Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет108/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   215
12. Қосымша суреттер: Бұл «Тілік суреттер» ойынының басқа 
үлгісі,  қарапайым  суреттен  бірнеше  бөлікті  қырқып  алып,  олар-
ды  таза  параққа  жапсырыңыз  да,  тіліктерді  қара  сызықпен  айнал-
дыра  жиектеп  шығыңыз.Ойықтарды  кескіндеменің  сəйкес  келетін 
қосымша суреттерімен толықтыру үшін бала əр қосымша суреттің 
тек орнын ғана табуы тиіс болады.
13.  Нысандар  шеберханасы:  Бұл  шеберхананы  ұйымдастыру 
мүлде  қиын  емес.  Ол  үшін  бастары  алып  тасталған  сіріңкелер  (не-
месе  есептеуіш  таяқшалар),  мыстан  жасалған  иілгіш  сым  бөліктері 
(немесе  қалың  жүннен  иірілген  жіп)  жəне  геометриялық  фигуралар 
үлгілері қажет болады. Квадрат, тік төртбұрыш, үшбұрыш сияқты тік 
бүйірлі фигураларды бала таяқшалардан тізіп, ал дөңгелек жəне овал 
сияқты фигураларды сымнан құрастыра алады. Балалардың əрқайсысы 
жасауды үйренген соң, оны сол нысандардың түрлерімен таныстыру-
ды бастаңыз. Енді үлгі ретінде жіңішке жəне енді тік төртбұрыштар, 
бұрыштарының  көлемі  əр  түрлі  үшбұрыштар  жəне  т.б.  алыңыз. 
Үлгілерді жасай отырып, алдын ала баланың қолындағы материалдан 
осы фигураларды жасау мүмкін екендігіне көз жеткізіңіз. Балаға мына-
дай қарапайым фигураларды жасауға болады:
11-сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет