Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет157/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   224
Фосфолипидтер.  Күрделі липидтер ішінде, əсіресе, көп 
таралғаны - фосфолипидтер. Барлық фосфолипидтер құрамында 
фосфор қышқылы қалдығы болады. Олар майға жақын, 
глицериннің екі гидроксилдік тобы - май қышқылдары мен этер-
ленген. Үшінші гидроксилдік топ фосфор қышқылының күрделі 
эфирін түзеді, оған азоттық негіз қосылады. Фосфолипидтердің 
азоттық негіздеріне холин, этаноламин (коламин), серин жатады.
                             
+                                                                      +              +
 НОСН
2
 – СН
2
 – N(CH
3
)
3
  HOCH
2
 – CH
2
 – NH
3
   NH

─ СН ─СОО 
¯
                                                                                           │
                                                                                           СН
2
ОН  
   Холин                                     Этаноламин                   Серин
                                                     (коламин)        
Фосфолипидтер құрамына кіретін азоттық негіздерге бай-
ланысты мынадай топтарға жіктеледі: фосфатидилхолин неме-
се лецитин (құрамында холин бар), фосфатидилэтаноламин не-
месе кефалин (құрамында этаноламин бар), фосфатидилсерин 
(құрамында серин бар). Бұлардың ішінде, əсіресе, маңыздылары 
жəне жиі кездесетіндері α-лецитин мен α-кефалин.
Фосфолипидтер құрамында əрқашан полиқанықпаған май 
қышқылдары болады. Жоғарыда формуласы келтірілген лецитин 
мен кефалин құрамында линол қышқылы бар.
Фосфолипидтер мен сфинголипидтер басқа липидтерден бір 
құрылымдық ерекшелігі бойынша ажыратылады. Олардың моле-
куласында əртүрлі екі топ бар: полярсыз гидрофобты «құйрық» 
жəне полярлы гидрофилді «бас». Лецитиннің полярлы «басы» 
холиннің қалдығы болады, кефалиндікі – коламин қалдығы, ал 
фосфатидилсериндікі – серин қалдығы.
16–519


242
Серин қалдығы жоғарыда берілген. Фосфолипидтердің басқа 
қалдықтары – полярсыз гидрофобты «құйрық».
Екі түрлі табиғаты бар мұндай қосылыстар амфипатиялық 
немесе амфифильдік (гректің «екі жақты» жəне «сезім» деген 
сөздерінен шыққан) деп аталады.
Амфипатиялық қасиеттерінің арқасында фосфолипидтер жа-
суша мембранасының негізін құрайды. Фосфолипидтер денедегі 
барлық ұлпалардың жəне жасушалардың құрамына кіреді. Олар 
жүйке ұлпасының жəне мидың құрғақ массасының негізгі бөлі- 
гін құрайды. Фосфолипидтер жүрек, бауыр құрамында кезде-
седі. Белоктармен бірге фосфолипидтер жасуша мембранасын 
құрайды, жасушалардың жұмысы, тұтас ағза қызметі мембра-
наның зақымданбауына əсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет