Қазақстан Республикасы және жоғары білім министрлігі


Практикалық сабақтың тақырыбы №13



бет100/103
Дата27.11.2023
өлшемі1,62 Mb.
#129130
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
be-sillabus-gmu-21-1

Практикалық сабақтың тақырыбы №13
ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп беруді дайындау және құрастыру тұжырымдамасы
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13
Тәжірибелік сабақ жоспары:
1.Есеп берушілік – кәсіпорынның шаруашылық, қаржылық және мүліктік жағдайының нәтижелерін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі.
2.Қаржылық есеп берудің нысандары.
3. Қаржылық есеп берудің элементтері.


Әдебиеттер
1. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары 1 «Қаржы есептілігін ұсыну»
2.Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
3.В.П.Проскурина. Бухгалтерлік есеп. «Басынан бастап» балансқа дейін. Алматы, ««LEM» баспасы, 2010 жыл
4.Сейдахметова Ф.С. Қазілгі заманғы бухгалтерлік есеп. Алматы: «LEM» баспасы, 2008.
5.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі. Оқу құралы. 2008.
6. Р.С.Әбдішүкіров., Б.С.Мырзалиев Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.1-2 томдар.Алматы, 2009.
Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар №13
1 Е
Ұйымның қаржылық есептілігінің қандай нысандары бар?
A. бухгалтерлік баланс
B. табыстар мен шығындар туралы есеп
C. ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есеп
D. меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп
E. бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақшаның қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп
2 А
Өткен кезең үшін ұйымның қызметін кешенді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі -бұл:
А. есептілік
В. концепция
C. нормалар
D. принциптер
E. стандарттар
3 Е
Қаржылық есептіліктің пайдаланушылары кімдер болып табылады?
A. акционерлер
B. басқарушылар
C. салық инспекциясы
D. банктер
E. акционерлер, басқарушылыр, салық инспекциясы, банктер
4 D
Бухгалтерлік ақпаратқа тікелей қаржылық қызығушылығы бар пайдаланушылар категорияларына кімдер жатады?
А. сатып алушылар
B. кредиторлар
C. инвесторлар
D. салық органдары
E. сақтандыру компаниялары
5 А
Ұйыммен бақыланатын өткен келісімдер мен жағдайлардың нәтижесі ретінде экономикалық пайда әкелетін экономикалық ресурстар - бұл:
A. активтер
B. меншікті капитал
C. міндеттемелер
D. табыстар
E. шығындар
6 А
Кәсіпорын үздіксіз қызмет ететін кәсіпорын негізінде қарайтын принцип қалай аталады?
A. үздіксіздік принципі
B. есептеу принципі
C. түсініктілік принципі
D. мағыналық принципі
E. екі жақты жазу принципі
7 В
Табыстардың мойындалып және қаржылық есепте бейнеленуін, ал ақшалай қаржылардың алынуында немесе төленуінде емес, шығындардың жатқызылуын білдіретін принцип қалай аталады?
A. үздіксіздік принципі
B. есептеу принципі
C. түсініктілік принципі
D. мәнділік принципі
E. басымдылық принципі
8 С
Қаржылық есептілікте көрсетілетін ақпарат, барлық пайдаланушыларға түсінікті болуын білдіретін принцип қалай аталады?
A. үздіксіздік принципі
B. есептеу принципі
C. түсініктілік принципі
D. мәнділік принципі
E. екі жақты жазу принципі
9 D
Ақпараттың мәнді және мәнсіз болып бөлінетінін білдіретін принцип қалай аталады?
А. Маңыздылық принципі
B. есептеу принципі
C. түсініктілік принципі
D. мәнділік принципі
Е. үздіксіздік принципі
10 В
Қаржылық есептілікте көрсетілген ақпараттың бейтарап және сенімді болуы үшін тәуелсіз бос болуын болжайтын принцип қалай аталады?
А. үздіксіздік принципі
В. бейтараптық принципі
С. түсініктілік принципі
D. мәнділік принципі
Е. маңыздылық принципі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет