Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Тірі жасушаның химиялық құрам ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет4/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Тірі жасушаның химиялық құрам ерекшелігі
(А. Гизе бойынша)
2-кесте
Химиялық заттар
Мөлшері, %
Су
85
Белоктар
10
ДНК
0,4
РНК
0,7
Липидтер
2
Төменгі молекулалы органикалық 
заттар
0,4
Минералды заттар
1,5
Барлық тірі ағзалар жасушадан жəне олардың метоболиттік 
өнімдерінен тұрады. Əрбір жасуша тірі жүйеге тəн барлық қыз-
метті атқара алады: зат жəне энергия алмасуы жүреді; өседі, кө-
бейеді жəне өзінің қасиеттерін басқа жаңа жасушаларға жеткізе 
алады. Тірі ағзалар жасушаларының барлығы жалпы құрылысы 
жəне химиялық құрамы бойынша өзара ұқсас. Жасушалардың 
барлығы бірдей емес, бірақ барлығында да құрылыстық жалпы 
белгі бар.


10
Ағзаның құрамына кіретін заттарды пластикалық жəне энер-
гетикалық заттар деп шартты түрде екіге бөледі.
Пластикалық заттар - ағзаның жасушалары мен ұлпаларын 
құру үшін қажетті заттар, демек құрылыс заттары. Бұл белок, 
нуклеин қышқылдары, липидтердің кейбір түрлері жəне жоғары 
молекулалы көмірсулар.
Энергетикалық заттар макроэргті қосылыс АТФ-тың қайта 
түзілуіне жұмсалатын энергияны бөлетін заттар. Бұл көмірсулар 
(глюкоза, гликоген, крахмал), кейбір липидтер.
1.1. Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі
Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Бұл пікірді 1838 
жылы М. Шлейден жəне Т. Шванн постулат түрінде дəлелдеді. 
Тірі ағза жасушаларында барлық химиялық процестер жүріп жа-
тады. Жасушаның қызметін фабрика қызметіне теңеуге болады.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай жасушаларды екі 
класқа бөледі. Құрылысы қарапайым болатын жасушалар про-
кариоттар, олардың негізгі қасиеттерін бактериялар мысалынан 
қарауға болады. Бұлардың құрылысы қарапайым, кіші өлшемді. 
Бактериялар қажетті энергияны қоршаған ортадан алады жəне 
бұлар үшін энергияның қайнар көзі – глюкоза.
Жасушалардың екінші класы

эукариоттық жасушалар. 
Бұ 
лардың мөлшері прокариоттардан 10-15 есе үлкен болады. 
Эукариоттардың жасушаларында түрлі функция атқаратын орга-
неллалар бар: ядро, митохондриялар, пероксисомалар, лизосома-
лар, Гольджи аппараты, цитоплазма, эндоплазмалық тор, рибосо-
малар, хлоропластар, биологиялық мембраналар.
Жасушалардың барлығы қабықшамен – жарғақшамен қап-
талған. Жарғақшаның белокты қабаты амин қышқылдардың, 
көмірсулардың жəне жасушадағы өзге де заттардың сыртқы жəне 
ішке тасымалдануын қамтамасыз етеді. 
Цитоплазма - барлық жасушаларда болатын сұйық зат. 
Ядро дегеніміз – бұл жарғақшалы органелла. Оның ішінде 
ядрошырын сөлі – кариоплазма болады. Ядрошырын сөлінің 
ішінде ядрошық жəне ДНҚ-дан құралатын хромосомалар жүзіп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет