286 Интуиция – ойланбай, не пікір түймей-ақ тікелей тұжырымдайтын
білім.
Инфантилизм – адам психикасы дамуының тежелуі, тоқырауға
ұшырауы.
Инциация – жасөспірімді ересек адамдар қатарына қосуға
арналған жол-жорамен рəсімдеу.
Ипохондрия – өз денсаулығына шамадан тыс көңіл бөлушілік,
жазылмайтын ауруға шалдығып қалам ба деп қорқушылық.
Иррадиация – жүйке процестерін (қозу, тежелу) пайда болған
мидың алабына, басқа бөліктеріне таралуы.
Кəсіптік бағдар – мамандық пен қызмет таңдаудағы қолайлысын
табуды мақсат еткен, тұлғаның икемділіктері мен қабілеттерін
анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-шаралар
кешені.
Когнитивтік психология – адамның танымдық процестерінің
даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын, сондай-ақ, сана құрылымын
зерттейтін психологияның бір бағыты.
Коммуникация x адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестіктің
мағыналық аспектісі.
Консонанс – дыбыстардың үйлесімділігі, жағымдылығы.