Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет6/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

12
1.2. Биологиялық мембраналар
Жасушалар мембраналарының бір-бірінен құрамы, қасиет те-
рі жəне органелла түрлері бойынша айырмашылықтары болады.
Эукариоттарда мембрана топтарының түрлері: плазматика- 
лық, ядролық, эндоплазмалық ретикулум, митохондрий, хлоро-
пластық т.б. Мембраналар түрі көп болғанымен құрылыстары 
ұқсас келеді. Мембраналар құрамында көмірсулар гликолипид-
тер түрінде кездеседі, мөлшері 0,5-10%-ға дейін болуы мүмкін. 
Көмірсулар мембрананың сыртқы бетінде орналасады. Бұл зат-
тардан басқа мембрана құрамында су, минералды тұздар жəне 
кейбір минорлы (РНҚ 0,1% дейін) қосылыстар кездеседі 
Мембраналар негізінен май мен белоктардан тұрады. Май-
лардың белоктармен салмақтық қатынасы 1:4 немесе 4:1 болып 
келеді. Мембраналарда көмірсу компоненттері де кездеседі. Он-
дағы майларға құрамында гидрофильді жəне гидрофобты топ-
тары бар, молекулалары оншалықты үлкен емес майлар тобы 
жатады. Сулы ортада майлардың мұндай молекулалары өте жыл-
дам липидтік қосқабат түзеді, ал мұндай қосқабаттан полярлы 
молекулалар өте алмайды. С. Дж. Синджер мен Л. Г. Николсон: 
«биологиялық мембраналар липидтік қос қабаттан тұрады, тіпті 
мембрананы белоктар жүзіп жүрген липидтер «теңізі» деп қарау 
керек» деген. Мұны cұйықты-мозайкалық модель деп атайды. 
Мембраналардың құрамына майлардың негізгі үш тобы кіреді: 
фосфолипидтер, гликолипидтер, холестерол (3-кесте).
Мембрананың көптеген қызметі, оның құрамына кіретін 
белоктардың қасиетімен анықталады. Мембрана белоктары на-
состық, рецепторлық, ферменттік қызмет атқарады. Мембрана 
белоктары липидтік қос қабатқа еніп тұрады да, өздеріне тəн 
активтілік көрсетеді. Мембрана белоктарын екі топқа бөлуге бо-
лады: шеткейлік немесе липидтік қосқабатқа жанасып тұрушы 
белоктар жəне интегралды немесе липидтік қосқабатқа батып 
тұрушы белоктар.
Шеткейлік (перифериялық) белоктар қосқабаттың гидрофоб-
ты шетімен байланысады, ал интегралды белоктар қосқабаттың 
гидрофильді соңына батып тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет