Практикалық сабақтың тақырыбы №11 Резервтік капиталды қалыптастыру және пайдалану есебі Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №11
{Сабақтын мақсаттары, практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар}
Тәжірибелік сабақ жоспары: 1.Меншікті капитал құрылымы.
2.Жарғылық, резевтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдар есебі.
3.Бөлінбеген табыс (зиян) есебі.
Әдебиеттер 1.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл
4.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. 2008.
5. Р.С.Әбдішүкіров., Б.С.Мырзалиев Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.1-2 томдар.Алматы, 2009.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар №11
1 В
«Капитал және резервтер» бөліміне келесілердің қайсысы жатпайды?
А. жарияланған капитал
В. қорлар
С. эмиссиондық табыс
D. сатылып алынған меншікті үлестік бұйымдар
Е. бөлінбеген табыс
2 A
Капиталдың негізгі элементі не?
А. шығарылған капитал
В. резервтер
С. эмиссиондық табыс
D. сатылып алынған меншікті үлестік бұйымдар
Е. бөлінбеген табыс
3 А
Жарғылық капитал қай шотта есептеледі?
А. 5000
В. 5310
С. 5110
D. 5410
Е. 5210
4 С
Акционерлік қоғамның жарияланған капиталы қалай қалыптасады?
А. акциялар шығарумен
В. акцияларды сатумен
С. акцияларды шығырумен және сатумен
D. инвестициялар
Е. жарғылық капитал
5 А
Дивиденд дегеніміз не?
А. акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне сәйкес оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі
В. өткен уақыт үшін нақты алынған еңбек ақының негізінде есептелген жұмысшының еңбек ақы мөлшері
С. еңбек туралы заңдарда қарастырылған атқарылған уақытқа төленетін төлем
D. кәсіпорынның есепті айда алған, бірақ кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары
Е. есептеуде қайтарылған ақшаның артығы
6 В
Алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылатын, таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі қалай аталады?
А. жарияланған капитал
В. резервтік капитал
С. эмиссиондық табыс
D. сатылып алынған меншікті үлестік бұйымдар
Е. бөлінбеген табыс
7 Е
Акционерлер дивидендтері және серіктестік қатысушылары табыс арасында бөлінбеген меншікті капиталдың бөлігі – бұл:
А. жарияланған капитал
В. резервтік капитал
С. эмиссиондық табыс
D. сатылып алынған меншікті үлестік бұйымдар
Е. бөлінбеген табыс
8 D
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) туралы ақпарат қай бөлімде бейнеленеді?
А. 5000
В. 5300
С. 5100
D. 5500
Е. 5200
9 С
Резервтік капиталды құрғанда шоттардың байланысы қандай түрде болады?
А. Дебет шот 7210 Кредит шот 3350
В. Дебет шот 7110 Кредит шот 3350
С. Дебет шот 5510 Кредит шот 5310
D. Дебет шот 3430 Кредит шот 3350
Е. Дебет шот 5510 Кредит шот 5610
10 D
Жарғылық капитал дегеніміз не?
А. таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі
В. акционерлер дивидендтері және серіктестік қатысушылары табыс арасында бөлінбеген меншікті капиталдың бөлігі
С. акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне сәйкес оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі
D. қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы
Е. алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылатын капитал