249
1 _________
2 _________
3 _________
4 _________
5 _________
1 _________
2 _________
3 _________
4 _________
5 _________
Талқылау сұрақтары
1. Өздеріңіздің белгіленген өлшем бойынша орта мен қылықтың
əрекет байланысын көрсетіңіздер.
2. Өздеріңіздің өлшем бірліктеріңізді басқа студенттердің
жұмысымен салыстырыңыз.
3. Аудитория ортасының жағымды қатынасы қандай, ол өзара
қарым-қатынасқа əсер ете ме?
Практикалық тапсырма
Мақсаты: Студенттің аудиториядағы орналасу орнына қарай
белсенділігін анықтау.
1973 жылы Роберт Саммер жəне оның ұжымы аудитория ішінде
алдыңғы жəне ортаңғы қатардағы студенттердің белсенділік деңгейі
жоғары екенін анықтаған. Студенттер орналасу орнын өздері
таңдайтындықтан, олардың қабілеттілік, қызығушылық сияқты
деңгейлерін бағалауға болады. Олай болса, оқудағы жоғары деңгей,
белсенділік аудиторияның орналасу жағдайына байланысты.
Тапсырма. Зерттеу жүргізу үшін аудитория ортасы мен үш
аудиторияның орналасу суретін салыңыздар (лектік аудитория,
лабораториялық аудитория, шағын аудитория). Студенттердің
белсенділік деңгейін анықтаңыз. (Т-төмен, О-орташа, Ж-жоғары)
деңгейлерде орналасу орнына қарай студенттерді бағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: