Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Практикалық сабақтың тақырыбы №9



бет96/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

Практикалық сабақтың тақырыбы №9
Негізгі құралдарды жөндеу түрлері және олардың есебі. Материалдық емес активтердің амортизациясы есебі
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9
{Сабақтын мақсаттары, практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар}
Тәжірибелік сабақ жоспары :
1. Материалдық емес активтердің есебі.
2. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі, бағалануы және қозғалысының есебі.
3. Негізгі құралдардың тозуының есебі.
Есептер
№1.Жабдықтардың алғашқы құны 256300 теңге, жож қүны 26000 теңге, қызмет мерзімі 30 жыл. Құнды біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі бойынша амортизацияны есептеу керек. Ай сайынғы амортизациялық бөлулер сомасын анықтау керек.
№2.Жабдық техникалық паспортына сәйкес 10500 бөлшек шығаруға қабілетті. Жабдық 186200 теңгеге сатып алынды. Жабдықты жеткізу және монтаждау шығындары 54305 теңгені қүрайды. Жабдықты жою құны 7000 теңге. Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеңіздер.

Әдебиеттер


1. ХҚЕС №16
2.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл
4.Сейдахметова Ф.С. Қазілгі заманғы бухгалтерлік есеп. Алматы: «LEM» баспасы, 2008.
5.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. 2008.
6. Р.С.Әбдішүкіров., Б.С.Мырзалиев Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.1-2 томдар.Алматы, 2009.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар №9
{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда варианты таңдау кілті көрсету керек)}
1 E
Келесі баптардың қайсысы негізгі құралдарға жатпайды?
А. жер
В. ғимараттар мен құрылыстар
С. машиналар мен жабдықтар
D. көлік құралдары
Е. дайын өнім
2 E
Негізгі құралдар қандай белгілері бойынша топтастырылады?
А. кімге қарайтындығына қарай және пайдалану сипатына қарай
В. мақсатына қарай және түрі бойынша
С. мақсатына, салық салу сипатына
D. атқаратын қызметтеріне, түрлеріне қарай
Е. салалар бойынша, мақсатына қарай, түрі бойынша, кімге қарайтындығына қарай, пайдалану сипатына қарай, салық салу мақсатына қарай
3 C
Біртіндеп тозатын негізгі құралдардың құнын дайындалған өнімге немесе кезең шығындарына аудару процесі қалай аталады?
А. негізгі құралдардың тозуы
В. негізгі құралдардың есебі
С. негізгі құралдардың амортизациясы
D. негізгі құралдарды бағалау
Е. негізгі құралдарды тіркеу
4 A
Амортизацияны есептеудің қай әдісі объектінің пайдалы қызметі оны пайдалану мерзіміне тәуелділігін және пайдалы қызмет мерзімінде өзгермейтінін сипаттайды, яғни амортизация объектінің пайдалы қызмет мерзімі ағымында тең үлеспен таратылады?
А. түзу сызықты әдіс
В. өндірістік әдіс
С. қалдықты азайту әдісі
D. сандар сомасы бойынша қажетсіздендіру әдісі
Е. кумулятивтік әдіс
5 А
Негізгі құралдар қай шотта есептеледі?
A. 2410
B. 2420
C. 2510
D. 2610
E. 2710
6 Е
Активтерді салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен жұмыс жағдайына келтірумен байланысты шығындар жиынтығынан құралатын құн қалай аталады?
A. баланстық құн
B. жою құны
C. сату құны
D. ағымдағы құн
E. бастапқы құн
7 А
Бухгалтерлік баланста жинақталған амортизация сомасы шегеріліп көрсетілетін құн қалай аталады?
A. баланстық құн
B. жою құны
C. амортизациялық құн
D. ағымдағы құн
E. бастапқы құн
8 D
Ұйымның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралдардың нарықтық бағасы қалай аталады?
A. баланстық құн
B. жою құны
C. амортизациялық құн
D. ағымдағы құн
E. бастапқы құн
9 Е
Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдар қандай түрлерге болып бөлінеді?
A. мүліктік және мүліктік емес
B. өндірістік және өндірістік емес
C. жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы
D. жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін, өндірістік, өндірістік емес
E. меншікті, жалға алынған
10 С
Басқа да негізгі құралдар тобына не жатпайды?
A. бұйымдар
B. жұмыс өнім малы
C. компьютерлік техника
D. көпжылдық ағаштар
E. әкімшілік және шаруашылық белгілеудегі заттар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет