251
ə) психологиялық тексеріс-зерттеу, тренинг жəне басқа
əрекеттерге қатысты адамдар бұл жұмыстың мақсаты, көлемі,
қорытынды-тұжырымдар туралы, олардың мүдделі адамдар мен
білім мекемелеріне баяндалатыны туралы хабар болуы қажет;
б) оқушылардың, тəрбиеленушілердің, педагог-мұғалімдердің,
ата-аналардың психологиялық əрекеттерге (диагностика, кеңес беру,
түзету жұмысы, психотерапия) қатысуы өз еркімен, ынтасымен бо-
луы шарт;
в) психологтың зерттелінуші туралы жинаған мəліметтері,
қолданған əдіс-тəсілдері тек іс жоспарының шеңберінде, өзі қызмет
жасап жүрген мекеменің ерекшелік көлемінде ғана болуы керек;
г) егер психологты аттестациялау мақсатында, оның білім деңгейі
мен біліктілігін айқындау үшін зерттелінеді. Осы мақсатта берілген
хабарлама хаттары тіркеліп, оның құпиясы жарияланбайтындай
сақтықты қамтамасыз ету;
д) тындырылған жұмыс туралы, зерттеу қорытындылары,
зерттелінушінің қоршаған ортада ешкімге ұқсастығын тудырмай-
тындай етіп жазылуы шарт;
е) диагностика, кеңес беру, зерттеу үстінде зерттелінушімен пси-
хологтан басқа бөгде адамның болу, болмауы алдын ала келіседі (16
жасқа толмаған болса, ол бала үшін жауапты адамдардың келісімі
керек);
ё) психологиялық тексеріс-зерттеу жүргізуге тапсырыс бер-
ген мекеме басшысы кəсіби құпияның сақталуына міндетті екені
ескертілу керек. Басшылыққа зерттеулердің қорытындысы мен
тұжырымдарын хабарлай отырып, психолог білім жүйесіне қатысы
жоқ, зерттелінушіге кесірі əсерін тигізбейтін деректерді таратпағаны
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: