Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


 Тесттің сенімділігі мен валидтілігі



Pdf көрінісі
бет38/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   215
3.3 Тесттің сенімділігі мен валидтілігі
Психодиагностикалық  əдістемелерді  қолдануда  қойылатын 
басты  талаптар  олардың  репрезентативтілігі,  валидтілігі  жəне 
сенімділігі. Бұл талаптар қалыпты нормаларға сəйкес болғанда ғана 
əдістемелердің  ғылыми  деңгейі  дəлелденген  жəне  қолдануға  бола-
ды  деген  қорытынды  жасай  аламыз.  Алайда  сол  талаптарға  дейін 
əдістемелер  бейімдеу  жəне  құру  технологиясы  сатыларынан  өтеді. 
Бұл  психодиагностикалық  əдістемелерді  тексерудің  эмпирикалық 
апробациясының  толық  стратегиясы  жəне  тəжірибеге  енгізілуі  бо-
лып табылады.
Психодиагностикалық  əдістемені  құру  немесе  шетелдік 
əдістемелерді  бейімдеу  белгілі  психометрикалық  қасиеттер – 


86
репрезентативтілік,  сенімділік,  валидтілік,  дəлділікті  тексеру  (не-
месе  қайта  тексеруге)  қажеттілігінен  туындамайды.  Əдістемені 
құру  немесе  аудару  жұмысы  бірнеше  сатылы  тексеруден  өткенде 
ғана  жақсы  нəтиже  береді.  Психодиагностикалық  əдістемелер  мен 
тесттерді бейімдеу ақиқат жағдайлар негізінде оларды «құру» неме-
се «қолдану» ғана емес, сонымен қатар, ол абсолютті полюстардың 
арасындағы континиум, яғни ешқандай күмəн туғызбайтын тексеру 
нəтижесі болып табылады.
  Алынған  нəтижелер  бағасының  таңдауы  ерекше  көрсеткішке 
ие болады. Психологиялық зерттеу көрсеткіштердің салыстыруын-
сыз ешнəрсені білдірмейді. Стандарттық нормалардың салыстырма-
лы орындалуы, яғни берілген «əдістеме» репрезентативті таңдамаға 
сəйкес болса, онда əр адамның бейнесі жеке ерекшелігіне сəйкес нор-
малар жəне тəжірибелер негізінде құрылады. Зерттелуші əдістеме та-
лаптарына сай икемделеді жəне орташа, жоғары, төмен деңгейлермен 
салыстырлады.  Стандартты  таңдау  зерттелушінің  нақты  күйін 
анықтауға мүмкіндік береді. Бұған ішкі ұпайлар бір-бірімен жəне та-
лабы салыстырылатын əдейі стандартты кестелер көрсеткіштеріне ие. 
Бұл жағдайға өлшем шкаласының құрылымы орташа көрсеткішінің 
мəні статистикалық нормалардақолданылады. Қоғам өзінің даму са-
тысын əр топ мүшелеріне көрсететінін талап еткені жөн. Бұл ақыл-
ой,  эстетикалық,  адам  дамуы  бола  алады.  Қоғамда  əр  адам  өз  та-
лаптарына  жауапты  болуы  керек.  Осындай  əлеуметтік-критерийлі 
нормалардың  мазмұны  (əлеуметтік  нормативтердің) – шынайы, 
ол  қоғамдық  көзқарастарда,  педагогтардың  мен  мұғалімдердің 
көзқарасында, квалификациялық-мамандандырылған бейнелерге си-
паттама  береді. «Психодиагностикалық» «əдістеменің»  сапасының 
мəнді  көрсеткіші  сенімділік  жəне  валидтілік  болып  табылады. 
«Психодиагностиканың», «əдістеменің» сенімділігі тұрақтылықтың 
айғағы. Психологиялық өлшемнің нəтижесіне сенуге болатынын 
көрсетеді.
Психология  зерттеулерінде  К.  М.  Гуревич  сенімділіктің 3 
типін  бөліп  көрсеткен:  өлшенетін  құралдың  өзінің  сенімділігі, 
зерттелінетін сипаттың тұрақтылығы жəне констатанттылығы, экс-
перимент нəтижесіне тұлғаның тəуелсіздігі.
Тест  сенімділігі  əртүрлі  кездейсоқ  факторлар  əрекетінің 
нəтижесіне,  тəуелсіздігіне,  ішкі  жəне  сыртқы  факторлардың  бол-
дырмауын  көрсетеді.  Өлшемнің  формула  бойынша  орташа 
арифметикалық мағынасын анықтап көрсетуге болады:


87
 
Мх=К
Сандық мөлшері 
і=1
Хі-өлшем  нəтижесі
К-өлшем 
сапасы.
Өлшем мөлшері (стандартты ауытқуы) немесе дисперссияны бы-
лай анықтайды: Dx = + К - сумма (Хі - Мх) 2  і – 1 (Хі-Мх) - əр өлшемнің 
Хі-дің  ауытқуы,  орташа  арифметикалық  Мх,  К-  өлшемінің  сапа-
сын  білдіреді.  Тұрақтылықты  тексеру  зерттелінушінің  таңдауымен 
қайталанатын  психодиогностикалық  сынақпен  аяқталады. 30 
адамға тəжірибені өткізген уақыты анықталғаннан кейін, коэффици-
ент  корреляциясының  нəтижесін  шығарған  кезде  бірінші (X) жəне 
екінші  (У)  тесттері  қолданылады.  Бұл  зерттелінушінің  коэффици-
ент  көрсеткішінің  тұрақтылық  сипаттамасын  көрсетеді,  ал  тесттің 
сенімділігі бір адамға қайталап жүргізілгенде нəтиже бірдей болуын 
қамтамасыз етеді.  
Коэффициенттік корреляция  формуласы:
R=E(Xi-Mx)(Yi-My)
K*D*Dy
Хі, Үі- бірінші жəне екінші тесттің өлшемі.
Егер R=0,8-0,9 болса  тесттің  сенімділігі  жоғары.  Егер R 
көрсеткіші  төмен  болса,  бұл  кездейсоқ  қолданылған  тесттің 
нəтижесін  бұрмалайды.  Бұл  жағдай  берілген  тестке  қаншалықты 
сенуге  болатынын,  зерттелінушінің  тест  бойынша  ұпай  өлшемінің 
ауытқуын көрсетеді.
Ереже  бойынша  қайталанатын  зерттеу  жұмысын  жарты  жыл-
дан кешіктірмей өткізу керек. Қайта жүргізілетін зерттеуді жылдам 
өткізуге болмайды, себебі зерттелінушілер өз жауаптарын естерінде 
қалған сөздермен айтқандықтан шынайы болмайды. Психологиялық 
зерттеу  мерзімі  ұзақ  болмаса  да,  дамуындағы  өзгерістер  болуы 
мүмкін. Тұрақтылық коэффициентінің мөлшері 0,8-ден кем болмаған 
жағдайда ғана тест нəтижесі қабылданады.
Тұрақтылық  коэффициенті  екі  «психодиагностикалық»  зерттеу 
нəтижесінің корреляция жолымен 
анықталады.  Əдістеме  сапа-
сы ның  құрылуына  қарай  анықталады.  Коэффициент  корреляция 
мөлшері  неғұрлым  биік  болса,  əдістеменің  сенімділігі  соғұрлым 
жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет