239
- Д тобының витаминдері;
- жыныс гормондары;
- бүйрек үсті бездерінің гормондары;
- өсімдік сапониндері мен алколоидтар;
-
өт қышқылдары;
- кейбір улы заттар;
Стеридтердің құрамында Х = - OH, - OR
I
жəне басқа да
органикалық заттар кездеседі. Стеридтерге холестерин, жүрек
гликозидтері, гормондар т.б. заттар жатады. Холестерин – бір
атомды, қанықпаған циклді спирт, құрамында 27 көміртегі атомы
бар. Адам ағзасында холестериннің 1/3 бөлімі бос күйінде болса,
2/3 эфир күйінде кездеседі.
Мал ағзасында холестерол жəне стеридтер (холестеридтер)
таралған, сол сияқты 7-дегидрохолестерол кездеседі. Стерид-
тер
құрамына көбінесе стеарин, пальмитин немесе олеин қыш-
қылдары кіреді.
Холестерол - мал жəне адамдағы барлық стероидты гормон-
дардың алғы заты. Бұдан өт қышқылдары түзіледі, ондай қыш-
қылдар майлардың қорытылуына жəне ағзаға сіңуіне қа
тыса-
ды. Холестеролдың əлсіз амфипатиялық қасиеттері бар жəне ол
жануарлар жасушасы мембранасының негізгі бөлігі. Мысалы,
сүтқоректі жануарлар эритроциттеріндегі барлық ли
пидтердің
40-60%-ы холестерол. Жүйке ұлпаларында, өт тастарында холе-
стерол көп.
1. Жасуша биомембранасының аққыштығын,
тұтқырлығын
қам тамасыз ететін маңызды бір құрамды бөлігі.
2. Көптеген гормондар, өт қышқылдары, Д витаминін құрау-
шы витамин топтары осы холестериннен синтезделеді.
3. Атеросклероз жəне осы науқаспен тығыз байланысты ин-
фаркт, инсульт сияқты жүрек аурулары да холестериннің адам
ағзасындағы
айналымымен, оның өзгеруімен тығыз байланысты.
Холестериннің ағзаға түсуі екі жолмен жүреді.
1. Экзогенді холестерин – тағаммен түседі (ет, икра, май,
жұмыртқаның сары уызы).
2. Эндогенді холестерин – бауырда, аздаған мөлшерде теріде,
ішекте синтезделеді.
241
таралған. Стериндер бос түрде жəне май қышқылының күрделі
эфирі түрінде кездеседі.
Сиыр майы, шошқа майындағы жəне
адам эритроциттерінің құрамындағы стериндер бос күйінде
кездеседі.
Күрделі липидтер. Күрделі липидтер фосфолипидтер, глико-
липидтер болып бөлінеді, олар көп компонентті молекулалардан
тұрады. Бұл компоненттер бір-бірімен түрлі химиялық типтегі
байланыстармен қосылысады.
Достарыңызбен бөлісу: