведомосінде” жүргізіледі (тек жалгер пайдаланады).
3. 2420 шоты “Ұзақ мерзімді жалданған негізгі құралдардың тозуы”субшоты. Мұнда жалға алушы субъектілер ұзақ мерзімге жалданған негізгі құралдарды құны толық төленген кейін амортизацияның қолданысьағы нормалары бойынша ұзақ мерзімге жалданған негізгі құралдарды есептелген тозудың сомасы ескеріледі. Жал мерзімінде есептелген тозу негізгі құралдардың тозуына қосылады.
Жалға берушінің бухгалтерлік есебінде (баланста) жалға берілетін мүлік жалға таза күрделі салымға тең болатындай дебеттік берешек ретінде көрсетіледі. Жалдау ақысын кіріс бөлігінде жалға беруші әрбір есепті кезеңде жалға беруде салынған күрделі салымнан алынған табыс ретінде таниды. Түсуге тиісті жалдау міндеттемелерінің есебі 2180 – “Өзге де дебиторлық берешек” шотында жүргізіледі. Оған “Түсуге тиісті жалдық міндеттемелер” субшоты ашылады, бұл шот – негізгі, активтік және есеп айырысу шоты. Дебет бойынша – жалға алушы субъектілердің жалдау ақысы бойынша берешегінің ай басындағы және ай соңындағы қалдығы көрсетіледі. Жалдау ақысының сомасын есепті ай үшін есептейді. Кредиті бойынша – жалдау ақысы бойынша берешектің өтелуі көрініс табады. Талдамалы есеп жалға алушы әрбір субъект бойынша “Әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесуді есепке алу ведомосінде” жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет