14
2
.
Мембрана ассиметриялы. Оның сыртқы жəне ішкі қа-
баттарының құрамы жəне ферменттік активтілігі жағынан бір-
бірінен айырмашылығы болады. Мысалы, адам қанындағы эри т-
роциттер мембранасының ішкі қабатында
фосфатидилэтанола мин
жəне сфингомиелин болады. Мембраналардағы тасымалдаушы
жүйелер тек бір бағытта ғана жұмыс істейді. Мысалы, эритро-
цит мембранасындағы Nа
+
/ К
+
-
АТФ-аза насосының жұмысын
алсақ: бұл насос Nа
+
- иондарын жасушадан сыртқа шығарып
отырса, К
+
иондарын сыртқы ортадан ішке кіргізіп отырады, ал
керісінше бағытта ешқашан жұмыс істей алмайды.
Сонымен
қатар, мембрананың сыртқы қабаттарында гликопротеиндердің
құрамына кіретін олигосахаридтер тобы болса, ішкі қабатта олар
кездеспейді.
3. Мембрананың аққыштығы –
биомембрананың құрамына
кіретін май қышқылдары мен холестеринге байланысты. Мем-
бранадағы май қышқылдары белгілі бір тəртіппен немесе қалай
болса солай орналасуы мүмкін. Егер де май қышқылдары қанық қан
болса, онда липидтік қосқабаттың аққыштығы нашар, қанықпа-
ған май
қышқылдары көп болатын болса, сұйық болады. Холесте-
рин биологиялық мембрананың кристалдануынан сақтайды. Бір
жағынан холестерол ацилдік тізбектің тез қозғалуына кедергі жа-
саса, екінші жағынан екі көміртек тізбектің арасына тұрып, бір-
бірімен
жабысып қалуынан сақтап, мембрананың аққыштығын
бірқалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді.
4. Мембрананың өздігінен жиналуы - олигомерлік белоктар
не месе рибосома сияқты жүреді.