90
зерттеуде қолданылатын əдістердің сəйкестігі негізінде бағаланып
тұрған сапалылықты анықтайды. Дəлділік, зерттелініп отырған са-
па лы лықтың айырмашылықтарын таба алуын көрсетеді. Мысалы,
сауалнама əдісінде немесе сұрақнама əдісінде балаға беріліп отырған
сұрақтарға «жоқ» немесе «ия» деп жауап беруі осыған дəлел.
Сенімділік – осы əдістерді қолдану кезінде бір нəтижеге алып
келуі. Балалар психодиагностикасының практикасында тек валидті,
яғни дəл жəне сенімді əдістер қолданылуы керек, себебі, дұрыс емес
мəліметтер мен қорытындыларда қателердің жіберілуі мүмкін. Со-
нымен бірге, балалардың оқуға бейімделуінің қабілеттілігі жəне
мектептегі жағдайға жетілдірудің жобалары əрбір сауалнамада да-
мып отырады. Балалардың бейімделу қабілеттерін жақсарту үшін
қойылатын сұрақтарды оларды дамыту шарттарына көп назар аудары-
лады. Кейбір кездерде оларға қолданылған психологиялық тесттердің
қорытындысында ең төменгі көрсеткіштерді көрсеткенімен, дұрыс
дамып, тəрбиеленуінің арқасында өзінің құрдастарына тез жетеді.
Бүкіл психодиогностикалық əдістемелерді балаларға қолдану
алдындағы қабылдау мен талдаудың негізгі кезеңдері мыналар:
- берілген əдістеме арқылы зертелінетін сапаның немесе
қасиеттердің нақты анықтамасы;
- объективті белгілердің жүйесін таңдау. Олардың негізінде
балаларға сəйкес сапалылықтың жəне қасиеттердің бойында болу-
ын көрсету;
- таңдалған амалдарды белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: