Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Көмірсулардың қорытылуы жəне сіңірілуі



Pdf көрінісі
бет141/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   224
Байланысты:
биохимия

9.2. Көмірсулардың қорытылуы жəне сіңірілуі
Көмірсулардың адам ағзасындағы алмасуы негізінен төменде 
көрсетілген кезеңдерден тұрады: 
1. Асқорыту жолдарындағы аспен түскен полисахаридтер мен 
ди-сахаридтердің моносахаридтерге дейін ыдырауы жəне осы 
моносахарид күйінде ішектен қанға сіңірілуі.
2. Бауырда жəне басқа ұлпаларда гликогеннің синтезделуі 
жəне ыдырауы.    
3. Жасушаға қанмен түскен глюкозаның оттегінің қатысуымен 
жəне оның қатысуынсыз əрі қарай ыдырауы.


211
4. Глюконеогенез, яғни көмірсулардың заттардың алмасуы 
кезінде пайда болған көмірсутек емес заттардан түзілуі. Мысалы, 
глицериннен, сүт қышқылынан, амин қышқылдарынан пирожүзім 
қышқылынан т.б. заттардан глюкозаның түзілуі.
Көмірсулардың ыдырауы екі түрлі реакция негізінде жүреді: 
гидролиз жəне фосфоролиз.
Крахмалдың немесе гликогеннің ыдырауы ауыз қуысындағы 
сілекейдің əсерінен басталады. Сілекейде α
-амилаза ферменті 
болады. Ол бір полипептидтік тізбектен тұрады. рН 6,8, Са
2+
 
ионы кофактор рөлін атқарады, ал хлор иондары ферменттің 
активтілігін арттырады. Осы α
-амилазаның əсерінен крахмал 
ауыз қуысында декстриндерге ыдырайды. Сонан соң сілекей-
мен араласқан қоректік заттар өңеш арқылы асқазанға түседі. 
Асқазанда сілекейдің α- амилазасы өз əсерін тоқтатады, себебі 
асқазан сөлінің рН -1,5 - 2,5. Əрі қарай он екі елі ішекке түсіп, 
ұйқы безінің α-амилазасының əсерімен ыдырайды. Мұнан басқа 
ұйқы бездерінен бөлінетін сөлде амило-1,6-
  гликозидаза, олиго 
-1,6-гликозидаза ферменттері болады. Бұл ферменттер амило-
пектин мен гликогеннің 1→6 гликозидтік байланыстарын үзуге 
қатысады. Осы процестердің нəтижесінде түзілген мальтоза 
α-глюкозидаза ферментінің əсерімен тез глюкозаның екі молеку-
ласын түзеді.
Амилаза (сілекей 
α-амилазасы жəне панкреатиттік α-амилаза) 
гликозидаза ферменттері, бұлар гликозидтік байланыстарды 
гидролиздейді.
Амилаза немесе глюкоамилаза ферментінің α, β жəне γ деген 
түрлері кездеседі.
γ-амилаза крахмал молекуласындағы 1,4-байланысының гид-
ролизін тездетеді. Реакция молекуланың тотықсызданбайтын ше-
тінен басталып, глюкозаны біртіндеп бөліп отырады. γ–амилаза 
1959 ж. Е. Розенфельд еңбектерінің нəтижесінде ашылды.
β–амилаза крахмал молекуласындағы 1,4-байланысының гид-
ролизін біртіндеп мальтозаны бөлу арқылы катализдейді.
α–амилаза крахмал молекуласындағы 1,4 байланысының рет-
сіз үзілуін катализдейді
. α-амилаза молекуланың ішкі гли козидті 
байланыстарына шабуыл жасап, полисахаридті олигосахаридтер-
ге дейін ыдыратады.


212
Амило–1,6–глюкозидаза полисахаридтер молекуласындағы 
1,6 глюкозидтік байланыстардың гидролизін тездетеді, реакция 
нəтижесінде олигосахаридтер пайда болады. 
Табиғи полисахарид целлюлозаның гидролизін – целлюлаза, 
хитин гидролизін – хитиназа, гиалурон қышқылының гидроли- 
зін – гиалуронидаза ферменттері катализдейді.
Ішектердегі бөлінетін сөлдерде мальтазамен қатар сахараза, 
лактаза ферменттері болады. Олардың қатысуымен олигосаха-
ридтер моносахаридтерге ыдырайды. 
        
мальтаза            
мальтоза      
 
2 глюкоза, 
        
сахараза 
сахароза       
 
глюкоза + фруктоза
        
лактаза
лактоза        
 
глюкоза + галактоза.
Сонымен, көмірсулардың қорытылуы нəтижесінде глюкоза, 
фруктоза, галактоза сияқты моносахаридтер түзіліп, ішек қа-
бырғасы арқылы қанға түседі. Олардың 90%
-ға жуығы бауырға, ал 
қалғаны лимфаға жəне венаға келіп түседі. Бауырға келіп түскен 
глюкозаның біразы қан жүйелері арқылы басқа мүшелер мен 
ұлпаларға тарайды да, біразы бауырда қор ретінде қалады. Со-
нымен, жасушаға келіп түскен глюкозаның əрі қарайғы тағдыры 
қандай? Негізінен глюкоза əрі қарай, аэробты жолмен ыдырауға 
түседі. Оның ыдырауын 3 кезеңге бөлуге болады:
 1. Глюкозаның пирожүзім қышқылына дейін ыдырауы.
 2. Пирожүзім қышқылының тотығып, декарбоксилденуі жəне 
ацетил-  КоА күйінде лимон қышқылдарының цикліне қатысуы.
 3. Митохондриядағы электрондарды тасымалдау тізбегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет