Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Қазіргі қоғамдық- әлеуметтік және мәдени тұрмысы. Түркия - 
Қазақстан тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған бауырлас мемлекет. 
Сондықтан Түркия саясатының түріктектес халықтарға құшағын айқара 
ашуы қашан да басты ұстаным болып келеді. Оның дәлелі жоғарыда айтып 
өткендей қазақтардың мұң-мұқтажына құлақ асып, сұраныстарын 
қанағаттандыру. Атап айтқанда Стамбулда қазақтардың бірыңғай тұруына 
арнайы жер беріліп, «Қазақкент» ауылы болып жазылуы. Осы жөнінде 
Мансұр тәйжі былай дейді: «Мекен жайымыз Стамбул қаласы, Гүнешлі 
ауданы, Қазақкент ауылы болып жазылады. Бірақ бір бір төңкерістен кейін 
Еврен деген генералдың атын берді. Ауылда келген жағымызды ұмытпау 
мақсатында аталған «Алтай» атты көшелер бар. Кейін келе бұрын уәли (әкім 
мағынасында-Б.К.) 
қызметін 
атқарған 
кісі 
Стамбул 
қаласының 
ауылшаруашылық министрі болғаннан кейін, сол кісіге өтінішпен машина 
жүретін жол, осы жерден балаларымызды оқытатын мектеп ашуға, үш 
мешітке азан шақыратын мұнара салып беруін сұрадық. Соның нәтижесінде 
1976 жылы осы жерге үлкен жол салынды. Балаларымызға 1976-1993 жылдар 
аралығында 5 жылдық бастауыш мектеп ашып берді, одан әрі қарай орта 
мектепте оқыды. Әрине балалардың бәрі түрікше сауат ашып түрік тілінде 
оқыды. Түрік елінің тілі, діні, ділі қазақтармен бір түбірден шығып, тамырлас 
болғандықтан сол елді паналап барған қазақтар түрік тіліне бейімделе 
бастағаны соншалық, түрік тілін ана тіліндей тез арада меңгеріп алды. Сол 
үшін қазақтардың екінші буыны ана тілін түрік тілімен ауыстыра бастады. 
Сондықтан болар, қазіргі Еуропадағы олардың ұрпақтары ағылшын, неміс, 
француз, тағы басқа еуропалық тілдермен қоса, түрік тілінде тамаша сөйлей 
алады да, қазақ тіліне келгенде шорқақтайды (ІІ). 
Сонымен қатар Қазақкент аймағында да қазақтардың өз қаржысымен 
салынған екі ғимарат бар. Қожа Ахмет Яссауи атындағы мешітте жастарға 
діни білім беріліп, дәріс мектебінде 30-40 бала білім алады. Мұнда 
Қазақстаннан келген жастар да түрікше тіл үйреніп, екі жылдан кейін 
университетке тапсыра алады. Екінші ғимарат «Қазақкент Алтай мешіті» 
оған шамамен 500 адам сияды. Отандастарымыз бұл мешіттің атауын туған 
жерге деген сағыныштан, үнемі айтып жүру үшін «Алтай мешіті» деуді жөн 
көрдік дейді» (ХІІ).
Уақыт өте келе әлеуметтік жағдайы жақсарған қазақ диаспорасының
өкілдері жасөспірімдердің ата-бабасының әдет-ғұрпын білмей өзге тәрбиеге 
еліктеп, ой-өрісінің өзгеріске ұшырай бастағанын байқайды. Сол себепті
ақсақалдар бас қосып, жас ұрпақты қазақтың мәдениетімен, салт-дәстүрімен, 
тарихымен таныстыра отырып, тілге үйрету арқылы қазақы рухта тәрбиелеу, 
сондай-ақ қазақтардың өз арасындағы ынтымағы мен байланысын нығайту 


41 
мақсаттарында жоспарлар жасайды. Осының нәтижесінде Түркиядағы қазақ 
диаспорасының отырған жерлерінде бірқатар қоғамдық ұйымдар мен қорлар 
құрылады.
Қазіргі таңда Түркияда қазақ диаспорасы өкілдерінің күшімен 
құрылған Стамбулда «Қазақ түркілері қоры», «Яссауи қоры», «Шығыс 
Түркістан көші-қон одағы» «Гүнешлі қазақтары қоғамы», Маниса 
аймағындағы «Салихлы қазақтары қоғамы», Нигде аймағы Ұлұқышла 
ауданындағы «Алтай ауылы қазақ қоғамы», Кониядағы «Ісміл ауылы 
қазақ түркілері мәдениет және әлеуметтік жәрдем қоғамдары» жұмыс істеуде 
[41]. 
1960 жылдары құрылған «Шығыс Түркістан» қоғамына барлық түркі 
ұлтының өкілдері: ұйғыр, қырғыз, татар, қазақтар енді. Алғашқы кезде 
барлығы бірігіп өмірге қажетті сұраныстарды бірге көтеріп жүрді. Кейін келе 
әр үлттың өз талабы, өз сұранысы болғандықтан, оның үстіне өздерінің 
ұлттық дәстүрлі мәдениетін жастарға үйретуі үшін 1986 жылы «Қазақ 
түріктері қоры» деп бөлініп алады. Бұл қор қазақ тілін, мәдениетін, салт-
дәстүрін сақтау үшін құрылған еді.
«Қазақ түркілері қоры (Қазақ мәдениеті орталығы)» 1986 жылы 
мәдениет саласына бағытталып құрылған. Қордың басты мақсаты –қазақ
мәдениетін таныту, ата-баба дәстүрін сақтау, қазақтар арасында ынтымақты
күшейте отырып, жастарды тәрбиелеу үшін қазақ тілін, тарихын оқыту, 
қолөнерге баулу, музыкалық аспаптарда ойнау, ән айту, би билеуге үйрету 
және т.б. Ол үшін оқыту дәрісханалары жұмыс істейді. Оқыту шығындарды 
жабу үшін ақылы оқытылады. Бұдан басқа, қазақ тарихын зерттеу, қоғам 
мүшелері арасында әлеуметтік, мәдени және материалдық тұрғыда көмек 
көрсете отырып, тек Түркия қазақтарына ғана емес, қажет болса түрік 
азаматтарына да жәрдем беру тәрізді міндеттерді атқарады. Қордың қазіргі 
төрағасы Абдулуақап Қылыш қазіргі таңдағы Түркия қазақтары туралы 
былай деп сыр шертті: «Бүгінде өз күнімізді өзіміз көріп отырған жайымыз 
бар. Мемлекеттен көмек алмаймыз. Жұмыс істемесең бала-шағаны асырай 
алмай, аштан қаламыз. Бұрындары барлығымыз бірігіп завод-фабрикалар 
ашып, мысалы 60-70 қазақ бірігіп бірлесіп жұмыс жасайтынбыз. Қазақтарда 
тері, линолиум шығару (еден төсеніші) кәсіпкершілігі мен пластик заводтары 
көп болатын, жағдайымыз жақсы еді. Қазіргі кезеңде ондай шағын 
кәсіпкершілік те қалып барады. Себебі Қытайдан арзан заттардың келуі 
біздің тауарымызға деген сұранысты азайтып жіберді. Сондықтан бүгінде 
әркім өз қалауын жасайды», - деп әңгімеледі (8).
Әдетте Түркия қазақтары Ақсарайда, Нигде Алтайкөй, т.б. жерлерден 
өздері салған «Вакиф» қорының ғимаратында жиналады. Стамбулдағы 
Зейтінбұрын аумағындағы қордың бірінші қабаты дәріс беретін орын, екінші 
қабатында қордың басшысы отыратын кеңсе, үшінші, төртінші қабаты 
арнайы осындай дастархан жайып той, жаназаға жиналып отыратын орын. 
Әдетте үшінші қабатында әйелдер отырады, ал төртінші қабаты ер кісілерге 


42 
арналған. Сонымен қатар сол төртінші қабатта қазан-ошақ, тамақ пісіретін 
орын жасалған. 
Қордың негізін қалаушылардың және кезінде оны басқарған 
белсенділердің аты-жөндері: Дәуіт Ашықкөз, Мұхаммәди Қылыш, Абдулах 
Имрен, Яданхан Акай, Шеризат Доғру, Тоқтаубай Топлы, Аббаш Калкан, 
Кадир Хайдар, Жәми Аужы, Абдулжәлел Инан, Тоқтаубай Орхан, Мұрат 
Аксел, Құнанбай Нәзір, Сұлтан Мехмет, Сербест, Сыдықхан Ұлучай, Мәлик 
Шерефлі, Жәлел Абдулжәлел Кахруман, Ибрахим Мутлу, Абдулжәлел 
Гүлер, Шахмансур Дених, Мади Чалышкан, Зафер Селви, Өмір Жігіт, 
Ебуталип Чобаноглу, Илияс Саха, Дервиш Қылыш, Жұмали Зенгин, А. Уақап 
Қылыш [42]. 
Қордың қолдауымен жылына 4 рет «Арман» журналы шығарылады. 
Онда Қазақстан туралы, соның ішінде мәдениет саласында болып жатқан 
жаңалықтар жайында мақалалар жарияланады [27]. Осы «Арман» 
журналдың бастамасын салған қаламы ұшқыр, төртінші билік иесі
Түркиядан тұратын қандасымыз -Ертұрыл Ербаш. Қазіргі таңда Ертұрыл 
«Сабах» (SABAH) газеті жаңалықтар бөлімін басқарады. Сабах 1986 жылдан 
бері күнделікті шығып тұратын, Түркиядағы ең белді, оқырмандары мол 
басылымдардың бірі. Ертұрылдың басшылығымен 35 репортер, 2 редактор 
әлемнің түкпір-түкпірінде болған күннің басты жаңалықтарының ізін 
суытпай жариялап отырады. Сонымен қатар, ұлтжанды Ертұрыл атамекеннен 
жырақта жүрсе де, ол тарихи Отанындағы жағымды жаңалықтарды 
насихаттап жүреді. Ол «Қазақ түркілері қоғамы» қорының мүшесі, сондай-ақ 
жастар медиа директоры.
Жалпы, Түркиядағы қазақ қауымдастығы жанында қазақ тiлi мен дiн 
пәндерiнiң курстары, қайырымдылықпен айналысатын қор ашылып, тiптен 
жеке "Арман" атты журналда қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті жөніндегі 
мақалалар да жарияланып отырады. Осының барлығы болашақ ұрпағының 
ұлттық мәдени мұраларын ұмытпауы үшін жасалынып отырған тірлік деуге 
болады. Түрлi-түстi түрiк тiлiндегі журнал Қазақстан жаңалықтарын, әдет-
ғұрып, салт-дәстүр мәселелерiн қамтиды екен. Журналдың жалпы таралымы 
- 7500 дана. Оның 55 данасы Америка қазақтарына, тағы бiршама бөлiгi 
Германия, Бельгия, Францияда тұратын отандастарымызға таратылады. 
Түркиядағы қазақ қауымдастығының алғашқы төрағасының бірі Дәруiш 
Қылыш: "Бiз қазақша журнал шығаруға аса мүдделiмiз. Мұндағы түрiктер 
бiздiң түбiмiз бiр деп бiледi. Бiзде түрiкшеге аударылмаған кiтаптар өте көп 
қой. Тiптен, түрiктердiң өздерi қазақтың мәдениетi мен тарихын тануға 
құлықты болып отыр" — дейдi [33]. 
Мұндағы қазақтар журнал аясында Қазақстанның көрiктi жерлерiн 
насихаттауды да өзiне парыз деп бiледi екен. Бұл жөнiнде қазақ 
диаспорасының басшысы: "Қазiр әлемге қарасаңыз, дүние кiшiрейiп барады. 
Дамыған елдерге табаны тимеген адам кемде-кем. Сондықтан көпшiлiк: "Бiз 
бұрын-соңды ешкiм болмаған жерге барғымыз келедi" — демей ме?! Бұл 
мүмкiндiктi мүлт жiбермей, Қазақстанды әлемге паш ету керек қой. 


43 
Көкшетау, Бурабай, Оқжетпестi бiз әлi де туристерге таныта алмай отырмыз. 
Сондықтан шетелге шығатын Қазақстанның "Caspionet" кабельдiк 
телеарнасы арқылы Қазақстанның тарихи, мәдени, яғни туристiк жерлерiн 
неге насихаттамасқа?!" - дейдi [24].
Қожа Ахмет Яссауи қоры (1991 жылы құрылған), «Салихлы қазақ 
қоғамы», «Гүнешлі қазақ қоғамы», «Алтай ауылы қазақ қоғамы», «Ісміл 
ауылы қазақ түркілері мәдениет және әлеуметтік жәрдем қоғамы», «Жас 
қазақ» клубы біраз жұмыстар атқарып келеді. Бұлардың көпшілігі кіші-гірім 
қоғамдар. Бұлардан басқа да бірқатар қоғамдар ашылғанмен, кейін келе түрлі 
себептермен жабылып қалады. 
Сондай ақ 1996 жылы оннан аса шет елдерден келген қазақ диаспорасы 
өкілдерінің қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайында 
Стамбулда Қазақ мәдениеті орталығы ашылды. Ол қазақ халқының 
мәдениеті мен әдет-ғұрпын насихаттайтын және отандастар кездесетін 
орталыққа айналды. Сондай ақ, «Қазақ түркілері қоры» мен «Гүнешлі 
қазақтары қоғамы» Стамбулдағы Абай атындағы мектепті ашуда және Абай 
Құнанбаев пен Қабанбай батырға ескерткіш қою жұмыстарына үлкен үлес 
қосты. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Абай атындағы 
мектептің тұсауын кескен еді. Қазіргі таңда аталмыш оқу ордасында 1700 –
дей бала білім алып отыр. Оның 50-і қазақ балалары. Ыстамбұлдағы 
қазақтардың негізгі бөлігі -Зейтінбұрын ауданында шоғырланған. Сондықтан 
халқымыздың ұлы ақыны Абай есімі берілген көше мен мектептің дәл осы 
ауданда орналасуы заңдылық. Ал қандасымыз Ілияс Сака Зейтінбұрын 
ауданы әкімінің орынбасары қызметін көп жылдан бері атқарып келеді. Өз 
ісіне сенімділік, адал еңбек, халықты түсіне білу. Шетелде шенеунік болып, 
лауазымды қызмет атқарып отырған бауырымыздың өмірлік ұстанымы осы 
(ХІІІ). 
Түркиядағы қазақтардың сырттағы туғандарын іздеуіне байланысты 
өрісі кеңейіп, рухани мәдениетін жандандыруға мүмкіндік алды. Мәселен, 
Түркия қазағынан бірінші болып туыс іздеп Шынжаңға сапар шеккен азамат 
Құсайын Тәйжіұлы Мансұр 1979 жылы Кытай Халық Республикасына барып 
бүкіл Шынжаңды аралап өз туыстарын тапты әрі олардын жағдайын білді. 
Түркиядағы қазақтардын хабарын сондағы қазаққа жеткізді. Туыстарынан 
шамамен 50 жылдан кейін хабар алған Түркиялық қазақтардың Кытайға 
туыстық сапарлары жиіледі. 50 жыл бұрын тағдырдың тәлкегімен бір - 
бірінен айрылған туыстар қауышып, мәдени алмасулар көбейді. Қытайдағы 
қазақтар Түркиядағы қазақтармен салыстырғанда өзінің ана тілін жақсы 
сақтаған. Сондықтан жастар арасында ұмытылып бара жатқан ана тілі қайта 
жанданды. Сонымен қатар бір миллионнан астам Шынжаң қазағының әндері, 
күйлері мен кітаптары Түркиядағы қазақтардың ықыласына бөленді. 
Сондай ақ, тәуелсіздік алған жылдары қазақтар Қазақстанға жиі 
қатынаудың арқасында елден де ұлттық тілдегі әндер мен кітаптар ақындар 
айтысы және кинолар әкеліп халық арасына кеңінен таратты. Осы айтыстар 
жазылған видео магнет таспаларды әрбір қазақ отбасы көшіріп алып қызыға 


44 
тамашалады. Бұл әрекеттер де қазақ жастарының туған халқына Отанына 
деген сүйіспеншілік пен қазақ тілін білуге деген құштарлықты тудырды. 
Соның арқасында елге келіп оқығысы келетін жастардың саны артты деуге 
болады. Мәселен, 2007 жылы қарашада Стамбулдағы Бас консулдықтың 
көмегімен «Топкапы» қалалық саябағында «Қазақ мәдениет үйі» мен қазақ 
тілін үйрету орталығы ашылды. 2008 жылы ҚР БҒМ квотасы бойынша 
Түркиядағы қазақ диаспорасының екі өкілі Түркістан қаласындағы Қ.А. 
Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне дайындық 
кустарына оқуға жіберілген (VIII).
Міне,
осындай шаралар екі ел тарапынан 
да қолдау көріп отыр деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет