6-əдістеме «Жақын адамның өзіне қарым-қатынасының деңгейі мен сипатын зерттеу». Мақсаты: баланың жақын адамдармен қарым-қатынасын жəне
өзінің оларға қарым- қатынасын бағалау.
Жабдықтар: ақ қағаз бетіне алты қатардан тұратын екі баспалдақ
ер бала мен қыз баланың бейнесі салынады.
Зерттеу процедурасы: екі сериядан тұрады.
Бірінші серия: Баламен оның отбасы мүшелері туралы əңгімелесу.
Балабақшадағы жолдастары туралы пікірлесу, одан əрі қарай
зерттеуші балаға алты қатарлы баспалдақтағы бір суретті береді,
жəне оларды қатарларға орналастыру ұсынылады. Жоғарғы қатарға
жолдас бола алмайтын балаларды отырғызуға болады. Содан соң
балаға жасына бөлінген сурет беріледі (ұл немесе қыздың бейнесі),
бұл тапсырма бойынша ол баспалдақтан өз орнын анықтайды.
Екінші серия: Сол балалар тексеруге қайта қатысады. Балада
тəрбиешісі қалай орналастырса, мен де солай жасаймын деген пікір
175
болады. Əрі қарай баладан ата-анаң сені қандай қатарға орналасты-
рар еді, апасы ше, ағасы, əжесі, атасы т.б. туған туысқандарының
өзіне берер бағасын немесе орнын анықтаймыз. Ал егер тəрбиеші
немесе басқа бір туысқаны оны төменгі қатарда орналастырса, оның
себебін түсіндіруін ұсынамыз.