Антитезис – диалектикалық даму процесінде тезистің бастау қалпын бекерге шығару.
Априорлық
бет 85/94 Дата 21.11.2022 өлшемі 1,55 Mb. #51508
Байланысты:
1093 k L Антитезис – диалектикалық даму процесінде тезистің бастау қалпын бекерге шығару.
Априорлық (тәжірибесіз жорамал айту) – тәжірибеге дейінгі , яғни ақыл-ойды әуелбастан бар, дәлелдеуді керек етпейді.
Априорлық сезім мазмұнының түрі – адамның туа көретін таным обьектісі. Кант философиясында бұл – кеңістік пен уақыт.
Апейрон – (гр. apeiron - шексіз) мәңгі қозғалыстағы шексіз , белгісіз, санасыз материяны білдіру үшін Анаксимандар енгізген ұғым. Анаксимандар енгізген , мәңгі қозғалыстағы шексіз, белгісіз санасыз материяны белгілеу ұғымы.
Атом – (гр. atomas – бөлінбейтін) дүниенің бастамасы , себебі және барлық тіршіліктің мәні, материалдың бөлінбейтін бөлігі (Демокрит, Левкипп, Эпикур).
Атеизм – ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығару , құлшылық етуден безу.
Болмыс (онтология) – барлық тіршілік бір бүтіндік (біртұтастық) ретінде санадан тәуелсіз өмір сүретін обьективтік дүниені белгілейтін философиялық категория.
Бейнелеу (шағылысу) – материяның жалпы қасиеті, материалдық денелердің өздігінен өзгеруі нәтижесінде әрекетке түсетін денелерге тән ерекшелікті , ортақ белгілер мен заңдылықтарды жинақтау.
Бастама (немесе архе) – бұл негіз, әлемнің ең кішкентай бөлшегі , (су, от, атом, монада, т/б).
Біртұтастық – үш әлем: табиғат, әлеумет және руханидің бірлігін көрсететін категория.
Волюнтаризм – болмыстың түпнегізі деп, ерік, ырықты санайтын бағыт.
Гипотеза – (гр. huostasis – негізгі болжам). Ғылыми болжам, шамалау және оның ақиқаттық мәнінің белгісіздігі.
Гилозоизм – (гр.hule – зат және loe - өмір). Материяның әмбебап тіршілігі туралы философиялық ілім.
Гносеология – (гр.gnosis – білім, logos - ілім). Таным туралы философиялық ілім.
Гедонизм – «адам рақат тұрмысқа тырысады» – дейтін көне грек ілімі.
Достарыңызбен бөлісу: