Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы


Эпикуризм (Эпикур, Лукреций Кар); Стоицизм



бет17/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94
Эпикуризм (Эпикур, Лукреций Кар);
Стоицизм (Зенон Стоик, Сенека, Марк Аврелий);
Скептицизм (Пиррон, Секст Эмпирик);
Кинизм (Диоген Синопский, Антисфен, Кратет);
Неоплатонизм (Плотин, Профирий, Ямвлик, Прокл);
Эпикуризмнiң негiзiн салушы ─ Эпикур (б.з.д 341-270 жж.) аса көрнектi философ-материалист, Демокриттің атом теориясын жасаудағы iзбасары бола тұрып, оны толық мойындамады. Эпикурмеизмнiң ең iрi өкiлi ─ Тит Лукреций Кар (б.з.д. 99-55 жж.), римдiк философ, әрi ақын, “Заттардың табиғаты туралы” поэманың авторы. Онда ол атомизм идеясын насихаттап, эпикуризмдi эллиндiк дәуiрдiң атомизмi ретiнде сипаттады.
Эпикур б.з.д. 306 ж. Афинде “Эпикур бақшасы” деген атпен белгiлi мектеп ашты. Оның философиясы сол кездегi философияның барлық бөлiгiн қамтыды. Оның ұраны: ”Көзге көрiнбей өмiр сүр” болды. Онтологияда атом туралы iлiмдi ары қарай дамытты. Атомның саны шексiз, ал олардың түрiнiң саны шектi, дегенмен көз жетпес болады. Атом тек түрiмен, көлемiмен, орнымен ғана емес, салмағымен де өзгеше болады. Төмен әртүрлi жылдамдықпен құлдырап, бiр-бiрiне соғысып, түзу жолдан ауытқиды. Содан өмiрге жаңа заттар келедi деп, ол Демокритiң қатаң детерминистiк (себептiк) iлiмiнен, тағдырға мойынсұнудан құтылады. Дүниеде өмiр сүретiн заттар пайда болады және қирайды, бiрақ атомдар мәңгi, әрi өзгермейдi.
Эпикур таным туралы iлiмiнде сенсуалистiк көзқараста болды. Ол сенсуалистiк көзқарасқа, сондай-ақ дәйiктi атеизмге сүйене отырып, өзiнiң этикасын жасады. Оның аты этика iлiмiн жасаумен шықты. Оның ойынша философияның мақсаты ─ адам бақыты. Адамның мiнез-құлқы жөнiндегi қағидалар, оның өмiрден ләззат алуға деген табиғи шабытының негiзi болуға тиiс. Бұл рухтың тәуелсiздiгi мен тыныштығын қажет етедi, өлiм қорқынышы мен құдайдың күшiн жеңудің шарты. Таным процесiнде адам қорқыныштан құтылып ләззатқа, бақытқа жетедi. Философияның мәнi ─ табиғатты, қоғамды адам дүниедегі заңдылықты ақыл арқылы түсіну. Ақылға сай өмiр сүру дегенiмiз ─ әдептiлiк пен әдiлдiк. Басты мәселе, қайғыдан құтылу. Дене ләззатына шексiз берiлу, ауру мен азапқа алып келедi. Өмiрдiң мақсаты ─ рухтың алаңсыздығы, дененiң саулығы, сондықтан рахатқа бату бiрқалыпты болу керек. Әлемдi ақылмен тану – бақыт көзi, оның басты мәселесi – адам өзiн, өзiнiң жанын белгiлi бiр принциптермен қайта құруы.
Стоицизм - өте ұзақ тарихы бар антикалық мектеп. Бұл мектептiң негiзiн Зенон Китион салды. Алғашқы кезде Зенон өзiнiң мектебi үшiн портик (үй алдына тiреумен көтерiп қойған, қабырғасыз төбелi қалқа - гр. стоя) жалдап, Афинде жақтастарын жинады. Стоиктердiң арасында Рим қоғамының әртүрлi тобының өкiлдерi болды. Рим стоицизмiнiң ең көрнектi ойшылары: Луций Анней Сенека және Марк Аврелий. Сенеканың көптеген еңбектерi ұзақ сақталған. Оның “Нравственные письма к Луцилию” және император Марк Аврелийдiң “Наедине с собой” шығармалары бізге белгiлi.
Сенека, император Неронның тәрбиешiсi. Ол адамгершiлiктi насихаттайды. Қоғамдық өмiрде қайыспауды, тек өзiңнiң рухани күйiне көңiл аударуға шақырады. Өмiр сүрудiң мәнi ─ тыныштық пен пайымдау арқылы пайда болатынын көрсетедi. Адамзаттың дамуының шексiз мүмкiндiгiне сенедi. Ол мәдениет пен техниканың даму барысын болжай бiлдi. Алдымен iзгiлiктi, дiни көзқарастарды паш етiп, адамның осалдықтарына iлтипатпен және төзiмдiлiкпен қарауға шақырды. Стоиктердiң идеалы: адамның өмiрi және iшкi жан-күйi сыртқы жағдайларға байланысты болмауы керек, яғни тағдырға сенiп, адамгершiлiк пен әдiлеттiкке жеткен данышпан болу. Мысалы, Сократтың өмiрi.
Стоиктер танымның көзi ─ түйсiк дейдi. Олар бiздiң жадымызда жиналады. Түйсiк пен қабылдау да, оларды салыстыра отырып, объектiлердiң айырмашылығының белгiлерiн бөлемiз, одан түсiнiк құрастырылады. Сондықтан түсiнiк жалпы өзiнше ақылдан тыс өмiр сүрмейдi, тек жеке заттарда өмiр сүредi. Стоицизм эллиндiк кезеңдегi философияның дамуында өте зор рөл атқарды. Оның кейбiр идеялары неоплатонизмге ендi, стоицизм христиан философиясына, соңынан орта ғасырлық мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еттi. Жаңа дәуiр философтары: Декарт, Спиноза және ХХ ғасыр өкiлi ─ Делез олардың iлiмiне көп көңiл аударды.
Скептицизм Эллинизмдегi тағы бiр философиялық бағыт. Философиялық тұрғыдан стоицизм мен скептицизм бiр-бiрiмен жалғасып жатыр. Олардың мәнi – дүние танудағы бiршама мүмкiндiкке күмәндану. “Скептицизм” терминi ежелгi гректiң “скепсис” деген сөзiнен шыққан. Ол “ойлау, талдау, тербелу” ретiнде аударылады. Скептицизмде – әмбебаптық күмәндану ─ негiзгi философиялық қағида, яғни қандай да болмасын бiлiмнiң анық еместiгi туралы идеяны жүргiзедi.
Пиррон өзiнен бұрынғы данышпандардың көзқарастарын талдай келiп, дүниенiң пайда болуы мен мәнiн әртүрлi түсiндiредi. Олай болса, олардың бiреуiн жақтау қиын. Қандай да зат “осы” болса, “осы еместен” артық болмайды. Сондықтан Пиррон: «дүние туралы ешбiр пiкiр айтпауымыз керек» - дейдi. Толық сабырлылық, қызықпаушылық, алаңсыздықты (атараксия) сақтап, бақытты болуға шақырады. Пиррон ең соңында: “Сен, Пиррон өлдiң бе?”- деген сауалға “Бiлмеймiн” деп жауап бередi. Секст Эмпириктiң пiкiрiнше: скептицизмнiң идеалы ─ теориялық пiкiрден бас тарту, ал практикада мүмкiндiгiнше ақыл-ой мен әдеп-ғұрыпқа сүйенiп iс-әрекет жасау.
Скептицизм орта ғасырлық кезде ұмытылып, тек ХVI-ХVII ғасырларда еуропалық философияда “жаңа пирронизм” ретiнде қайта туды. Схоластикалық және догматикалық әдiстердi сынауда ерекше мәнге ие болды, соңынан скептицизм Юм философиясының негiзiне айналып, Кант агностицизмi мен позитивизмге әсер еттi.
Кинизм философиясы атауын Афин төбешегiнде орналасқан “Киносарг” (“қырағы төбет” немесе “ақ төбет” деген гимнасийден алады, онда алғашқы киниктер (кюнокс – ит) шұғылданды (осыдан кинизм –“ит философиясы”, “ит мектебi” латын тiлiнде), бұл мектептiң iзбасарларын – супiсi – циниктер деп атады. Мектептiң негiзiн салған Антисфен (б.з.д. 444-368 жж.) ол алдымен софист Горийден, кейiннен Сократтан дәрiс алды. Олар даңқты және байлықты ең соңғы моральдық iс-әрекет ретiнде қабылдамайды және “рахаттың өзiн рахаттанып жек көрген”, бiлiмдiлiк пен тәрбиенi де жаратпады. Ол космополитизмдi патриотизмнен жоғары қоя отырып, “әлем азаматы” идеясын ұсынды.
Синоптан шыққан кинизмнің ең әйгiлi өкiлi Диоген: “Қауымсыз, үйсiз, отансыз” өмiр сүрудi өзiне мақтаныш тұтып, iс-әрекетiнде қолданды. Афинге келген Александр Македонский Диогенмен кездесуге тiлек бiлдiредi. Ол алаңда еш жанға көңiл бөлмей, демалып жатқан Диогенге: “Не сұраймын десең өз еркiң”- дейдi. Ол оған: “Маған күндi көлеңкелемей, әрi тұр”- деп жауап береді. Бұған «патша егер мен Александр болмасам, Диоген болар едiм»,- дейдi. Ол тал түсте тобыр арасында қолына шам ұстап “адам iздеп жүрмiн” деген тезисiмен, ешқандай өркениеттi мойындамай, бөшке iшiнде өмiр сүруiмен белгiлi.
Кинизмнiң басты мәселесi – философиялық терең теорияны жасау емес, қоғамға жат құбылыс – жалғыздық, жоқшылық, қаңғыру секiлдi ерекше өмiр бейнесiн философия арқылы негiздеу және өз әрекетi арқылы тексеру. Кинизм стоиктердiң этикасына, материалдық игiлiктерден бас тартуына ықпал жасады. Христиандық идеал – аскетизм де киниктердiң өмiр сүруiнiң негiзiнде қалыптасты.
Неоплатонизм – Платон идеяларының негiзiнде дүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн салушы Плотин, ежелгi римнiң идеалист-философы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас Игiлiк дедi. Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады, одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны пайда болды. Осылайша Ақыл бiр жағынан - көптiк, барлық идеялардың көптеген мазмұны бар, екiншi жағынан - бiртұтас.
Ақыл уақыттан тыс өмiр сүредi. Ол өзiн өзi таниды, ой мазмұны - идеяларды жасайды. Бұл процесс жалпы идеялардан басталады (болмыс, қозғалыс және тыныштық, сәйкестiк және айырмашылық), бұлардан басқалар пайда болады. Ақыл барлық заттардың алғашқы бейнесi. Ақылдың эманациясы (өтуi) өз кезегiнде әлемдiк жанның пайда болуына алып келедi. Ол барлық Рухтанған iзгiлiктiң бейнесi, қозғалыстағы ғарышты жасайды. Материя болмыстың ең төменгi сатысы – ол өмiрсiз және әрекетсiз, бiрақ ол барлық идеалдықтың түрi мен мәнiн “қабылдайды”. Адамның мiндетi – болмыс иерархиясындағы өзiнiң орнын ұғыну, жоғары шығуға әрекет жасап көру. Жан-Ақыл-Бiртұтастық алыстағы шама, кейiннен олар сезiм-ой-экстазға (желiгу, шабыттануға) сәйкес болады.
Плотин философиясында болмыс құрылымы емес, әдiстемелiк идеалары жемiстi болды. Неоплатонизм идеялары христиандық философияға әсерінің нәтижесiнде ұзақ өмiр сүрiп келдi. Бұл философия осылайша антикалық философияның аяғы және еуропалық орта ғасырдағы дiннiң бастамасы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет