Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет113/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   215
18. Бүгін ауа-райы қандайАлдымен балаға қарапайым сурет 
арқылы кез-келген нəрсені, оның ішінде ауа-райын да бейнелеуге бо-
латынын əңгімелеп беріңіз. Оған мұндай суреттер порттарда  сапарға 
кетіп бара жатқан кеме экипаждары, жəне əуежайларда ұшақтарды 
жүргізетін  ұшқыштар  жəне  жолаушылар  үшін  іліп  қойылатын  ар-
найы  ауа-райы  сызбаларын  құрастыру  үшін  қолданылатынын 
14-сурет
15-сурет.


195
 
түсіндіріңіз. Сосын балаға ашық күншуақты күнді, аспан бұлттанып 
тұрған  бұлыңғыр  күнді,  жаңбырлы  күнді,  күшті  қар  жауған  күнді, 
жел соққан күнді, теңіздің аздап толқындағанын, дауылды жəне т.б. 
қалай  белгілеуге  болатынын  ойлап  табуын  ұсыныңыз.  Алдымен 
балаға  тапсырманы  өз  бетінше  орындауға  мүмкіндік  беріңіз.  Егер 
ол  орындай  алмаса,  жекелеген  суреттерді  таңдап  алыңыз  немесе 
күн,  жаңбыр,  бұлт,  қар,  толқын,  желден  майысқан  ағаш  бейнелен-
ген  кішкене  суреттер  салыңыз.  Суреттердің  барлығы  қарапайым 
жəне  түсінікті  болу  керек.  Суреттер  дайын  болып,  бала  олардың 
көмегімен ауа-райын қалай белгілейтінін түсінген соң, ауа-райы бол-
жамы бюросы ойынын ойнап көріңіздер. Сіз ауа-райы туралы мəлімет 
бересіз,  ал  ол – шартты  белгілері  бар  суреттерді  пайдаланып  қала 
тұрғындарына (қуыршақтарға) хабарлама береді. Мысалы, сіз жаңбыр 
жауды  деп  хабарлайсыз – ал  бала  жаңбыр  нөсерінің  суреті  салынған 
карточканы іріктеп алады. Содан кейін кезек балаға келеді. Ол жаңбыр 
қойды, күн шықты деп айтуы мүмкін, ал суретті сіз іріктеп аласыз. Бара-
бара қолда бар суреттерді жаңасымен толықтырып отырыңыз. Балаға 
ойын барысында əлі кездеспеген ауа-райының өзгерістерін белгілеуді 
ұсыныңыз.  Ойынды  күрделендіруге  болады:  бір  карточкада  екі-үш 
белгі қойыңыз (күн мен жел, қар мен бұлт жəне т.б.). Ойынның осы 
түрін жасы үлкендеу балалар үшін де қолдануға болады.
16-сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет