Гелиоцентризм– күнді әлемнің ортасы деп есептейтін көзқарастар жүйесі.
Гуманизм – (лат. Humanus) орта ғасырдың соңғы кезеңінде пайда болып, схоластика мен шіркеудің рухани үстемдігіне қарсылық арқылы адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
Герменевтика – ( гр.hermeneo) түсіндіремін, мәтіндерді түсіндірудің өнері. Неопозитивизмнен ерекше, ол тілдің өзі дүниетанымды қамтитынына сүйеніп, дүниені түсіну үшін тілді оқу жеткілікті деп есептейді.
Ғылым– шындық туралы обьективтік білімді теориялық жүйе келтірумен байланысты, адам іс-әрекетінің саласы.
Дүниеге көзқарас – дүниеге және ондағы адамның орнына арналған аса жалпы көзқарастар жиынтығы.
Деизм - әлемді құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен табиғатқа құдай әсерінің қатысы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым.
Дедукция – (лат. Deductio – сырын ашу) ойлаудың жалпыдан – жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығару әдісі.
Диалектикалық материализм - әлем өздігінен дамитын, дүниеден тыс ешбір күшті қажет етпейтін материалдық жүйе ретінде қарайтын философиялық бағыт.
Детерменизм – (лат. Determino (deterino) анықтау – табиғатта, қоғамда және психикалық құбылыстарда болатын жалпы өзрара байланыстылығының себептерін, себептігінің заңдылығын зерттейтін ілім.
Дуализм – (лат. duo - екеу) дүниенің негізгі бір-біріне бағынбайтын, тепе-тең екі нәрседен – рух пен материядан басталады деп танып, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым.
Жаһандандыру – тұрақты әлемдік шаруашылық байланыстар әсерімен қалыптасқан әртүрлі елдер мен аймақтардың жалпылық белгілер мен өмір сүру көріністері.
Жан – адамның психикасы мен ішкі дүниесін білдіретін тарихи өзгермелі көзқарас. Дін мен идеалистік философияда денеден тәуелсіз өмір сүретін ерекше материалдық емес субстанция.
Жаттану – адамның әрекеті мен оның туындысының обьективтік түрде дербес бір күшке айналып, оның өзіне билік жасап, қарсы тұратынын білдіретін философиялық-әлеуметтік категория.