10.6. Май қышқылдары синтезі Май қышқылдарының синтезі басталуы үшін ацетил-Коа
қажет. Ацетил-КоА митохондрий матриксінде көбінесе пиру-
ваттың декарбоксилдене тотығуы нəтижесінде пайда болады.
Май қышқылдар синтезінің бірнеше ерекшеліктері бар. Ол:
1. cинтез цитоплазмадағы эндоплазмалық торда жүреді;
2. cинтезге ацетил-КоА-дан түзілетін малонил-КоА жұм
са-
лады;
3. aцетил-КоА-синтез тек синтездік реакциялардың басталуы-
на ғана қажет, яғни «ұйытқысы» болып табылады (затравка);
4. май қышқылдарының синтезіндегі аралық заттарды то тық-
сыздандыру үшін глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыды-
рауы кезінде түзілетін НАДФН · Н
+
жұмсалады;
5. май қышқылдарының синтезін жүргізетін ферменттерді бір
мультиферменттік комплекске біріктіреді, оны жоғары май қыш-
қылдарының синтетазасы деп атайды;
6. малонил-КоА май қышқылдар синтезіне қатысады. Мало-
нил – КоАсинтезі екі кезеңнен тұрады:
1) карнитиннің жəне ацетил-КоА карнитин-трансфераза фер-