Жүйе – реттелген қатынастағы элементтердің жиынтығы.
Заттану – адам мүмкіндіктерінің затқа көшірілуі, әлеуметтік-мәдени мәнге ие болуы. Бұған кері процесте заттың мәні, адамның игілігіне айналып, адам мәдени жан ретінде қалыптасады.
Заң – нақтылы дүние мен қажетте қайталанып отыратын құбылыстардың байланысын бейнелейтін категория.
Құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын, ішкі, тұрақты мәнді.
Идеализм – (гр. idea- дәлме діл, көрініп тұрған нәрсе, бейне) рухты негіз деп санайтын философиялық ілім.
Индукция – ойлаудың жекеден жалпыға көшіп, қорытындылар шығаратын ойлау әдісі.
Иррационализм – (лат. irrationalis – ақылсыз, санасы, ақыл жетпейтін) философиядағы ағым, танымда ақыл күшін мойындамайды, оған тіпті шек қояды, сонымен болмыстың мәніне ақылдың жетпейтінін уағыздайды.
Идеалдық - обьективтік әлемнің субьективтік бейнесі. «Идеалдық дегеніміз – адам санасына енгізілген және онда қайта қорытылған материалдықтан басқа ешнәрсе де емес» (К. Маркс).
Имманенттік – (лат. Immanens) бір дененің ішінде орналасқан) заттың, құбылыстың немесе процестің іштей өзіне тән қасиеті.
Кеңістік – материя болмысының жалпы формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзындығының, құрылымының, қатар өмір сүруі мен әрекеттігінің сипаты.
Категориялар – (гр. Kategoria – пікір айту, куәгерлік) обьективтік нақты құбылыстардың заңдылығы мен олардың негізгі қасиеттерін бейнелейтін ең жалпы түсінік.
Комплекс – көптеген элементтерді жинақтайтын кіші жүйелерден тұратын күрделі жүйе.
Концепция– негіз болатын ой, мазмұнын топтастыру, негізгі көзқарас.
Креационизм – (лат. creation - жасау) – құдайдың әлемді жоқтан жасауы туралы діни ілім.
Қажеттілік пен еркіндік – адам әрекеті, табиғат пен қоғамның обьективтік заңдары арасындағы қатынастарды білдіретін философиялық категория.