Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет102/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   224
Байланысты:
биохимия

6.1. Энергия алмасуы
Энергия алмасуды жануарлар ағзасындағы энергияның айна-
луы деп қарастыруға болады. Энергияның алмасу механизмдерін 
зерттейтін ғылым биоэнергетика деп аталады. Бұл ғылымның да-
муына Энгельгард, М. Н. Любимова, Белицер, Скулачев (СССР), 
Чанс (АҚШ), Митчелл (Англия), Мейергоф (Германия) атты 
ғалымдар үлкен үлес қосты.
Биосферадағы энергия ағымын мынадай түрде көрсетуге бо-
лады (18-сурет):
Барлық жасушалық энергияның алғашқы қайнар көзі - күн 
сəулесі. Жасуша тіршілігіне қажетті энергияны өсімдіктер де, 
жануарлар да фотосинтез өнімдері мен глюкозадан алады. Ақы-
рында күн энергиясы шашырап, қайта пайдалануға болмайтын 
басқа формаға ауысады.
Жер бетіндегі тірі ағзалар ішінде, ең алдымен, күн энергия-
сын пайдаланатындар - жасыл өсімдіктер (автотрофты ағзалар). 
Өсімдіктер күн энергиясының қабылдағыштары. Олар күн энер-
гиясының тек 0,02% ғана сіңіре алады. Сол энергияның есебі-
нен органикалық заттарды синтездейді. Өз кезегінде өсім діктер 
гетеротрофты ағзалар үшін бірден бір энергия көзі болып та-
былады. Жасыл өсімдіктер күн энергиясын пайдалану арқылы 


150
су мен көмірқышқыл газынан глюкозаны синтездейді. Бұл про-
цесс фотосинтез деп аталады. Демек фотосинтез кезінде күн 
сəулесі энергиясы химиялық қосылыстардың энергиясына айна-
лады. Фотосинтез реакциясын мынадай теңдеумен көрсетуге бо-
лады:
                                         
2847 кДж/моль
6H
2
O + 6CO

                    C
6
H
12
O
6
 + 6O
2
Күн сəулесі энергиясын өсімдік жапырағындағы хлоро-
филл молекуласы сіңіріп алып, оны түрлі синтез процестеріне 
жұмсайды. Нəтижесінде, энергияға бай органикалық қосылыстар 
(қоректік заттар) түзіледі. Бұл қоректік заттар гетеротрофтардың 
тіршілігін қамтамасыз етеді.
Гетеротрофты ағза көмірсулар мен тағы басқа тағамдардан 
жиналған энергияны өз қажетіне қалай жаратады? Глюкозаның 
бір молекуласы оттегі қатысында жанғанда судың алты мо-
лекуласы, көмір қышқыл газының алты молекуласы түзіліп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет