Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет49/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   224
74
Субстраттың
 фермент бетінде танысып бірігуі электрос тати-
калық тартылыс күші əсерінен іске асады. Мұндай байланысу 
сутектік байланыс болған кезде жəне өзара гидрофобтық əсер 
кезінде пайда болады.
Ферменттік реакциялардың кинетикасы деп реакцияның жү ру 
жылдамдығын айтады.
Реакция жылдамдығын белгілі бір уақыт өлшемінде фермент 
əсерімен өнім бойынша (немесе субстраттың жойылу мөлшері 
бойынша) есептейді. Ферменттік реакция жылдамдығын моль/л.
мин 
-1
 көрсетеді.
Л. Михаэлис пен Ментон (1913) екеуінің анықтауы бойынша, 
фермент концентрациясы тұрақты кезде реакция жылдамдығы 
субстрат концентрациясына байланысты болады. Бірақ реакция 
жылдамдығының субстрат концентрациясына байланысы про-
порционалды емес екені анықталды. Субстрат концентрациясы 
артқан кезде реакция жылдамдығы алғашында артады, ал одан 
кейін белгілі бір тұрақты шамаға жетуге тырысатын сияқты. Фер-
менттік реакциялар жылдамдығының субстрат концентрацияла-
рына тəуелділігі гипербола түрінде сипатталады.
 Л. Михаэлис пен М. Ментон теориясы бойынша фермент 
Е субстратпен S реакцияға түседі, бұл реакцияның жылдамдық 
константасы k
+1
 деп белгіленеді, нəтижесінде фермент – субстрат 
ЕS комплексі түзіледі. ЕS комплексі бастапқы субстратпен фер-
ментке диссоциялануы мүмкін, бұл реакцияның жылдамдық кон-
стантасын k
-1 
деп алуға болады. Егер реакция өнімі түзілетін бол-
са, реакцияның жылдамдық константасы k
+2
 тең болып, реакция 
өнімі мен фермент бөлінеді:
 
          
 
       k
+1 
       
 
 k
+2
                Е + S         
          ES                            E + P


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет