196 19. Не артық? Оқушыға əр карточка жеке ұсынылады. Карточка
ұсынылар алдында төмендегідей түсініктеме беріледі. «Мен қазір су-
реттер салынған карточка беремін. Карточкадағы суреттерге мұқият
қарап, ішінде қалған 3 суретке байланысы жоқ бір сурет артық. Сол
артық суретті тап».
20. Қораптың иесін тап? Балаға 3 сурет ұсынылады. Суреттегі
ойыншық тауықты, балапанды, үйректі қораптарға орналасты-
ру қажетігі түсіндіріледі. Тауық үйректен үлкен, үйрек балапан-
нан үлкен. Сурет бойынша қайсысын қай қорапқа орналастыру
керектігін тап.
21. Аяқ киімнің иесін тап. Оқушыларға төмендегі сурет
ұсынылады. Суреттегі балалардың аяқ киімдерін табу керек. Балаға
көзбен қай баланың бойы ұзын екенін анықтай отырып, қай аяқ
киімді қай балаға кигізу қажет екендігін табу керек.
17-сурет «Қораптың иесін тап» əдістемесіне арналған тапсырма.
18-сурет. «Аяқ киімнің иесін тап» əдістемесіне арналған тапсырма