Әдебиеттер тізімі: 1.Алтаев Ж., Қасабек А., Мухамбет-әлi Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.
2.Быков Ф. С. Зарождение политической и философской мысли в Китае. М.: 1966.
3.Дхамманады. М.: 1960.
4.История Китайской философии. М.: 1989.
5.Классическая Йога. М.: 1992.
6.Кішібеков Д.К.,Сыдықов Ұ.Е. Философия. Алматы, 2003.
7.А. Қасабек. Тарихи философиялық таным. Алматы, 2002.
8.Махабхарата. Рамаяна. 1974.
9.Мир философии: Хрестоматия в 2х частях. М.: 1991.
10.Открытие Индии: Философские и этические воззрения в Индии ХХ в. М.: 1985.
11.Радхакришнан С. Индийская философия.в 2х т. М.: 1956.
12.Титаренко М.Л. Древнекитайсий философ Мо Ди, его школа и учения. М.: 1985.
13.Ферктистов В.В. Философские и обшественно-политческие взгляды Сюнь – Цзы.
М.: 1976.
14.Философия (құр. Т.Х.Ғабитов). Алматы. Раритет, 2005.
15.Шуцкий Ю.К. Китайская классическая « Книга перемен» М.: 1960.
16.Ян Хиншун. Материалистическая мысль в Древнем Китае. М.: 1984.
1.2 Антикалық философия «Antiquus» деген латин сөзi “ежелгi” деген мағына бередi. Антикалық философия дегенде ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. ҮII ғ. соңында ҮI ғ. басында пайда болып, б.з. V ғ. өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы спецификалық жағдайдағы философиялық дәстүр пайда болды.
Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды. Әлемнiң қайнар көзi мен негiзi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады, осыған сәйкес өткеннің, қазiргi және келешектiң мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл ғарыштың табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу, ежелгi грек философиясына тән болды. Бұл әрекеттi мифология атқарды, ол сенiмге сүйенген табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен философияның арасында маңызды айырмашылық көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын әңгiмеледi, ал философия: “Ол неден пайда болды?”- деп сұрады. Әртүрлi дәуiрдiң философтары антикалық философиядан шығармашылық шабыт, рухтану көзiн тапты. Гректер «философия» терминiн енгізді, ал адам онда рухани белсендiк типiнiң ерекшелiгiн анықтады.
Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi: Көне грек философиясы немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д. VI-V ғ басындағы кез. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Бұл мектептерден тыс тұрған философтар - Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор.
Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi - софистер (Горгий, Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi.
Эллиндiк кез (б.з.д. IҮ – б.з. Ү ғ.). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi: Эпикур мен Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих).
Антикалық философияның (даму кезеңiне тәуелсiз) негiзгi сипаты - ғарыштық логоцентризм. Логос – ежелгi философияның орталық ұғымы. Гректер ғарышты тәртiпке салынған және антикалық адамды да тәртiпке салынған әрі үйлесiмдi жүйелер деп көрсетедi. Адам бойындағы зұлымдық пен шалалық нақты бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi ретiнде түсiндiрiледi және оны философия көмегiмен толықтыруға болатынына сенедi.
Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы - ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын - физиктер, ал философияны - натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы жөніндегі мәселе қалыптасты. Элеаттардың философиясы бiрте-бiрте натурфилософиялық мотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс, оның құрлымы, ойлаудың басты тақырыбы болып қалды. Ертедегi антикалық философияның орталық мәселесi онтология болып, алғашқы ғылыми (мифологиялық емес) дүниеге көзқарастың жиынтығы жасалды.
Көне грекияның атақты философы Фалестiң пiкiрiнше, барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буға айналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсы бағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi тас та осының нәтижесi. Әртүрлi, әр алуан әлемнiң сапалық жағдайының мәнi және байланысының айрмашылығы, осыдан алғашқы орынға шығады.
Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi түсiндiруде құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең батыл, таңқалдыратын тiрлiк иесi дедi. Фалес: Тiршiлiк мәннiң ең ежелгiсi – Құдай, өйткенi ол тумаған. Бәрiнен де әдемi - әлем, өйткенi оны құдай жасаған. Бәрiнен де данышпан уақыт, өйткенi ол бәрiн шешедi, - дейдi. Дүниедегi қиын не? – «Өзiңдi тану». Ең оңайы не?- «Басқа бiреуге кеңес беру». Бақытсыздықтан қай кезде құтыласыз? – «Жауыңа сенен де қиын болғанда»1.
Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде әлдебiр белгiсiз және шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне, осы түсiнiк дүниенiң материалдық субстанциясын оның тереңiрек қарағанын көрсетедi.
Анаксимен – материалист . Оның iлiмiнше барлық нәрсе бастапқы материядан – ауадан пайда болады және қайтадан соған айналады. Ауа қозғалыста, шексiз, мәңгiлiк зат.
Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешелiгi мен ең маңызды табысы стихиялық диалектика болды. Оны Гераклит дамытты. Эфестен шыққан Гераклит (б.з.д. 540-460 ж) шындық дүниенiң өзгерiп отыратыны жайында аса ұлы пiкiр айтты: «Дүние дегенiң – аққан су», табиғаттың түп негiзi – от, ол әрдайым өзгередi. Ол қарама-қарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңын ұсынды. Бұл заң диалектиканың негiзгi заңы: суық жылыға, жылы – суыққа айналады, дымқыл зат құрғайды, құрғақ нәрсе – дымқылданады. Бұлар осы қарама-қарсылар күресiнiң нәтижесi. Барлық әлем әр уақытта ұдайы қозғалыста және өзгерiсте болады. Бiр өзенге екi рет түсе алмайсың, қайтара түскенде онда жаңарған су болады. Қоршаған ортаның салыстырмалығын мойындаған: «Теңiз суы адам үшiн - кiр, балық үшiн – таза». Адам әр жағдайда әртүрлi жақсы да, жаман да амал жасайды. Табиғаттағы осындай қарама-қарсы және мәңгi болып тұратын байланысты ол жалпыға бiрдей «логос» заңдылығы деп атады. Демек, «логос» - әлемдiк ақыл-ой. Қоршаған ортаны сезiм арқылы тану дұрыс деп есептедi.
Пифагор(б.з.д.584-500 ж) ежелгi грек философы әрі математигi. Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi - сан деп есептеген. Барлық қоршаған шындықты таңбалап санға теңедi. «Санның арқасында өлшеуге және тануға да болады», - дейдi. Категорияларды бөлiп көрсету арқылы әлемнiң бiрлiгiнiң диалектикасын (тақ пен жұп, жарық пен қараңғы, тура мен қисық, оң мен сол, әйел мен еркек, т.б.) көрсеттi. Бiрлiк барлық өте ұқсастықтың бөлiгi, ол иррационалдық сандар туралы ғылымның негiзiн қалады, математиканың дамуына елеулi үлес қосты. Оңтүстiк Италияда Пифагор одақ құрып сан мистикасы, сфералардың ғарыштық гармониясы iлiмдерiн таратты. Ол жанның өлмей көшетiнiне сендi, бұл кейiн неоплатонизмде қайтып жаңғыртылды.