Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарның қауымдастығы



бет4/94
Дата21.11.2022
өлшемі1,55 Mb.
#51508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) - болмыс туралы ілім.

  • Гносеология (гр gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім.

  • Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.

    Философияның пәндері:

    1. Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б. философиялық мәселелері).

    2. Антропология философиясы - адам болмысы.

    3. Мәдениет философиясы - мәдениет әлемі.

    4. Тарих философиясы.

    5. Құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі.

    6. Дін философиясы.

    Болмыстың бастамасы туралы сұрақ философияның негізгі мәселесі саналады. Оны ашық түрде алғашқы анықтаған марксизм, ол монизм, дуализм, плюрализм ұғымдарымен тығыз байланыста болды. Монизм (гр mones - біреу, жалғыз) - дүниенің негізінде бір ғана бастама бар деп танитын философиялық бағыт, идеалистік ілімдерде - рух, материалистік ұғымда - материя. Монистер деп барлық дәйекті материалистерді (Демокрит, Фалес, Анаксимен, Анаксимандр, Гераклит, Дидро, Гольбах, Маркс, Ленин) және барлық дәйекті идеалистерді (Августин, Фома Аквинский, Кант, Гегель, Юм) санайды. Дуализм (лат. Duo - екеу)(Кант И, Декарт Р) - дүниенің негізі бір біріне бағынбайтын, тепе-тең екі нәрседен - рухтан және материядан - басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым. Плюрализм (лат. Plurais - көптік) - дүниенің негізі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ мәндерден тұрады дейтін ілім. Болмыстың негізінде көптеген (жер, су, рух, т.б.) нәрселер бар деп санайды.
    Дүние негізінің сапасына сай, философия материализм және идеализм болып бөлінеді.
    Материализм - бұл философиядағы ағым, дүниенің негізі ретінде материяны (табиғатты) мойындайды. Үнді философиясында материализм ежелгі Чарвака- Локаята мектебінде, Грек философиясында Милет мектебінде, Гераклит, Демокрит, жаңа кезеңдерде - Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Фейербах, Маркс, Герцен, Чернышевский және Ленин, француз ағартушыларының ілімдерінде дамыды. Материалистік ілім бойынша дүние, табиғат мәңгілік, ол жаралмайды, жойылмайды да, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді.
    Материализм тарих дамуында бірнеше сатыдан өтті:

    1. Стихиялық материалистер - ертедегі Үндістанда, Грекияда құлдық қоғам тұсында, ғылыми білімдердің әлі дами қоймаған кезінде пайда болған. Фалес суды, Анаксимен ауаны, Анаксимандр апейрон, Гераклит отты, Ксенофан топырақты дүниенің негізі деп ойлаған.

    2. Метафизикалық (немесе механикалық) материализм XVII-XVIII ғ жаратылыстану ғылымдарымен, әсіресе механикамен өзара тығыз байланыста дамыған. Механика заңдарын абсолюттендіріп, бүкіл табиғатты, тіпті әлеуметтік құбылыстарды да механика заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылғандықтан, бұл материализм механистік деп аталған. Оның өкілдері: Бэкон, Гоббсс, Гассенди, Спиноза, Ламетри, Дидро, Гельвецкий, Гольбах, т.б.

    3. Диалектикалық материализм. Маркстік материализм бұрынғы философияға қарағанда мазмұны жағынан да, өзінің қоғамдық өмірдегі рөлі жағынан да сапалы, жан-жақты дамыған. Материализм мен диалектиканың органикалық бірлігіне сүйеніп, қоғамдық құбылыстарды да қамтиды.

    Антропологиялық мтериализм. Адам психофизиологиялық тірі организм ретінде рух пен материяны біріктіреді.Бірақ, адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі қоғамдық-тарихи практика екенін мойындамайды. Өкілдері:Фейербах, Чернышевский.
    Материализмде ерекше бөлінетін бағыт - тұрпайы (вульгарный) материализм. Олар ойлауды, сананы, психиканы материямен теңестірді, бауырдың - өтті, бүйректің - сұйық дәрет шығаратыны секілді, ойда мидан шығады-мыс деп ұйғарады. Сондықтан ойлау осы мағынасында материалдық болып табылады. Бұл - өрескел қате. Өкілдері: К. Фогт,
    Я. Молешотт, Л. Бюхнер (ХІХ ғғ.).
    Материализмнің әлсіз жағы – сананың белсенді мәнін түсіндірмеуі, толық дәлелдей алмауы. Материализм философиядағы үстемдік етуші ағым ретінде демократиялық - грекияда, XVII ғ, - ағылшында, XVIII ғ, - францияда және ХХ ғ, - СССР және социалистік мемлекеттерде өмір сүрді.
    Идея (гр. түр, көрік). Идеализм - бұл философиядағы бағытта дүниенің, болмыстың негізі ретінде бір идеалдық мән мойындалады. Яғни рух пен субъектіні негіз деп, материя мен табиғатты туынды деп санайды. Олардың пікірінше, ғылым ашқан табиғат пен қоғам заңдары, құбылыстар мен процестердің себептері тек санамызда орын алған жүйені білдіреді. Идализмнің екі түрі бар: субъективтік, объективтік идеализм:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет