Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет166/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   215
ІІІ. Жауапкершілік 
а) психолог қоғам-жұртшылық алдында өзінің кəсіби жəне адами 
жауапкершілігін жете түсінуі шарт;
ə)  тексеру,  зерттеу  процесінде  психолог,  ең  алдымен, 
адамдардың  (клиенттердің)  жеке  басының  қауіпсіздігін,  тексеріс 
қорытындыларының оған зиянсыз болуын қамтамасыз етуі тиіс;
б)  психолог  тексеріс-зерттеу  жұмыстарын  өзі  жүргізсе  де,  осы 
жұмыстарды атқарушыларға басшылық етсе де, этикалық Кодекстің 
мүлтіксіз орындалуына жауапты;
в) психолог көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде тексерілмеген, 
көз  жетпеген  деректер  келтіріп,  өзінің  білімі  мен  білгірлік  деңгейі 
туралы  айтып,  оқырмандар  мен  тыңдаушыларға  жалған  ақпарат 
бермеуі тиіс;
г)  тексеріс-зерттеу  жұмыстарының  шынайы  мақсатына  жетудің 
баламасы  болмаған  жағдайда  психолог  зерттелінушіге  бұл 
ізденістердің мақсатын түсіндірмеуіне болады. Бүкіл психологиялық 
əрекеттердің  құпияларын  зерттелінушіге  жұмыс  аяғына  дейін 
мəлімдеме берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет