Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Əдістерде  қолданылатын  теориялық  сұрақтарды  өңдеу



Pdf көрінісі
бет40/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   215
Əдістерде  қолданылатын  теориялық  сұрақтарды  өңдеу. 
Əдістердің  валидтілігін,  дəлдігін  жəне  сенімділігін  тексеру. 
Практикалық  тұрғыда  тексеру  мақсатында  берілген  əдістемелер 
арқылы  барлық  балаларға  зерттеу  жүргізу.  Мектепке  баратын 
балалардың  зерттеу  жұмысында  ғылыми  жұмыстардың  барлық 
əдістерін қолдануға болады. Бірақ кейбіреулері өте күрделі жəне ар-
найы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі.
Зерттеу  кезінде  психологтық-педагогтық  эксперимент  сенімді 
болу үшін нəтижелер дұрыс, психодиагностикалық əдістер ғылыми 
негізделген болуы керек. «Валидтілік» деген термин европа тілінен 
аударғанда  толық,  жарамды  деген  мағынаны  білдіреді.  Валидтілік 
мінездемесі  ол  əдістемені  қолдану  сферасы,  жағдайы  туралы  да 
түсінік береді. Валидтіліктің бірнеше түрлері бар. Олар теориялық 
жəне практикалық, ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді. 
Теориялық  валидтілік – зерттеудің  сапасы  мен  көрсеткіштері 


91
 
басқа  əдістемелердің  сапасы  мен  көрсеткіштеріне  сəйкес  келуімен 
анықталады.  Теориялық  валидтілік  теорияға  сүйеніп,  бірнеше 
əдістемелер  арқылы  анықтайды  жəне  психодиагностикалық 
құралдар арқылы зерттеудің өлшемін анықтайды.
Эмпирикалық  валидтілік – зерттелінушінің  шынайы  мінез-
құлқына алынған нəтижелердің сəйкес болуы. 
Ішкі  валидтілік – əдістемелердің  тапсырмалары,  тесттері 
əдістеменің  мақсатына  сəйкес  келуін  жəне  тестің  бағалануы  даму 
көрсеткіштерінен көрсетеміз. Олар 5 элемент арқылы көрінеді.
Сыртқы  валидтілік – бұл  жерде  көрсеткіштер  мен  əдістеме 
арасындағы байланыстар маңызды, зерттелінушінің мінез-құлқының 
сыртқы белгілеріне сəйкес келеді. 
Тұрақты валидтілік-психикалық белгілерді репрезентативтік тап-
сырмалар мен тесттер арқылы бағалау.
Əдістемені құрған кезде оның валидтілігін анықтау өте қиын. Ол 
бірнеше рет қолданғаннан кейін тексеріледі жəне анықталады.                                 
Валидтілік критерийлері – берілген əдістеме валидті ме, жоқ па 
деп анықтаудағы негізгі белгілер. 
1.  Мінез-құлық  көрсеткіштері - əртүрлі  өмір  жағдайындағы 
зерттелінушінің реакциялары жəне əрекеттері. 
2.  Зерттелінушінің  əртүрлі  əрекеттегі,  оқудағы,  еңбектегі, 
шығармашылықтағы жетістіктері. 
3.  Əртүрлі бақылау тапсырмаларын орындаудағы мəліметтер. 
4.  Басқа  əдістемелер  арқылы  алынған  мəліметтер,  тексерілген 
əдістемелердің валидтілігі мен байланысының нақтылығы. 
Əдістеменің  сенімділігі – нақты  көрсеткіштердің  алынуы. 
Психологиялық  тестілеу  нəтижелері  өлшеу  аспабының  сапасына, 
зерттелінушінің нұсқауды дұрыс түсінуі, экспериментатордың мінез-
құлқы,  зерттелінушінің  психологиялық  жағдайының  өзектілігіне 
байланысты.  Психодиагностикалық  əдістемелердің  сенімділігі 
екі  əдіспен  анықталады.  Көп  адамдардың  нəтижелерін  жəне  бір 
адамның нəтижесін салыстыру арқылы іске асады. 
Əдістеменің  нақтылығы – эксперимент  кезінде  қасиетті 
бағалаудағы  сəл  өзгерістерге  икемді  болуын  айтады.  Əдістеменің 
нақтылығы техниканы өлшеу аспаптарының дəлдігімен салыстыруға 
болады. 
Əдістеменің  бір  мағыналылығы – əдістеме  көмегімен  алын-
ған  нəтиже  қаншалықты  дəрежеде  қасиеттің  өзгерісін  аша 
алатындығында. Əдістемелерден басқа психодиагностикада нəтиже-


92
лерге жағдаяттар да əсер етеді. Ол зерттелінушінің нұсқауды түсінуі, 
экспериментатордың тұлғасы мен мінез-құлқының тест кезінде өзін 
ұстауы.  Нұсқау  мейілінше  қарапайым  жəне  түсінікті  болу  керек. 
Жазбаша түрде ұсынылса өте жақсы болады. Экспериментатор бай-
салды, мінез-құлқы мейірімді, зерттелінушіге сыйластықпен қараса, 
зерттеу өз нəтижесін дұрыс береді.
Сондықтан  практикада  салыстырмалы  жеңіл  тесттерді  сұ-
рақ намаларды  бақылауды,  құжаттарды  талдауды  жəне  психо-
диагностикалық эксперименттерді қолданады. 
Психодиагностикалық негізгі құрал – тесттерОлардың көптігіне 
байланысты  индивидуалды  жəне  топтық,  вербалды  жəне  вербал-
ды  емес,  сапалығы  мен  саны,  альтернативті  мен  градуалды,  жал-
пы жəне арнайы сияқты болып негізгі бөліктерге бөлінеді. Индиви-
дуалды  тесттермен  психолог,  əрбір  сынаушылармен  бөлек  жұмыс 
өткізеді, ал топтық (ұжымдық) тестте бірнеше сыналушымен бірге 
жүргізіледі. Вербалды тесттерде сыналушының өзінің қатысуымен 
талдау  жасалынады,  ал  вербалды  емес  тесттілеуді  жалпылау  үшін 
жəне сөйлеуден басқа белгілерді бөлу үшін қолданады. Жалпы тест-
тер  балалардың  жалпылама  мінез-құлқын  зерттеу  үшін,  мəселен, 
жалпы интеллектісін анықтайды, арнайы тесттер басқа балалардан 
өзгеше болатын ерекше қасиеттерді зерттейді. Белгілі бір іс-əрекетті 
немесе белгілі бір мəселені шешу үшін, осы жағдайларға байланыс-
ты бірнеше балалар таңдалады.
Қазіргі  кезде,  психодиагностикалық  өңдеуге  жəне  объективті 
əдістеменің  бақылауына  енгізілген  керекті  мəліметтер  қамтылған 
сандық  даму  деңгейінің  арқасындағы  барлық  мектептегі  оқу 
түрлерінің тиімділігін көрсетуге болады. Бірақ та бұл жағдайлар өте аз 
қолданылады. Осыған байланысты оқу құралының бағдарламасының 
оптимизациясы,  əсіресе,  оқытылатын  қолдану  материалдарының 
тиімділігі  бұл  қатысушылардың  өзгеше  қабілетінің  индивидуалды 
диагностикасын оқуда қолдана алу процесіне тəуелді болуында.
Сапаның  басқа  көрсеткіші  оның  валидтілігі  болып  табылады. 
Американдық  психолог  А.  Анастази  бойынша  тест  валидтілігі – 
түсінігі,  бізге  тесті  өлшейді  жəне  оның  бұны  қаншалықты  жақсы 
істейтінін көрсетеді. “Валидтілік” анықталған əдістеменің өлшем са-
пасы мен ерекшеліктерін жəне қаншалықты тиімді екенін көрсетеді.
Валидтіліктің  тағы  бір  түрі – прагматикалық  валидтілік - 
практикалық мəнін, əдістемені, тиімділігін, қажеттілігін тексеру. Ере-
же бойынша осындай зерттеуді тексеру үшін тестке тəуелсіз сыртқы 


93
 
критерийлер қолданылады. Осындай сыртқы критерийлер үлгерім, 
мамандандырылған  жетістік,  əр  түрлі  іс-əрекет  түріндегі  табыс, 
субъективті баға (немесе өзін-өзі бағалау) болуы мүм кін. Валидтілік 
тестін тексеру үшін «танымал тобы» əдістемесін қолда ну ға болады, 
əйгілі адамдар шақырылғанда критерий бойынша қандай топқа жа-
татыны  (мысалы:  тəртіпті  студенттер - табысты,  жоғары  критерий 
болса, ал үлгерімі нашар, тəртіпсіз студенттер - төмен критерий бо-
лады  да,  орташа  үлгерімдегі  студенттер  тестке  қатыспайды).  Тест 
жүргізеді жəне тест нəтижелерімен критерий арасындағы корреля-
цияны табады.
Мұндағы тесттің жоғарғы тобына кірген зерттелінушілер саны - 
С- критерий бойынша жоғары топқа кірген жəне тест нəтижесі төмен 
зерттенушілер  саны.  Толық  валидтілігінің  тест  элементі  б  жəне  с 
0-ге тең болу керек. Топтың шеткі корреляция тестінің өлшемін 
Фи – коэффициентін 
Гилфорд 
былай 
бағалайды: 
Р=ad-cb (a+b)(c+d)(a+c)(b+d).
Егер  зерттелінуші 30 адам  болса,  онда  тесттің  статистикалық 
маңызды байланысын константтауға болады - Р үлкен 0,36.
Коэффициент  валидтілігінің  мөлшері  коэффициент  сенімділі-
гіне  қарағанда,  əр  түрлі  себептермен  үнемі  төмен  болады. 
Психодиагносттардың пікірінше, коэффициент валидтілігінің ретінің 
төмендігі - 0,20-0,30, орташа - 0,30 - 0,50, жоғары - 0,60. Специфика 
диагностикасының əдістемесін жəне сыртқы критерийінің бірнеше 
түрін көрсетуге болады.
«Біркелкі»  валидтілік  немесе  қазіргі  валидтілік,  ішкі  критерий 
көмегімен  анықталады  (мысалы:  үлгерім,  шығармашылық,  еңбек 
т.б.).  Алдын  ала  болжау  немесе  болжау  валидтілігі.  Зерттеу  өткен 
соң, бірнеше уақыттан кейін мағлұматтар сыртқы критерий бойын-
ша жиналады.
Болжау  валидтілігі  тестін  өткізу  үшін 300 адамды  зерттеу  ке-
рек,  мысалы  абитуриенттер,  ал 2-3 жылдан  кейін  осы  адамдар 
арасындағы «бестік» тобы мен «екілік» тобын бөліп көрсету керек, 
бұрынғы көрсеткіштері бойынша корреляциясын санау. Егер корре-
ляция жоғары болса - 0,4-0,6, онда тестті абитуриенттердің оқуының 
табыстылығына,  күштілігіне  қарап  өткізуге  болады.  Ретроспекті 
валидтілік,  күй  сапасын  негіздейтін  немесе  өткен  оқиғаны 
бейнелейді. Ол, сонымен 
қатар, 
əдістеменің 
болжамының 
мүмкіндігін 
көрсетеді. 
Псисиходиагностикалық 
əдістеменің 
стандарттылығы,  бір  жағынан,  бір  ғана  стандартты  процедураның 


94
өткізілуін жəне нəтижесін өңдеу, ал, екінші жағынан, тест балының 
стандартты базасына тест нəтижесінің бірінші «ішкі» аударылымын 
қосады, статистикалық тест нормасын анықтайтын таңдау стандарт 
таңдауы  деп  аталады,  қатысушылар 200 адам  болуы  керек.  Норма 
процедурасы  (тесттің  стандартты  шкаласындағы  ішкі  нəтижелері) 
операция тобын қосады.
Стандартты балл  бағасы.
Z= X_ Мх______Dx
х-тест 
бойынша ішкі балл,
Мх - стандартты таңдаудың орташа балы
Дх - дисперсия немесе стандартты ауытқу.
Стандартты баллдағы ауыспалы Z психодиагностикада қолданатын 
кез келген стандартты тесттік шкалада 3 түрін қолданады.
IQ шкаласы - интеллектіні өлшеуде қолданады (IQ шкаласында М 
ортасы 100-ге тең, ал дисперсия Д=15), онда ауысым формуласы IQ 
шкаласы =15Z+100;
«Қабырға» шкаласы, М - ортасы 5,5-ке тең, ал Д-2 ауытқу, онда 
«қабырға» шкаласының формуласы =2Z+5.5;
Т-шкаласы, М-50-ге тең, ал ауытқу Д=10. Ауысымның қорытылған 
формуласы шала ұпаймен берілген 
стандартты 
шкаласының  
түрін көрсетеді.
Y=DZ+M;  Ү-  стандартты  шкала,  М-  ортасының  стандартты 
ұпайы, Д - ауытқуы.
Үлкен  топ  адамдарының  тесттік  норма  заңдылығын  қолданудың 
репрезентативтілігін  ескере  кеткен  жөн.  Егер  тесттік  нормалар 
шкаладағы зерттеуде көрінсе, онда бұл нормалар автоматты түрде сту-
денттерге апарылмайды, тесттен стандарттылығын өткізу керек.Тесттің 
лайықтылығын да атап өткен жөн, тестті мотивационда бағдарламадан 
қорғау  қабілеттілігі  (саналы  жəне  санасыз)  əлеуметтік  жəне  жауап 
тілегінің  бұзылуы.  Егер  тест  қызығушылықпен  жəне  адамның  өзінің 
сұрауы бойынша өткізілсе (консультация жағдайы), онда адамның жа-
уабы  шындық.  Тестті  өңдейтіндер  тесттің  психометриялық  өлшемін 
сипаттауына  болады,  бірақ  қолданатындар  тест  қаншалықты  сенімді, 
валидті,  стандартты,  репрезентативті,  нақтылы  екенін  білуі  жəне 
түсінулері  керек.  Осы  бейнеде  əр  психодигностика  сапасы  оның 
əдістемесінің стандарттылығы дəреже сапасынан, сенімділігінен жəне 
валидтілігінен көрінеді, диагностикалық əдістемелерді өңдегенде, оның 
авторы тексеру жүргізу керек жəне алынған нəтижелерді басшылыққа 
хабарлап отыруы тиіс.


95
 
Валидтілік  жəне  сенімділікке  байланысты  ұғымдар.  Олардың 
байланысын  мынадай  мысалдан  көре  аламыз.  Мысалы,  А  жəне  В 
атты екі атқыш бар дейік. А атқышы 100-ден 90  ұпай, ал В атқышы 
100-ден тек 70 ұпай жинады. Демек, А атқыштың сенімділігі 0,90, 
ал В атқышының сенімділігі 0,70. Алайда А атқышы əрдайым бөтен 
көздемеге  атады,  сондықтан  оның  ұпайлары  жарыстарда  санал-
майды.  Ал  екінші  атқыш  көздемені  дұрыс  таңдайды.  Сондықтан 
А  атқышының  валидтілігі  нөлге  тең,  ал  В  атқышынікі 0,70, яғни 
мөлшері сенімділікке тең. Егер А атқышы көздемені дұрыс таңдаса, 
оның валидтілігі мен сенімділігі тең болады. Ал кейде ол көздемені 
шатастырып  алса,  тек  дұрыс  таңдағаны  есептеліп,  валидтігі 
сенімділігінен төмен болады. Біздің мысалымызда сенімділік анало-
гы атқыштың дəл көздеп атуы болса, валидтігі атқыштың көздемені 
дұрыс таңдауы болады.
Бір  қасиетті  өлшеу  үшін  оқиғадағы  белгілі  жағдайда  тест 
танылған инвалидті болады, ал басқалар үшін валидтілікті көрсетеді. 
Демек валидтілікке қажет сенімділік. Сенімді тест валидті бола ал-
майды, керісінше, валидті тест əрдайым сенімді. Тесттің сенімділігі 
валидтіліктен  төмен  болуы  мүмкін  емес,  керісінше,  валидтілік 
сенімділіктен жоғары болуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет