Практикалық сабақтың тақырыбы №10 Міндеттемелер мен қарыз бойынша есеп беру Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №10
{Сабақтын мақсаттары, практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар}
Тәжірибелік сабақ жоспары: 1. Ағымдағы міндеттемелердің есебі.
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.
Әдебиеттер
1. Бухгалтерлік есеп стандарттары
2.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл
4.Сейдахметова Ф.С. Қазілгі заманғы бухгалтерлік есеп. Алматы: «LEM» баспасы, 2008.
5.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. 2008.
6. Р.С.Әбдішүкіров., Б.С.Мырзалиев Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.1-2 томдар.Алматы, 2009.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар №10
1 В
Міндеттемелер дегеніміз не?
А. осы ұйымға басқа тұлғалардың қарызы
В. өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің қарызы және оларды реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстардың ұйымнан кетуіне әкеледі
С. кассадағы және банктік шоттардағы ақшалар
D. табиғи негізі жоқ, бірақ бірақ құндық бағасы бар және ұйымға табыс әкелетін қасиеттері бар активтер
Е. материалдық өндіріс және өндірістік емес сферада ұзақ уақыт қызмет ететін активтер
2 D
Міндеттемелер өтеу мерзімдері бойынша қалай топтастырылады?
меншікті және тартылған
төленген және төленбеген
негізгі және қосымша
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
мүліктік және мүліктік емес
3 E
Нарықтық экономика жағдайында несиелер қандай түрлерге бөлінеді?
меншікті және тартылған
ұзақ және қысқа мерзімді
меншікті және жалға алынған
төленген және төленбеген
коммерциялық және банктік
4 A
Ұйымға ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтерге байланысты қарыздарын төлеу үшін берілетін несие қалай аталады?
банктік
коммерциялық
ұзақ мерзімді
төленбеген
қысқа мерзімді
5 D
Ұйымның міндеттемесі деген не?
А. табыстан шығындардың артуы сомасы
В. ұйымның өз иелігіне қалған таза табысы
С. өзін-өзі ақтау және өзін-өзі қаржыландырудың қайнар көзі
D. өткен кезеңдердегі жағдайлардан пайда болған ұйымның басқа ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға қарызы
Е. жеке тұлғалардың, ұйымдардың немесе басқа дебиторлардың осы ұйым алдындағы міндеттемесі
6 D
Міндеттемелер жою мерзімі бойынша қалай жіктеледі?
А. меншікті және сырттан тартылған
В. төленген және төленбеген
С. меншікті және жалға алынған
D. ұзақ және қысқа мерзімді
Е. орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
7 Е
Қысқа мерзімді несиелер ағымдағы банктік шотқа түскенде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?
А. Дт шот 1030 Кт шот 4010
В. Дт шот 1010 Кт шот 1030
С. Дт шот 3010 Кт шот 1030
D. Дт шот 3310 Кт шот 3010
Е. Дт шот 1030 Кт шот 3010
8 А
Ұзақ мерзімді несиелер ағымдағы банктік шотқа түскенде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?
А. Дт шот 1030 Кт шот 4010
В. Дт шот 1010 Кт шот 1030
С. Дт шот 3010 Кт шот 1030
D. Дт шот 3310 Кт шот 3010
Е. Дт шот 1030 Кт шот 3010
9 Е
Ақшалай міндеттеме есебінен алдын-ала төленетін сома – бұл:
А. келісім
В. пайыздық ставка
С. қайта қаржыландыру ставкасы
D. төленуге тиісті шоттар
Е. аванс
10 С
Несиелер ағымдағы банктік шоттан қайтарылғанда қандай бухгалтерлік жазба жасалады?
А. Дт шот 1030 Кт шот 4010
В. Дт шот 1010 Кт шот 1030
С. Дт шот 3010 Кт шот 1030
D. Дт шот 3310 Кт шот 3010
Е. Дт шот 1030 Кт шот 3010