250
6.2 Психодиагностиканың этикалық жəне кəсіби
сұрақтары
Этикалық кодекстердің негізгі қағидалары. Кодекстің
негізгі мақсаты – психологтың кəсіби қызметіне байланысты
оның құқықтары мен міндеттерін айқындау. Психологтың күнбе-
күнгі қызметінде кездесетін əртүрлі
проблемалары мен келеңсіз
жағдайларды шешуді іскерлік пен біліктіліктің белгісі болуға тиіс.
Ол – қоғамда орынсыз қолданылған психологиялық əрекеттерден
қорғауға, психологтың жеке басының абыройын сақтауға кепілдік.
Кодекс «Балалар құқығы» Женева конференциясымен заңдылық
негізде құрастырылған.
Бұл кодекс психологтың кəсіби қызметінің барлық түріне
шектеусіз жол ашады. Психологты білім саласына жұмысқа
орналастырғанда, оны осы кодекспен таныстыру міндет. Кодекстің
қағидаларын сақтау педагог-психологпен енгізілуі мүмкін. Психо-
лог қызметінің Кодекске сəйкестілігі аттестациялау ескеріледі. Егер
психологтың Кодекс процестерін өрескел бұзған кездері болса, ол
психологтың қызмет бабына сəйкес еместігін бағалаудың əсері бо-
луы мүмкін.
Псиохолог қызметінің негізгі этикалық қағидалары
Бұл қағидалар:
- Құпиялылық;
- Білгір-біліктілік;
- Жоғары жауапкершілік;
- Этика жəне заңдылық;
- Психологияны кəсіби насихаттау;
- Клиенттің амандығын, тұлғасын сақтау;
- Кəсіби одақтастық (қоғамдастық) құру.
Клиентті ізденіс-зерттеулердің мақсаты жəне қорытындыларымен
хабардар ету.
Психологтың кəсіби əрекеттерінің моральдық жағымды
құндылығы:
Достарыңызбен бөлісу: