37-сурет. Триацилглицеридтердің қорытылып, сіңірілуі
циклаза циклді АМФ (цАМФ) АТФ-тың түзілуін катализдейтін
фермент. Кейбір гормондар керісінше липолиз процесін тежейді
(инсулин, қалқанша бездің гормоны, т.б.) (37- сурет).
250
10.4. Глицериннің алмасуы
Глицериннің алмасуы оның АТФ-тың қуат əсерінен фосфор-
лануынан басталып, фосфоглицератқа айналуы (38-сурет).
3-фосфоглицеринді альдегид түзілгеннен кейінгі глицерин-
нің ыдырау жолы көмірсулардың тотығуымен бірдей жүреді
(гликолиз немесе глюконеогенез). Бір молекула глицерин толық
тотыққанда, жаңадан 22 молекула АТФ пайда болады.
|