Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Асқорыту жолында гликоген мен крахмалдың реакциясын ка-



Pdf көрінісі
бет154/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   224
Байланысты:
биохимия

12. Асқорыту жолында гликоген мен крахмалдың реакциясын ка-
тализдейтін  фермент:
А) β – амилаза 
Ə) α – амилаза 
Б) α – амилаза, мальтаза
В) γ – амилаза 
Г) β – амилаза, мальтаза
13. Гликоген биосинтезін катализдейтін ферменттер:
А) α-1,6-глюкозидаза
Ə) гликогенфосфорилаза
Б) гликогенсинтетаза
В) фосфоглюкомутаза
Г) глюкозилтрансфераза


234
Х. ЛИПИДТЕРДІҢ АЛМАСУЫ
10.1. Липидтер туралы жалпы түсінік
Химиялық табиғаты əртүрлі майлар жəне майларға ұқсас 
заттар липидтер деп аталады. Протоплазманың, вакуоляның, 
плас тидтердің, ядро мен басқа да органеллалардың сыртқы бе-
тін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ хлоропластар мен 
митохондриялардағы барлық пластина тəрізді құрылымдар екі 
компоненттен тұрады, оның біреуі липид болып табылады. Бело-
ктар мен қосыла келе, липидтер күрделі белоктар – липопроте-
идтер түзеді. Липопротеидтердің осы комплексі жасуша мембра-
насын түзеді. Липид – гректің Lipos – май деген сөзінен шыққан. 
Липидтер барлық тірі жасушаларда кездеседі жəне тіршілікке 
орайлас бірнеше маңызды қызметтер атқарады:
1. құрылымдық (белокпен бірге мембрана құрамына кіріп, 
оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді);
2. регуляторлық (кейбір гормондардың липидтік табиғаты бо-
лады);
3. қорғаныш (жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, 
тері астындағы май созылғыштығын қамтамасыз етеді);
4. жануарлар ағзасы үшін су көзі;
5. энергия қорының бір түрі (1 г май тотыққанда 39 кДж неме-
се 9,5 ккал энергия бөлінеді) жəне тірі ағза үшін көміртегі атом-
дарын беруші.
Липидтер құрамына, құрылысына жəне ағзада атқаратын 
рөліне қарай жіктеледі (36-сурет):
Майлар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің барлық жа-
сушаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көпшілігі, 
атап айтқанда, жоғары сатыдағы өсімдіктер тұқымдастарының 
88 пайызы тұқымына қор заты ретінде май жинайды. Майлар 
вегетативтік ағзаларда да түзіледі, бірақ ол мұнда аз болады. 
Химиялық құрамы бойынша майлар глицерин мен үлкен моле-
кулалы май қышқылдарының эфирі болып табылады. Майлардың 
құрамынан:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет