Қоғамдық сананың түрлері: 1. Саяси сана - таптар, ұлттар, әртүрлі топтардың, мемлекеттердің қатынасын қарастырады. 2. Құқықтық сана. Тек тәрбиелеу, адамға жетіліксіз. Құқықтың негізгі мақсаты - демократиялық заңдар арқылы теңдік, әдептілік қағидасын, адам бостандығын қорғау. 3. Моральдық сана (лат mores - әдет-ғұрып). Ар-ұждан, міндет-парыз, абырой, адамгершілік және әдептілікті өмір мақсаты тұтып, өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт. 4. Эстетикалық сана. Өнер, әдемілік адам қызметінің өзгеше түрі. Көркемдік тұрғыдан берілетін шындықтың бейнесі, дүниені игерудің аса маңызды тәсілі. 5. Дiн және атеизм. Дiн дегенiмiз – күнделiктi өмiрде сыртқы күштердiң адам санасында қияли түрде бейнелеуi. Дiн әр уақытта табиғаттан тыс күшке сенуге мәжбүр етедi. Оны мифологикалық түсiнiктер әдет-ғұрып және мистикалық көңiл-күй арқылы негiздейдi. Атеизм - ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығару, құлшылық етуден безу. 6. Философия - ой жүйесі, дұрыс ойлауды үйрету. Адамның қоршаған дүниеге қатынасының жалпы формалары мен заңдылықтарын зерттейтін ілім. 7. Ғылым - қоғамдық саналардың бәріне тікелей қатысты теориялар жиынтығы.
Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі, бірақ өз құрамында өткен ұрпақсанасының ерекшеліктерін сақтайды, яғни оның тура көшірмесі бола алмайды. Және ол болмысқа кері әсерін тигізіп, оның өзгеруіне ықпал жасайды. Сондықтан қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігін мойындауымыз керек. Бұл қалыптасқан болмысты құптаушылардың, оған қарсы шығушылардың бар екендігімен дәлелденеді. Қоғамдық сана жеке сананың әсерімен ғана дами алатындықтан, ол әркімге ерекше жауапкершілік жүктейді.
Семинар сабағының жоспары: Адамның санасы мен рухани әлемі туралы философиялық және діни түсініктер.