Субъективтік идеализм – дүниенің, болмыстың негізі ретінде адамның санасы, адамның «менін» мойындайды. Бізді қоршаған дүние біздің түйсіктеріміздің жиынтығы деп санайды. Олар: Беркли, Мах, Авенариус, Фихте, Юм, Кант, экзистенциализм және феноменология жақтастары. «Мен ғана өмір сүремін, мен бар болсам барлығы да бар, мен жоқ болсам барлығы да жоқ болады» деген субъективтік идеализмнің бір түрі солипсизм деп аталады. Идеялар адамның ақыл-ойында өмір сүреді, материалдық заттардың бейнесі де (идеясы) тек адамның ақыл-ойы, сезімдік түйсіктері арқылы өмір сүреді.
Объективтік идеализм - бұл философия ағымында дүниенің негізі ретінде объективті өмір сүретін идеалдық мән, яғни адам санасынан сырт және тәуелсіз өмір сүретін рух (Құдай, Абсолют, Әлемдік ақыл, т.б.) саналады. Объективтік идеализм ежелгі әлемдегі көптеген мектептерде пайда болып, дамыды. Үндіде (барлық ортодоксальдық мектептерде), Қытайда (Конфуцийшілдік, даосизм), Грекия мен Римде (Пифагор, Платон, неоплатонизм,т.б.), соңынан Орта ғасырда, Қайта өрлеу мен Жаңа заманда жетілді. Өзінің дәйекті және аяқталған түрін немістің классикалық философиясында Гегель тапты.
Негізгі материализм мен идеализм бағыттарымен бірге аралық, келісімдік ағымдар - пантеизм, деизм, гилозоизмбар:
Гилозоизм - (гр. Hylo және zoe - зат және өмір) материяның әмбебап тіршілігі туралы философиялық ілім. Бүл ілім түсіну және ойлау қабілетін материяның барлық формаларында бар деп есептейді. Шындығында түйсік - жоғарғы дамыған органикалық материяға ғана тән қасиет. Грецияда Фалес пен Гераклит ілімінде пайда болды. Антикалық гилозоизм пантеизмнің теориялық негізі болды.
Пантеизм - (гр. pan - бәрі және tcheos – құдай). Құдайды және әлемді біртұтас деп таниды, яғни құдай (идеалдық бастама) және табиғат (материалдық бастама) теңестіріледі. Табиғаттан тыс құдай жоқ, сонымен бірге Құдайдан тыс табиғат та жоқ.
Пантеизм қайта өрлеу дәуірінде пайда болды. Бұл идеяны дамытқандар: Николай Кузанский, Джордано Бруно, ал Жаңа Заманда пантеизм идеясы Шеллинг, Гегель, Соловьевтарда кездеседі.
Деизм - бұл философия ағымы, ол Құдайдың бар екенін мойындайды. Әлемді Құдай жаратқан, бірақ одан соң оның адам мен қоғам өміріне әсері де, ықпалы да, қатысы да жоқ дейді. Ол тек өнегелік символ болып қызмет атқарады. Деизм - объективтік идеализмнің ерекше түрі, сонымен бірге объективтік идеализмнің материализмге өтуі жолындағы кезең болады. Деизм XVII ғ пайда болып, ағартушылық дәуірде өте кең тарады. Оның негізін салғандар: Декарт, Ньютон, Локк, белгілі деистердің қатарына - Вольтер, Руссо, Кант, Ломоносов және Абайды қосуға болады.
Философияның негізгі мәселесінің екінші сұрағы, адам санасының дүниені тану мүмкіндігіне арналған. Осыған сәйкес агностизм және гносеология пайда болды. Гносеология -(гр. gnosis таным туралы ілім ретінде әлемді тануға болатындығына күмән келтірмейді.. Агностицизм («а» жоқ, «гносис» - білім деген сөзден шыққан) - объектт дүниені тану мүмкіншілігін толық немесе iшiнара бекерге шығаратын философия ілімі. Дүниенің бастамасы туралы мәселеде дүниені тану немесе болмыс пен ойлаудың сәйкестігі қаралады. Кейбір ойшылдар ақиқатты аяғына дейін тануға болмайды деп есептейді. Олар агностицизм ағымына жатады. Олар: Протогор, Кант, Беркли, Юм. Ежелгі заманда агностицизм түріне: софистика, скептицизм және релятивизмжатады.
Софизм – ақиқат білімнің барына сенбей, елді өзіне қарату үшін мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы дәлелдеу мақсатымен құрылған ой қорытындылары.
Скептицизм - объективтік дүниені танып білу мүмкіндігіне сенбей, күдікке көп орын беретін философиялық ілім (Пиррон).
Релятивизм (лат relativus - относительно, салыстырмалы) – объективтік болмысты білу мүмкін емес деп қарайтын және барлық білімді болжам деп есептейтін философиялық ілім. Релятивизм негізін салушылар негізінен софистер мен скептиктер, ал Жаңа заманда ол позитивизмде дамыды. Олар барлық білімді салыстырмалы принципте түсіндіреді, яғни оның толық еместігін, шарттылығын көп айтады және осының негізінде қандай болса да объективтік шындықты жоққа шығарды.
Философия ғылымының таным теориясында өзіндік төмендегідей ерекше ағымдар пайда болды.