Константность – қабылданатын заттың тұрақтылығы, оның
сезім мүшелерінің тітіркену параметрлерінен тəуелсіздігі.
Контент талдау – құжаттар мен бейнетаспаларда, сұхбаттарда т.б.
мəліметтерді талдау жəне бағалау əдісі мұнда осы материалдардың
қолдану жиілігі білдіретін ұғымдар мен түйіндер тіркеледі.
Конфабуляция – естің бұзылуы салдарынан туындайтын жалған
еске түсіру.
Конфликт – өзара əрекеттес субъектілердің əр түрлі бағыт-
тағы мақсаттық қызығулар позицияларының пікірлері мен
көзқарастарының шиеленісуі.
Корпорация – өз тобының мүддесінен басқаны ойламайтын
адамдар тобы.