Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет82/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   224
        
Аденин                                 Гуанин
            (6-аминопурин) 
         (2-амино-6-оксипурин)


118
Сонымен қатар, нуклеин қышқылдарының құрамында ми-
норлық пуриндік негіздер – аденин мен гуаниннің метилденген 
туындылары да кездеседі.
Пиримидин мен пуриннің окситуындыларының маңызды 
ерек шелігі олардың таутомерлік (лактам-лактимдік) түрге айналу 
мүмкіндігі болып саналады:


119
Сондықтан да лактамдық түрдегі 1-ші N атомы бойынша пири-
мидин негіздері нуклеин қышқылдарының құрамында табылған 
көмірсулармен өзара байланысқа түседі.
Нуклеин қышқылдарының құрамына бір-біріне ұксас екі 
мо носахарид: рибоза жəне дезоксирибоза кіреді. Бұл моносаха-
ридтер бос күйінде сақиналы-тізбекті таутомерия түрінен туын-
дайтын таутомерлік түрде болады. Нуклеин қышқылдарының 
құрамында бұл екі моносахарид 
b-D-рибофураноза түрінде 
кездеседі.
β-D-рибозамен салыстырғанда екінші моносахарид (β-D-
2-дезоксирибоза) 2-көміртегі атомы бойынша тотықсызданған 
қосынды болып табылады. Тотықсыздану процесінде гидрок-
сил тобы бөлініп алынатын болғандықтан, пайда болған туынды 
дезоксирибоза деп аталады, ал екі деген сан гидроксил тобы Н 
атомына алмастырылған рибозаның көміртек атомының нөмірін 
көрсетеді. 
    


120
 Рибоза мен дезоксирибоза нуклеин қышқылдарының құрамына 
кіретін көмірсулар. Кейбір фагтардан, рак жасушаларының кейбір 
түрлерінен бөлінген ДНҚ-да глюкоза табылған.
 Нуклеин қышқылдарын гидролиздеп, өнімдерін зерттеу ба-
рысында маңызды тұжырым жасалды. Əртүрлі биологиялық 
объектілерден бөлінген нуклеин қышқылдарының құрамы 
бірдей еместігі анықталды. Бұл алғаш рет бұзаудың бұғақ 
безінен (тимонуклеин қышқылы) жəне ашытқыдан (ашытқы ну-
клеин қышқылы) бөлінген нуклеин қьшқылдарының құрамын 
салыстырғанда анықталды. Нуклеин қышқылдарының құрамына 
кіретін көмірсулардың сипатына қарай олардың біреуі – де-
зоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), екіншісі – рибонуклеин 
қышқылы (РНҚ) деп аталды. ДНҚ мен РНҚ арасында химиялық 
құрамы жағынан басқа да ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар 
(23-кесте).
      
Азот негіздері рибоза немесе дезоксирибозамен қосылып, ну-
клеозид түзеді (24-кесте).
Аденин + Рибоза         
 
     Аденозин
Тимин + Дезоксирибоза      
     Дезокситимидин
Урацил + Рибоза         
 
     Уридин
Цитозин + Дезоксирибоза     
     Дезоксицитидин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет